ХАБАРЛАНДЫРУ
  • Тіркелу

Аудан әкімі Т.Телғараевтың

жылдық есебінің жобасы

 

Құрметті жиынға қатысушылар!

 

Аудан көлемінде атқарылған негізгі көрсеткіштерге қысқаша тоқталуға рұқсат етіңіздер!  

Бюджет саласы бойынша

(1-слайд) 2017 жылға аудан бюджетінің жалпы көлемі                 16765,0 млн. теңге болып бекітіліп, бюджетті нақтылау барысында                     2 272,40 млн. теңгеге артты, жылдық жоспар 19 037,4 млн. теңгені құрады.

Ішкі кірістер бөлігінің жоспары 1531,3 млн. теңге болса, нақты орындалғаны 1572,9 млн. теңгені құрап, жоспар 102,7 пайызға орындалды.

Жылдық бюджеттің шығыс бөлігінің жоспары 19037,4 млн. теңге болса, нақты 19 029,0 млн. теңге немесе 99,96 пайызға игерілді. Игерілмеген қаржы 8,4 млн. теңге.

***

(2-слайд) Жалпы өңірлік өнім 2017 жылдың 11 айында 88,4 млрд. теңгені құрады.  Ауданға жалпы 2017 жылдың 11 айында 14914,3 млн. теңге инвестиция тартылып,94,6 пайызды құрады.

(3-слайд) Бүгінгі таңда Индустриялдық аймақта жалпы 12,36 гектар жерге 1,9 млрд. теңгелік, 154 жаңа жұмыс орнын құрайтын 7 жобаға жер телімі берілген. Одан: «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы» аясында құны 120,0 млн. теңгелік 1 жоба іске асып, 12 жұмыс орны ашылды. («Отырабат-құрылыс» ЖШС-ның «Газоблок өндірісі» жобасы).

 

(4-слайд) Сонымен қатар, Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасынан тыс екі жалпы құны 480,0 млн.теңгелік 2 жоба іске қосылды. («Salem Consulting» ЖШС-ның су электр станциясы, ЖК Г.Бейсебаеваның кондитерлік өнімдер өндіру цехы).

 

(5-слайд) Ауданда бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп кәсіпорындар саны 17.  Одан: 2 орта, 15 шағын кәсіпорындар.

2017 жылдың 11 айында өнеркәсіп кәсіпорындарымен 6725,5 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 105,3 пайызды құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 798,4 млн.теңгеге артық өнім өндірілді. Бұл көрсеткіштерге жетуде Елбасымыздың «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы, ауданымызда ашылған индустриалдық аймақтың үлесі мол. 

Негізгі басымды бағыттардың бірі инвестиция тарту болып табылады. 2017 жылдың 11 айында бюджеттік емес жеке инвестиция көлемі 6420,8 млн. теңге болып, жылдық жоспар 121,1 пайызға орындалды.

 

Шағын және орта бизнес.

(6-слайд) 2017 жылға шағын 30 жоба іске қосылып, 253 адам жұмыспен қамтылып отыр. (Сауда орталықтары, азық түлік дүкендері, балабақшалар, медицина орталығы, жиһаз дүкені, техникалық жөндеу орталығы, монша және т.б.).

Нәтижесінде, 2017 жылдың 11 айында субъектілер саны 7332 болып, 105,3 пайызға өскен. Осы бағытта 11372 адам жұмыспен қамтылған. Олардың өндірген өнім көлемі 41 921,1 млн.теңгені құрап, 474,7 млн.теңге бюджетке қосымша салық түсірілді.

Кәсіпкерлік саласын дамытуға барлық қаржы ұйымдарынан 5628 тұлғаға 3143,8 млн. теңге несие қаржы берілді. Негізгі басым бағыты – ауыл шаруашылық саласы.

 

(7-слайд) Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында облыспен түзілген үш жақты келісімге сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасымен 12 жобаға қолдау алу жоспарланса, жыл қорытындысымен 13 жоба мақұлданып, 65 жұмыс орны ашылды.

(Жалпы «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ғимаратына келген 1900 тұлғалаөз қажеттіліктеріне қарай көмек көрсетілді).

***

Ауданымыз аграрлы екенін ескере отырып, ауыл шаруашылығының дамуына ерекше назар аударылуда.

