ДІНИ АХУАЛ
  • Тіркелу

Қазығұрт ауданы көлеміндегі діни ахуал туралы МӘЛІМЕТ

-        Аудан көлемінде діни ахуал тұрақты жағдайда. Ауыл округі әкімдері, ауыл иамдары және ұлттық қауіпсіздік қызметкерлерімен бірлесіп, діни ахуалға және оның даму жағдайына күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде.                                                                                                                                                            

Сонымен қатар аудандық қоғамдық саяси ахуалға әсер ететін жағдайлар бақылауда ұсталуда.                                                                                                                                               

Ауданға келіп, тіркеліп миссионерлік қызмет еткен жағдайлар орын алған жоқ. Керағар діни ағымдарының идеологиясын насихаттайтын үгіт баспа құралдарын тарату жағдайлары болған жоқ.  

-   Аудан көлемінде әрекет етуші 48 діни табыну орны бар, оның ішінде                 47-і ислам бағытындағы мешіт және 1-уі «Елуліктер» Толық Інжілінің Христиан шіркеуінің жергілікті діни бірлестігі Қазығұрт филиалы.  Сондай-ақ 9 - облыстық дін істері басқармасының есебіндегі намазханалар бар. Барлық діни табыну орындары (ҚМДБ –филиалдарына жыл басынан бері мешіттерге келушілер саны 5200 адам) бақылауда ұсталып, мониторинг жүмыстары жүргізілуде.

47 мешіт Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының филиалы, есебіндегі мешіттер. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы 47 мешітте 51 имам қызмет атқаруда, оның ішінде: жоғары білімді – 16 имам,  арнаулы орта – 11 имам, имамдардың білімін жетілдіру курсы – 24 имам өткен. Діни әдеби кітаптар сатылатын орындар жоқ.

-   Аудан әкімдігінің жанында «Діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ақпараттық насихаттық топ» халық арасында арнайы жоспарланған кестеге сәйкес насихаттық жұмыс жүргізіп келеді. Аталған топ мүшелері құрамында мемлекеттік қызметкерлер, ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары, теолог-дінтанушылар, үкіметтік емес ұйымдары мен БАҚ-ның  өкілдері жалпы  34 адам бар. Жалпы жыл басынан бері 154 жерде кездесулер өткізіліп, елді мекендер арасында – 42, мекемелерде – 12, білім беру мекемелерінде - 69, мешіттерде -24, «ЕВРОСКОН», «СИНХАЙДЕР» және «АМАНГЕЛДІ» ЖШС – қызметкерлері арасында -3 рет және жастар арасында – 4 рет кездесулер өткізіліп,  ол жерлерге қамтылған азаматтар саны 11550 адамды құрайды.

-   Аудан бойынша дін саласындағы ақпараттық сүйемелдеу медиа-жоспары құрылып, жыл басынан бері. Жергілікті газет беттерінде («Қазығұрт тынысы» қоғамдық-саяси газеті, «Киелі Қазығұрт» танымдық газеті, «Қазығұрт айнасы» тәуелсіз газеті) қоғамдық саяси газетіне 49-рет мақалалар жарық көрді.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша-12,деструктивті діни ағымдардың іс әрекетінен сақтандыру мақсатында-8, салт-дәстүр, әдеп-ғұрып тақырыбы бойынша-7,зайырлылық ұғымдарына қатысты-5, хиджаб мәселесіне қатысты-3, діни көзқарасқа байланысты екпе ектірмеу зардаптары туралы-5,басқа да мәселелер туралы - 9 мақала жарық көріп отыр.  

                                              

-   Діни сауаттылықты арттыру мақсатында – мешіттерге арнаулы орта діни білімді маман – мешіт имамы қызметіне тұру үшін «Сарыағаш» медресе-колледжі базасында мемлекеттік тапсырыс негізінде 2016 жылы 10 адам грантқа түссе, биыл       5 талапкер грантқа түсіп, оқуда. 

