Жаңалықтар
  • Тіркелу

 

 

 Елбасының қолдауымен қабылданған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы елімізде денсаулық сақтау саласын әлемдік стандарт талаптарына сай дамытуға серпін берді. Оны біздің аудан өмірінен де айқын аңғаруға болады. Аудандық ауруханалар мен емханалар үздіксіз жаңа аппараттар мен құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Ауыл-аймақта жаңа ғимараттар, медпункттер, дәрігерлік амбулаториялар салынып кезең-кезеңімен берілуде.    

  Өткен сәрсенбі күні Тұрбат ауыл округіне қарасты Өндіріс елді мекенінен  (халық саны-703)  жаңадан Таң медициналық пунктінің ашылу рәсімі болды. Бұл ғимаратты салуға облыстық бюджеттен 28796,0 мың теңге қаржы бөлінген. Мердігер «Еркін сенім» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын сәуір айында бастап, толық аяқтаған.  

   Қақпақ ауыл округіне қарасты Заңғар елді мекенінен  (халық саны-885)  жаңадан Заңғар медициналық пунктінің ашылу рәсімі болды. Бұл ғимаратты салуға облыстық бюджеттен 32 631,0 мың теңге қаржы бөлінген. Мердігер «Жансері» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын сәуір айында бастап, толық аяқтаған.

  Сондай-ақ үстіміздегі жылы 7 медициналық ғимарат жаңадан ашылды. Олардың қатарында Шанақ ауыл округіне қарасты Ызабұлақ ауылынан, Тұрбат ауыл округіне қарасты Еңбек елді мекенінен фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып пайдалануға берілді.     

  Барлығы сәні мен салтанаты келіскен жаңа ғимарат медициналық құрал-жабдықтармен толықтай қамтылған.

Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Б.Қыстауов, аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұлов, аппарат жетекшісі А.Қожахан тиісті ауыл округі әкімдері Е.Исақұлов, Б.Шорабаев және ауыл билері мен еңбек ардагерлері қатысты.  Ақ жаулықты әжелер ұлттық дәстүрімізбен шашу шашты. Жиналған қауым ел ағаларына ризашылық білдірді.