Егіс көлемін ұлғайту, иесіз жерлерді игеру, заманауи технологиямен тамшылатып суғару әдісін кеңінен енгізу, жылыжай және қарқынды бау егу, мал басын асылдандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Ауыл шаруашылық саласы жоспарлы жүргізілуі тиіс, сондықтан ауданымыздың жоспары бекітілген болатын. Сол жоспардың орындалуына тоқталсам.

(8-слайд) Есепті жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі  28 794,6 млн. теңге болып, нақты көлем индексі 89,8 пайызды құрады.Өнім көлемінің жоспары, нақты көлем индексі 13,2 пайызға кем орындалды.Себебі 2016 жылмен салыстырғанда көкөніс, картоп, бақша кем егіліп, өнімдері кем алынған. Биылғы жылы бұл көрсеткішті 103 пайызға көтеру бойынша жоспар әзірленіп, ауыл әкімдері мен шаруа қожалықтарымен жұмыстар атқарылуда.

(9-слайд) Егіс көлемі 86 176,6 гектарды құрады.

(10-слайд) Суармалы 13500 гектар жердің 100 пайызы игерілді. (11-слайд) Өткен жылы дәндік жүгеріден 3479,4 тонна, көкөністен 10013,4 тонна, бақшадан 3056,4 тонна, картоптан 5310,0 тонна, масақты дақылдардан 90 845,6  тонна өнім жиналды.

Бидайдың орташа өнімділігі 23,0 центнерді құрап, өнім алынды.

(12-слайд) Тамшылатып суғару әдісі қосымша 600 гектарға  ендіріліп, жалпы көлемі 2459 гектарға жетті.

(13-слайд) Жылыжайлар қосымша 29 гектарға ұлғайтылды. Осы жылыжайлардан 24,4 мың тонна көкөніс өнімдері жиналды.

(14-слайд)Жыл басынан фермерлерге «Ырыс» және «Береке» қаржыландыру ұйымдары арқылы төменгі пайызбен 100 жобаға 287,9 млн. теңге несие берілді.

***

 «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», «Жұртшылық табынға асыл тұқымды бұқа» бағдарламаларымен 2223 мал басы сатып алынды.

(15-слайд) 2017 жылы ауданда 367 ірі қара мал бордақылау алаңдарында 9023 бас мал бордақыланып, 14590 тонна ет өндірілді.

Шағын жанұялық сүт фермаларын ашу бойынша бүгінгі таңға 91 бірлік ашылып, жоспар 100,0 пайызға орындалды.

(16-слайд) Мал басы: ІҚМ басы 66 200 бас, қой-ешкі 307477 бас, жылқы 28444 бас құрады.

Мал өнімдері: ет 16 511,1 тн. сүт 51 862,4 тн. жұмыртқа 6658,0 мың дана өндірілді.

 

 (17-слайд) 2016  жылы  19 АШК ашылса, 2017 жылы меже              7-АШК құру, бүгінгі күнге 21 АШК құрылды,  яғни бұл бағытта жұмыстар өз деңгейінде.

 

Жалпы ауыл шаруашылық саласында 2017 жылы Үш-жақты келісім бойынша 31 индикатордың 8 көрсеткіші толық орындалмады.       Ағымдағы жылғы шаруалардың ерен еңбегіне орай, яғни астықтың көлемі 38 918,2 гектардан орташа өнім әр гектарынан 23,0 центнерден келіп, жалпы 89 511,8 тоннаны құрап, облыс бойынша «Астық өндіру-2017» номинациясы бойынша І-орын алып отырмыз. Мақсары дақылын игеруде 17056,9 гетар егіліп, әр гектарынан 10 центнерден өнім болып, 17056,9 тонна өнім алынды. Соның нәтижесінде ауданымыз облыс бойынша «Мақсары өндіру-2017» номинациясы бойынша ІІ-орынды иеленді.  Жеміс-жидекте 1165,8 гектар өнім беретін алқаптан әр гектарынан 100 центнерден өнім алынып, жалпы 11658 тонна жеміс-жидек және жүзімнен 415,3 гетар алқаптан әр гектарынан 155 центнерден өнім алынып, жалпы 6437,2 тонна өнім жиналды. Аталған жұмыстардың нәтижесінде «Жеміс-жидек өндіру-2017» номинациясы бойынша ІІ-орынды және «Ауыл шаруашылығы саласында кооперация ұйымдастыру -2017» номинациясы бойынша ІІ-орынды алып отырмыз.

