РЕСПУБЛИКА ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
  • Майдангерлерді марапаттады

    Майдангерлерді марапаттады(05.05.2016ж)

     

    Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 71 жылдығы қарсанында аудан әкімі Төлеген Телғараев майдангерлердің жанұясында болып, мерейлі мерекемен құттықтап, сый-сияпат жасады. Алғашқылардың бірі болып, екі майдан ардагері, ауданның төбе биі, 94 жастағы Иса Телікбаев ақсақалдың отбасына барып, өзімен жүздесті.

     Соғыс майданда көрсеткен ерлігі үшін «Отан соғысы», ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, «Ленинград қорғағаны үшін», «Германияны женгені үшін» медальдарының иегері.

    Еңбек майданындағы еңбегі де елеусіз емес. «Ерен еңбегі үшін», «Құрмет» ордендерінің иесі атанған.

    Бүгінгі таңға жасының үлғайғанына қарамастан ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, өсіп келе жатқан жастарды отан сүйгіштікке баулып келеді. Өзінен тараған 6 перзенттен 17 немере, 16 шөбере сүйіп отырған бақытты ардагер.

    Осындай жылы жүзді жүздесулер Тұрбат ауылының тұрғыны, соғыс ардагері, 1920 жылы туылған Егемберді Рахымжановтың, 1923 жылы туылған, соғыс ардагері Әкімбай Жұмабаевтың жанұяларында да жалғасты.

     

    Майдангер ардагерлер ел басына күн туған ауыр күндер жайлы, соғыста жасаған ерліктері жөнінде әңгіме қозғап, еңбектері мен ерліктерін ескеріп, елеп сый-сияпат жасаған үшін аудан әкімі Т.Телғараевқа ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.

     
  • Құттықтау

     

    Бірлігіміз нығая берсін!

    Қымбатты отандастар!

    Қадірменді бауырлар!

     

                 «Тілі бірдің тілегі бір, жүзі бірдің жүрегі бір» дегендей, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер!

                 Өздеріңізге мәлім, Кеңес Одағы кезінде бұл күн Ынтымақ мерекесі ретінде аталып келген. Кейіннен кеңестік дәуір ыдырап, әрбір мемлекет өз тәуелсіздігін алғаннан соң бұл мерекенің мәні өзгерді. Бірқатар мемлекеттер бұл күнді мереке ретінде атауды да қойды.

                 Бірақ, осы тұста Ұлтымыздың көшбасшысы, тұңғыш Президент Н. Ә. Назарбаев көрегендік танытып, Қазақ елінде ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан 140-тан астам ұлттар мен ұлыстардың ынтымағына сызат түсірмей, олардың бірлігі мен достық қарым-қатынасын нығайта түсу үшін арнайы Жарлығын шығарып, бүкілхалықтық мерекелі күн етіп белгіледі.

                 Биыл ерекше жыл. Еліміз тәуелсіздік алғанына 25 жыл толады. Осы кезең аралығында ата-бабаларымыз көксеген арман-мұратына жеттік. Барша қазақтың басы бірікті. Осылайша еншісі бөлінбеген бір тұтас бейбіт елге айналдық. Жердің киесі, елдің иесі екенімізді әлем елдеріне таныттық.

                 Елімізде мекен еткен этнос өкілдерінің жауапкершілігін сезіндіріп, ұлыстың ұйытқысына айналдық. Биыл тұңғыш рет Алғыс күні аталып өтті. 1 наурыз - Алғыс күні деп белгіленуі тегін емес. Өйткені, тағдыр тәлкегіне түсіп, ел-жұртынан безініп, Қазақ елінен пана тауып, өніп-өсіп, ұрпақ өрбіткен түрлі этнос өкілдерінің бірлігі мен ынтымағы берік қазақ ұлтына деген шынай құрметі мен сыйластығынан туындаған мерейлі күн болды.

                 Бұл, шынтуайтына келгенде, түрлі ұлт өкілдерінің бірін-бірі сыйлауы мен құрметтеуі, өзара қарым-қатынаста достық рәуіште тұрмыс кешуі, яғни, ұлттар бірлігіне қызмет етері сөзсіз.

                 Оның нақты дәлелі, киелі де, қасиетті ауданымызда 16 ұлт пен ұлыстың өкілдері өзара ынтымақта ғұмыр кешіп келеді. Айта кетсем, Тұрбат ауылында тұратын тұрғындардың басым көпшілігі өзбек ұлтынан. Онда өзбек мәдени орталығы тұрақты жұмыс жасап, қазақ пен өзбек ұлтының өзара достық қарым-қатынастарын нығайта түсуге қызмет етіп келе жатқандығы көңілге қуаныш ұялатады.