-   Аудан аумағындағы діни экстремизм және терроризмге қарсы, керағар діни ағымның алдын алу бағытындағы кездесулер мен жиындарға Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының облыстық өкілдері 4 рет келіп, жоғарыда аталған бағытта насихаттық шараларын жүргізді. Атап айтқанда Жаңабазар, Қазығұрт, Қызылқия, Қ.Әбдәлиев, атындағы ауыл округтеріндегі орталық мешіттерінде, кездесулер арқылы жергілікті халық арасында керағар діни ағымның зияндылығы мен олардың алдын алуы имамдардың халық арасында лауазымының беделін, абыройын көтеру жұмыстарына ықпал жасап, сұрақтарға жан-жақты жауаптарыноберді.                                                                                                                                 

   Жыл соңына дейін кестеге сәйкес кездесулер тұрақты өткізілетін болады. 

-   Үстіміздегі жылдың 18 мамыр күні аудандық терроризмге қарсы комиссия хатшылығының ұсынысымен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп,  діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен керағар діни ағымның зардаптары жайлы аудандық мәдениет сарайында мәдениет сарайының өнерпаздары сахналық көрініс көрсетіп, көрермендерге үлкен ой тастады. Сахналық көрініс басқа да ауыл округтеріндегі клубтарда қойылып, жалғасын тапты.

-    Аудан аумағында қоғамдық орындарда оның ішінде сауда орындарында төзімділікті, конфессиялық және этносаралық келісімді, Қазақстан бірлігін насихаттайтын флаерлардың жалпы саны 65 данасы ілінсе, Қазақстан Респбуликасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің экстремизм мен терроризмге қарсы кең ауқымды ақпараттық жұмысты жүйелі түрде жүргізу мақсатында әзірленген ақпараттық-түсіндіру парақтарын қоғамдық көліктерде, автовокзал, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, базарларда, оның ішінде сауда орындарында, мал базарларда, орталық емхана мен ауруханада, сауықтыру орталықтарында, білім бөліміне қарасты мектептерде, банктерде, кітапханаларда 300 дана парақшалары  таратылса, орталық кітапханада арнайы тақырыптық бұрыш ұйымастырылды.                      13 ауыл округтерінде көрнекіленген жерлерде 2х3 көлемде биллбордтар ілінді. Ал аудан орталығынан жоғарыда аталған тақырыпта облыстық дін істер басқармасынан келген ролик лэд экран арқылы насихатталуда. 

-   Жыл басынан бері Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі  кеңес отырыстары 2 рет өткізіліп, онда өзекті мәселелер талқыланған атап айтқанда: 2017 жылдың І-ші тоқсанында талқыланған мәселелері: 1. Дін саласында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы

1.     Қазығұрт, Қызылқия ауыл округі әкімінің дін саласын тұрақтандыру бойынша есебі, Аудандық ақпараттық-түсіндіру топтар жұмыстарына талдау

ІІ-ші тоқсанында талқыланған мәселелері 1. Аудан көлемінде білім және тәрбие беру орындарында діни экстремизм мен терроризмге қарсы діни экстремизм, терроризм, кереғар ағымдар мен секталардың іс-әрекеттерінің алдын алуды қалыптастыру бағытындағы жұмыстар және орамал тағатын қыздармен жасалған жұмыстар туралы /баяндамашы аудандық білім бөлімі басшысы, орамал тартатын мектеп оқушылары бар мектеп директорлары /;  

2. Қазығұрт ауданы көлеміндегі діни тұрақтылықты сақтау бағытындағы атқарылған жұмыстары жайлы 5 айлық есебі /баяндамашы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы/;  

3. Қазығұрт ауданы көлеміндегі діни тұрақтылықты сақтау, діни керағар ағымдарының алдын алу бағытындағы атқарылған жұмыстары жайлы 5 айлық есебі /баяндамашы аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы/;

 

Басты бет

Аудан

Билік

Мемлекеттік қызмет көрсету

Экономика

Сатып алулар

Қоғам

Жаңалықтар