Жоғарыдағы 8 көрсеткіштерді және 2018 жылдың жоспарын сапалы орындау мақсатында төмендегі жұмыстарды атқарамыз:

- Ұсақ шаруашылықтарды ауыл шаруашылық кооперативтеріне ірілендіру

- Жер өңдеудің озық технологияларын пайдалану

- Тамшылатып және жамбырлатып суару технологияларын пайдалану

- Жылыжай, кіші мал бордақылау және сүт фермаларын көлемін көбейту

- Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өндеуді дамыту.

 

 

***

(18-слайд) Білім беру саласы бойынша

Жалпы 72 мектеп, 13 мемлекеттік, 52 жекеменшік-мемлекеттік әріптестік балабақша жұмыс атқаруда.

2017-2018 оқу жылында 27621 оқушы білім алуда.

ҰБТ қорытындысы бойынша ауданның орташа балы 81,0-ді құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 5,2 балға жоғарылап, облыс бойынша 4-ші көрсеткішті иеленді.

2017 жылы жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 69 мектепке 66000,0 мың теңгеге 204 дана мультимедиялы кабинет жабдықтары алынды.

9 мектепке 9 «Робототехника» жинағын   51,4 млн. тенгеге алынды.  Аудан бюджетінен 3 мектеп жанындағы интернаттарға ыдыс-аяқ, қатты, жұмсақ заттар, спорттоварлар, гигиеналық жуыну бөлмесінің заттарын алуға -19,7 млн. теңге, террористік тұрғыдан осал обьектілердің беріктігін қамтамасыз ету үшін  33,5 млн. теңгеге 60 мектепке сапалы талаптарға жауап беретін бейнекамералар алынды.

Білім мекемелерінде «Мектепке жол» қамқорлық акциясы  аясында  аз қамтылған отбасынан шыққан 470 оқушыға 3,2 млн теңгенің киімдері  мен оқу құралдары алынды. 

 

«Балапан» бағдарламасын орындау мақсатында мектепке дейінгі мекемелердің желісі ұлғайтылуда. 2016 жылы 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту индикаторы бойынша 5885  бала қамтылып, 82,7 % орындалса, 2017 жылы жаңа орындар бойынша 30 жаңа мемлекеттік жекеменшік- балабақша ашылып,-3-6 жас аралығындағы 8770  баладан мектепке  дейінгі  тәрбиемен  оқытуға барлығы 7676 бала қамтылып, 87,5% құрады.

2625,5 млн. теңгеге 5 мектеп 2017 жылы пайдалануға берілді. Оның ішінде:

Ұлттық қордан 2436,0 млн. тенгеге 4 мектеп.

Аудандық бюджеттен 189,5 млн. теңгеге 1 мектеп.

Сондай-ақ, 2017 жылы Ұлттық қордан 690,3 млн. теңгеге 1 мектептің құрылысы басталды, 2018 жылы пайдалануға беріледі.

Аудандық бюджеттен 792,0 млн. теңгеге 1 мектеп, 1 саз мектебігің құрылысы жүргізілуде.

11 білім беру мекемелерің газбен қамтамасыз ету құрылысына 66,1 млн. теңге қаралып, пайдалануға берілді.

Құрылыс саласының жұмыстарының сапасы мен уақытылы орындалуы, жұмыстарды жоспарлау аудан әкімшілігі тарапынан қатаң бақылауда.

3 мектеп, 3 балабақшаны газбен қамтамасыз етуге 9,7 млн. теңгеге ЖСҚ әзірленуде.

Халық саны 5000 дейінгі 11 елді мекенге 10,5 млн. теңгеге егжей-тегжей жоспары әзірленді.

***

Денсаулық сақтау саласы

Аудан халқына 56 емдеу мекемесі амбулаториялық емханалық және 1 аудандық, 4 ауылдық аурухана қызмет көрсетеді.

(19-слайд) 2017 жылы диспансерлік есепте тұратын науқастарға тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 194,3 млн. теңгеге тегін  дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілді.

Басты бағыт ана мен бала денсаулығын қорғау болып табылады. Осы мақсатта жүйелі тұрде  ана өлімін, нәрестелер өлімін болдырмау көрсеткішін барынша төмендетуге арналған іс-шаралар атқарылды.

2017 жылы 1 жасқа дейінгі нәрестелер өлімі өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға төмендеген. Ана өлімі 1 ол 37,8 пайызды құрап  отыр.

Қаң айналу жүйесінің  өлім көрсеткіші 0,1 пайызға, онкологиялық ауруларының өлім көрсеткіші 0,1 пайызға жоғарлаған.

Денсаулық сақтау саласының әр бір көрсеткішін төмендету бойынша профилактикалық алдын алу шаралары атқарылатын болады.

***

Спорт саласы

(20-слайд) Ауданда дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындар саны 29177 адамға жетіп отыр. Бұл аудан халқының 27,5 пайызын құрайды.

Жалпы спорт  нысандарының саны 314-ке жетті.

Салауатты өмір салтын қалыптастыруда өткен жылы 415 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 27596 адам тартылды.

Жыл басынан аудан спортшылары чемпионаттар мен біріншіліктерге қатысып, 39 алтын, 72 күміс, 124 қола медальға қол жеткізді. Спортшыларымыз бокстан, ушу-саньдадан Республика чемпионы және спорттың самбо түрінен Азия чемпионы атанды.

Қазығұрт е.м қарасты «Болашақ» мөлтек ауданынан 210 орынға арналған денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына облыстық бюджеттен 398,8 млн. теңге қаралып, 2017 жылға 100 млн. теңге қаралып, құрылыс монтаж жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес жұмыс жүргізілуде. Нысан 2018 жылға өтпелі.

 

 

***

Мәдениет және тілдерді дамыту бойынша

2017 жылға бекітілген 872 мәдени-рухани көпшілік іс-шаралар жоспарының басым көпшілігі Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау бағытында ұйымдастырылып, өткенін атап өтуге болады.

2017 жылы ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардың және ауылдық кітапханалардың материалдық-техникалық базасын жаңғырту, жақсарту үшін аудан бюджетінен 24,5 млн теңге қаржы бөлінді.

2017 жылы Шанақ ауылы округінде орналасқан «Ақжар» ауылдық мәдениет клубы,  Қ. Абдалиев ауылы округінде орналасқан «Еңбекші» ауылдық мәдениет клубы және Алтынтөбе ауылы округінде орналасқан «Алтынтөбе» ауылдық мәдениет клубына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудан бюджетінен 102 млн қаржы бөлініп, «Ақжар», «Алтынтөбе» ауылдық мәдениет клубтарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. «Еңбекші» ауылдық мәдениет клубына күрделі жөндеу жұмысы 2018 жылы жылға өтпелі. Сондай-ақ, аудандағы 8 мәдениет нысанына жылу жүйелерін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін аудан бюджетінен 14,0 млн теңге қаржы бөлініп, тиісті жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалды. «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» МКҚК-ны үш тілде аудан тұрғындарын оқытып келеді.

 

***

(21-слайд) Жұмыспен қамту саласы

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 3935 азамат әлеуметтік қолдаушараларымен қамтылып, жылдық жоспар 127,0 пайызға орындалды. Жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрайды.

2017 жылы 2 рет жәрмеңке өткізіліп, барлығы 91 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналастырылды.

732 азаматтар демалыс орындарына жіберілсе, оның ішінде 313 мүгедек азаматтартегін демалды.

Мұқтаж мүгедектерді қол арбалармен қамтамасыз ету үшін аудан бюжетінен 6,0 млн. теңгеге 73 қол арба және облыстан 30 қол арба алынып, өтініш берген мұқтаж жандар қоларбамен толық қамтамасыз етілді. 

 

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 77 маманға 12,2 млн. теңгеге көтерме жәрдемақы, 45 маманға 153,2 млн. теңгеге тұрғын үй сатып алуға жәрдемақы берілді.

 

***

Халықты қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда.