    Құрметті жерлестер!

                  Біздің баршамыздың Отанымыз бір! Ол – Тәуелсіз Қазақстан! Ол біздің ең қымбат, ең асыл құндылығымыз! Дана халқымызда «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі бар ел озар» деген ұлағатты сөз бар. Біз тыныштық арқылы тұрақтылыққа, татулық арқылы тұтастыққа қол жеткіздік. Бүгінгі ел бірлігі мерекесі күнімен қазығұрттықтарды шын пейілден құттықтап, баршаңызға бейбіт өмір, жанұяларыңызға бақ-береке тілейміз!

     

    Т.Телғараев,

      аудан әкімі.                                                                     

     

     
  • Аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы ауданның халық қалаулылырымен кездесті.

     

    Аудан әкімі  Төлеген Тұртайұлы ауданның халық қалаулылырымен кездесті. Депутаттар өз сайлаушылыры мен ауылдың тыныс тіршілігімен проблемаларында сөз етті. Төлеген Телғараев ауданның тініс тіршілігімен танысу үшін жоспар құрып елді мекендерді аралып шығуын тілге тиек ете отырып іс-сапар кезінде барлық ауылдардың депутаттары бірге жүруге шақырды

     
  • Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев алғашқы іс сапары

     Қазығұрт ауданының әкімі  Төлеген Телғараев алғашқы іс сапарын аудан ақсақалдырының батасымен бастады. Алдымен орталықтағы Ардагерлер үйіне барып Төбе би, ардагерлер кеңесінің алқа мүшелерімен сұқбаттасып ақ сақалдар батасын берді. Содан соң Төлеген Тұртайұлы Қақпақ ауылында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. «Нұр Асыл»  Ербол Әбеновтың 54 соттық жылы жайымен танысты, ауыл әкімдік бойынша екі гектерға жуық азаматтар жылы жайдан напақасын табуда. Аудан басшысы сонымен қатар әлеуметтік нысандармен танысты 2015 жылы толық кұрделі жөндеуден өткен Мәдениет ғимаратымен Қызылтаң мектептің тініс тіршілігімен танысты. Қақпақ елді мекеніндегі Ұлттық қордан  салынып жатқын   Жалпы құны 493,849 млн теңге  300 орындық мектеп 2015 жылы басталып 2016 жылдың тамыз айында ел игілігне тапсыратын болады.  Мердігер «Құрылыс» ЖШС  мекемесіне саплы құрлыс жасауда нықтап тапсырды. Қарқын 2030 ЖШС 300 бас мал бордақылау алаңымен ет өнімдерін қайта өңдеу цехының жұмыстарына оң бағасын беріп мемлекет тарапынан қандайда көмек болса жәрдем беретінін тілге тиек етті. 60 соттық егілген Лимон жылы жайыда болып, одан әрі кеңейтуге ықпал жасауға көмек беретінін де айтылды. Содан соң Қызылқия ауылында ьорналасқан Амангелді ЖШСинтнесивті технологияны пайдалану мақсатында бау-бақша дақылдарын 500 гектарға жеткізіпті. Сонымен қатар 200 тонналық соңғы үлгідегі тоңызытқышқа Тұқым бақтан алынған көшеттері сақтауында аудан басшысы аралап көрді.

     

     

     

     
  • Қазығұрт ауданының әкімі лауазымына Төлеген Тұртайұлы Телғараев тағайындалды.

    Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және Қазығұрт аудандық мәслихатының келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Қазығұрт ауданының әкімі лауазымына Төлеген Тұртайұлы Телғараев тағайындалды.

    Т.Т. Телғараев 1973 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы – инженер-механик, экономист-қаржыгер.

    Еңбек жолын 1990 жылы Шымкент автокөлік кәсіпорынның құрылыс ауласының бетоншысы ретінде бастаған. Мемлекеттік қызметті өткеруді

    1997 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы аумақтық жекешелендіру комитеті мемлекеттік акция пакеттер және мемлекеттік қатысу үлесі бөлімінің бас маманы лауазымында бастаған. 2004-2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншік департаменті жалға беру және жекешелендіру бөлімінің бастығы, осы облыстың қаржы департаментінің мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті еңбек рыногы және квоталау бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы департаменті директорының орынбасары лауазымдарын атқарған.

    2008 жылдың қараша айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы

    Қаржы басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет етіп келді.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі