Жаңалықтар
  • Тіркелу

Майдангерлерді марапаттады(05.05.2016ж)

 

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 71 жылдығы қарсанында аудан әкімі Төлеген Телғараев майдангерлердің жанұясында болып, мерейлі мерекемен құттықтап, сый-сияпат жасады. Алғашқылардың бірі болып, екі майдан ардагері, ауданның төбе биі, 94 жастағы Иса Телікбаев ақсақалдың отбасына барып, өзімен жүздесті.

 Соғыс майданда көрсеткен ерлігі үшін «Отан соғысы», ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, «Ленинград қорғағаны үшін», «Германияны женгені үшін» медальдарының иегері.

Еңбек майданындағы еңбегі де елеусіз емес. «Ерен еңбегі үшін», «Құрмет» ордендерінің иесі атанған.

Бүгінгі таңға жасының үлғайғанына қарамастан ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, өсіп келе жатқан жастарды отан сүйгіштікке баулып келеді. Өзінен тараған 6 перзенттен 17 немере, 16 шөбере сүйіп отырған бақытты ардагер.

Осындай жылы жүзді жүздесулер Тұрбат ауылының тұрғыны, соғыс ардагері, 1920 жылы туылған Егемберді Рахымжановтың, 1923 жылы туылған, соғыс ардагері Әкімбай Жұмабаевтың жанұяларында да жалғасты.

 

Майдангер ардагерлер ел басына күн туған ауыр күндер жайлы, соғыста жасаған ерліктері жөнінде әңгіме қозғап, еңбектері мен ерліктерін ескеріп, елеп сый-сияпат жасаған үшін аудан әкімі Т.Телғараевқа ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.