(21-слайд)Аудан бойынша 64 елді мекеннің бүгінгі таңға 42 елді мекені ауыз су құбырымен қамтылған, оның ішінде 18 елді мекенге ауыз су тұрақты, қалған 24-не кестемен берілуде.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 4 елді мекендегі ауыз су жүйелеріне107,1 млн. теңгеге, аудандық бюджет есебінен 82,7 млн. теңгеге 6 елді мекендердегі ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

***

(22-слайд) Жолдарды жақсарту мақсатында 2017 жылы аудандық бюджет есебінен 669,5 млн. теңге қаржыға ұзындығы – 67,7 шақырымды құрайтын 32 кірме жол мен елді мекендер көшелеріне орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 Республикалық бюджет есебінен «Ақбұра» бұлақ көзіне баратын автомобиль жолы (5 шқ.) 388,8 млн. теңгеге қайта құру жұмыстары жүргізілді.

Облыстық бюджет есебінен 1 Мамыр-Аққұм елді мекендері аралығындағы автомобиль жолын (10,1 шқ.) 565,9 млн. теңгеге күрделі жөндеу және Қ.Әбдалиев а/о Аманкелді елді мекеніне кірме автомобиль жолы (16,4 шқ.) 254,5 млн.теңгеге орта жөндеу жұмыстарынан жүргізілді.

***

(23-слайд) Газдандыру жұмыстары бойынша 64 елді мекеннің бүгінгі таңға 35 немесе 54,6 пайызы табиғи газға қосылған. Қазіргі таңда құрылысы аяқталған 10 елді мекенге табиғи газ қосу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы аудан бойынша 45 елді мекен табиғи газ жүйесімен  қамтылып, 70,3 пайызды құрайтын болады.

 

***

Аудан бойынша 64 елді мекеннің 63 елді мекені, 99,8 пайызы  электр энергиясымен қамтамасыз етілген. Өгем елді мекені халық саны аз болып, экономикалық жағынан тиімсіз болғандықтан электр энергиясымен қамтамасыз етілмеген.

 Аудан көлеміндегі  электр энергиясының қуаты жетіспейтін көшелерге 12 нысанның жобалық сметалық құжаттамаларын әзірлеуге аудандық бюджеттен 37 млн. теңге қаржы бөлініп,  7 нысанына жобалық сметалық құжаттамалары дайындалуда.

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің  2015-2019 жылдарға арналған,  Қазығұрт ауданындағы электр жүйелерінің құрылысын жүргізу, жаңғырту, қайта құру және техникалық қайта жабдықтау шығындарының БАҒДАРЛАМАСЫ бойынша 2017 жылы төмендегі жұмыстар атқарылды, оның ішінде:

2017 жылы аудан көлемінде 114,6 млн. теңгеге                                     8 трансформатор,  35,5 шақырым электр желісі мен 1174 дана электр бағаналарын ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

***

(24-слайд) Қазығұрт е.м қарасты «Болашақ» мөлтек ауданынан 2 қабатты 16 пәтерлі 4 тұрғын үй құрылысына облыстық бюджеттен  460,4  млн. теңге қаралып, 2017 жылға  179,0 млн. теңге бөлінсе, өндірістік кестеге сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Нысан 2018 жылға өтпелі.

(25-слайд) Аудан орталығының «Болашақ» мөлтек ауданның инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысына 2016 жылы Ұлттық қордан 578,0 млн. теңге, 2017 жылы Республикалық бюджеттен 366,3 млн. тенге қаралып, облыстық бюджеттен 104,9 млн. теңге қоса қаржыландырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілді.

(26-слайд) Аудан көлемінде аббаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Қазығұрт елді мекеніндегі Д.Қонаев көшесінің бойындағы скульптуралық композицияларды және Батыр бабалар аллеясын   23,0 млн. теңгеге, Отбасы аллеясын 40,7 млн. теңгеге және Қазығұрт елді мекеніне кіре беріс арканы 17,0 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, халық игілігіне берілді.

Қазығұрт елді мекеніндегі Д.Қонаев көшесінің бойын 20,0 млн. теңгеге шарбақтармен (штакетник) қоршау жұмыстары жүргізілді.

Демеушілер есебінен барлық ауыл округтерінің кіре берістеріне демалатын орын (беседка) және балалар ойын алаңшалары, спорт ойын алаңшалары (street workaut) орнатылу жұмыстары ұйымдастырылуда.

