Жаңалықтар
  • Тіркелу

Кәсіпкерлердің назарына!

Сіздерге, Қазығұрт ауданы Шарапхана ауыл округіне қарасты Майлыошақ елді мекенінен 40 гектар жер теліміне Индустриялдық аймақ (одан әрі - Аймақ) құрылғанын хабарлаймыз.

Аймақтың инфрақұрылымы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жүргізіліп, бүгінгі таңда қажетті инфрақұрылыммен электр желісі, табиғи газ, асфалть жол, су, телефон байланысыменқамтамасыз етілген.

Аймақта 7 жоба орналасып, оның 1 жобасы «Lotus Food Company L.L.C.» ЖШС-ның «Тез әзірленетін тағамдар» өндірісі жұмыс жасауда, ал қалған жобалардың құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы аяқталуы жоспарлануда.

Бүгінгі таңда, Аймақта бос жер телімдері бар болғандықтан, жобаны жүзеге асыруға неиет білдірген тұлғалар жер телімімен және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетін болады.

Осыған байланысты, құрылғанАймаққа өндірістік жобаларыңызды (Құрылсы материалдарын өндіру, Полиэтилен тұрбаларын шығару, Металлопластиктен есік-терезелер жасау, Темір бетон бұймдары, Іргетас блоктары, Тратуар тақталарын өндіру, Ағаштан түрлі бұйымдар жасау, Ет және сүт өнімдерін өңдеу және жеміс-жидек, көкөніс өңдеут.б жобаларды)ұсынуға болатынын назарларыңызға жеткіземіз.

Ол үшін, кәсіпорынның құрылтай құжаттарының көшірмесімен жобаның бизнес жоспарын әзірлеп, аудандық кәсіпкерлік бөліміне келіп кеңес алуға шақырамыз.

 

Байланыс үшін: Аудандық кәсіпкерлік бөлімі;

Мекен жайы: Д.Қонаев көшесі №2д үй, «Кәсіпкерлік мектебі» ғимаратының 2 қабаты, тел: 2-15-42, 2-17-19 хабарласуға болады.