ХАБАРЛАНДЫРУ
  • Тіркелу

    Көшеге атау беру туралы

                 «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14  бабының 4) тармақшасына сәйкес халық пікірін ескере отырып Оңтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы  қорытындысы негізінде Алтынтөбе ауылы округі әкімі

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Алтынтөбе ауылы округі, Қарабау елді мекенінің №2 көшесіне Ащы-Қарабау атауы берілсін.

2. «Алтынтөбе ауылы округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкім шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазығұрт ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін

                3. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.

                4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Алтынтөбе ауылы округі әкімі:                                                         А.Жидебаев

 

 

ХАБАРЛАНДЫРУ