 

***

(27-слайд) Қоғамдық кауіпсіздік бойынша

Есепті мерзім ішінде аудандық ішкі істер бөліміне 5525 арыз-шағым тіркеліп, тиісті процессуалды шешімдер қабылданған. Жүргізілген жедел іздестіру, қылмыстың алдын-алу шаралары нәтижесінде, есепті кезеңде ауыр және аса ауыр қылмыстардың саны 20-дан 23-ге өсті, сонымен қатар бұзақылық 72,2 пайызға төмендесе, тонау мүлдем орын алмаған. Жасөспірімдер арасында 2016 жылы 3 қылмыс орын алса, 2017 жылы 4 қылмыс тіркеліп отыр.

Дегенмен, мал ұрлығы 2016 жылы 68 жағдайға орын алса, 2017 жылы 95 жағдай орын алып, 39,7 пайызға өскен. Малұрлығының 35,8 пайызы халықтың малдарын жайлымға бос қойып, қараусыз қалдыруынан орын алып отыр. Бұл күрделі мәселе бойынша жергілікті полиция қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен ақсақалдары, ауыл әкімдері бірлесіп жұмыс атқаруда.

 

Құрметті аудан тұрғындары!

 

2017 жылы атқарылған жұмыстардың есебін аяқтай келе, 2018 жылы атқарылатын жұмыстарға қысқаша тоқтап кетге рұқсат етіңіздер.

(28-слайд) Жоспарымызға сәйкес көріп тұрғандарыңыздай 2018 жылы ауданымыздың жалпы бюджеті 17 070,7 млн. теңгеге бекітілді.Оның ішінде:

1. Бюджеттік инвестиция 2 856,9 млн. теңгеге қаралды.

2. Күрделі жөндеу жұмыстарына 1 641,1 млн. теңге жоспарланды.

3. Материалдық техникалық базаны нығайтуға 393,6 млн. теңге қаралды.

4. Тұрақты шығындарға 12 180,1 млн. теңге жұмсалады. оның ішінде: айлық жалақы қорына 8 500,0 млн. теңге бағытталды.

(29-слайд) Ауданымыз «Батыс-Қытай- Батыс –Еуропа» дәлізі бойында орналасуын тиімді пайдалану мақсатында «Кемеқалған – Ақбура – Ысмайыл ата - Өгем» туристік маршруттарын белгіленді.

 

(30-слайд) Осы орайда ауданның шекарасының кіреберіс жағында орналасқан «Кемеқалған» монументің қайта жаңғыртудан өткізілуде. Ал Ақбура әулие кесенесіне баратын 5,0 шақырым жол құрылысы аяқталып, кесенеге баратын аяқ жолдары мен күмбезі жөндеуден өткізіліді.

 

(31-слайд) Ауданымызда балалардың жазғы демалысымен қамтамасыз ету мақсатында «Қазығұрт» туристік сауықтыру базасы» 1200 бала демалса, қосымша 2017 жылы таулы аймақтан 100 балаға арналған «Мейіржан» сауықтыру лагерін ашылып, 5 ауысымда 500 бала демалды. Алдағы уақытта балалар лагеріне қолайлы орындарды анықтап, жеке инвесторларды тарта отырып заманауи демалыс аймақтарын соғу жұмыстары қолға алынатын болады.

 

(32-слайд) «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында алдағы уақытта Қазығұрт тауы аймағында «Қазығұрт-Кемеқалған» туристік тарихи-мәдени кешені бой көтеретін болады.

Бүгінгі таңда Қазығұрт тау бөктерінен 6 гектар жер телімі белгіленіп, электр қуатын, су және газ құбырларын жеткізу бойынша құжаттары әзірленуде.

Құрметті жиынға қатысушылар!

 

Алдағы уақытта Елбасы саясатын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік және аумақтық бағдарламаларды мерзімінде, әрі сапалы орындауға және Қазығұрт ауданы тұрғындарының әлеуметтік-мәселелелерін шешуде аудан әкімдігі барлық мүмкіндіктерді толық пайдаланатын болады.

 

 

 

            Тыңдағандарыңызға рахмет!

ХАБАРЛАНДЫРУ