wrapper

Жаңалық

Сенбі, 13 Қазан 2018 00:00

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС

Written by 
Rate this item
(0 votes)

Қазығұрт ауданы әкімінің

2017 жылғы 6 қыркүйектегі 

№247 өкімімен бекітілген

    Сыбайлас жемқорлыққа

    қарсы стандарт туралы

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10 бабының 2 тармағына сәйкес ӨКІМ ЕТЕМІН:

1. «Қазығұрт ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты осы өкімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін

2. Осы өкімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Р.Тұрғынбековке жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі                                                     Т.Т.Телғараев

 

 

 

 

 

 

«Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

1. «Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (одан әрі – Аппарат) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10 бабының 2 тармағына сәйкес әзірленіп, аппараттың мемлекеттік қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық (іс-қимыл) ережелерін белгілейді.

2. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін асырған кезде аппараттың мемлекеттік қызметкерлеріне:

1) лауазымдық өкілеттігін орындауға байланысты жеке мақсатында азаматтар мен заңды тұлғалардың қызметін пайдалануға;

2) өзі қызметте тұрған, не өзіне тікелей бағынысты немесе бақылауындағы мемлекеттік органда үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл болуға;

3) кәсіпкерлік және өзге де табыс табумен байланысты әрекетті жүзеге асыруда кімге болса да, Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылмаған кез-келген жәрдем көрсетуге;

4) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен беру көзделген ақпаратты негізсіз беруден бас тартуға немесе оны кешіктіруге, дұрыс емес немесе толық емес ақпарат беруге;

5) жеке және заңды тұлғалардан, Қазақстан Республикасының заңнамасымен осы тұлғалар беру көзделмеген, ақпараты талап етуге;

6) жеке және заңды тұлғаларға, олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға кедергі келтіруге;

7) кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу өкілеттіктерін, сондай-ақ оған бақылау жасау және қадағалауды осындай қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларға табыстауға;

8) өзінің мемлекеттік немесе оған теңестірілген функцияларын орындағаны үшін, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше көзделмесе, тұлға тиісті функцияларды орындамайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан кез келген ақша, көрсетілетін қызмет және өзге де түрдегі сыйақы қабылдауға;

9) өзінің мемлекеттік немесе оған теңестірілген функцияларын атқаруына байланысты мемлекеттік қызметшілер мен оған қызметі бойынша тәуелді өзге де адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызметі бойынша қолдау көрсеткені үшін сыйақы немесе көрсетілетін қызмет қабылдауға;

10) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың жеке сипаттағы мәселелерін шешу кезінде ықпал ету үшін қызметтік жағдайын пайдалануға тыйым салынады.

3. Өз құзыретінің шеңберінде басқару және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде аппараттың мемлекеттік қызметкерлеріне:

1) шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсетуге;

2) лауазымдық өкілеттігін орындауға қатысы жоқ және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен нұсқаулар беруге;

3) өзінің немесе жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу кезінде өзінің лауазымдық өкілеттіктерін пайдалануға;

4) мемлекеттік қызметке түскен және жоғарлаған кезде заңда көзделмеген артықшылықтар (тамыр-таныстық, жекжаттық) беруге;

5) мүдделердің шиеленесуіне жол беруге тыйым салынады, ал олар туындаған жағдайда заңнамаға сәйкес оларды жою бойынша шаралар қабылдау қажет.

4. Нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындаған кезде:

Аппарат қызметкерлерімен әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобалары Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілері туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 10 қазандағы №568 «Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы», №569 «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы» Қаулыларына сәйкес болуы тиіс.

5. Өзге де қарым-қатынастар кезінде:

1) заңда ол үшін тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік белгіленген теріс қылықтар және өзге де құқық бұзушылықтар жасалуына жол бермеу;

2) іскерлік этикет пен ресми мінез-құлық ережелерін сақтау;

3) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік этика нормаларын бұзушылықтарға жол бермеу немесе өзге де жөніндегі шараларды қабылдау;

4) ұжымда әріптестерінің абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін олардың жеке және кәсіби қасиеттерін талқылаудан аулақ болу;

5) басшылардың тапсырмаларын орындау барысында тек обьективті және анық мәліметтердә беру.

6. Аппараттың мемлекеттік қызметкерлері:

1) Қазақстан халқынының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуі, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүріне құрметпен қарауы;

2) адал, әділ, қарапайым болуы, жалпы жұрт қабылдаған моральдық-этикалық нормаларды сақтауы, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы;

3) олар қабылдаған шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуі;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын қабылданған шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етуі;

5) мемлекеттік мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеуіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруы;

6) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін көтеруі, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйым салуларды сақтауы;

7) өз іс-әрекеттерімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға алу үшін емес себеп бермеуі, сын үшін құдалауға жол бермеуі, сыңдарлы сынды кемшіліктерді жою және өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануы;

8) шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауы;

9) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуі, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалануы;

10) қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауы, өзінің қызметтік міндеттерін адал, әділ және сапалы атқаруы, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануы;

11) мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұрауларына толық сүйене отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауы;

12) құжаттардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуі, жоғалу, бұрмалау (жалған құжат жасау) мүмкіндігін болдырмауы, құжатты орындамау және бір құжатты қайта орындау, орындамай негізсіз қайтаруды болдырмау тиіс;

13) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде мемлекеттік қызметшінің сыртқы түрі мемлекеттік аппаратының беделін нығайтуға ықпал етуі, жалпыға бірдей қабылданған іскерлік стильге сәйкес болуы тиіс, ол ресмилігімен, ұстамдылығымен, ұқыптылығымен өзгешеленеді.

 


Түркістан облысындағы Қазақстан Республикасының

2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға

арналған іс-шаралар жоспарын Қазығұрт ауданында

іске асыру туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына,«Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 мамырдағы №309 қаулысына, Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 03 тамыздағы№226 қаулысын іске асыру мақсатындааудан әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Түркістан облысындағы Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған                          іс-шаралар жоспарын Қазығұрт ауданында іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары(бұдан әрі – Жоспар) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 

2.Ауыл, ауылдық округтерінің әкімдеріжәне дербес бөлім басшылары заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) жоспарды іске асыру бойынша шаралар қабылдасын;

2) жоспарда көзделген мерзімде ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.  

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.А.Тұрсынқұловқа жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі                                                     Т.Т.Телғараев

 

 

 


Қазығұрт ауданы

әкімдігінің 2018 жылғы

«28» тамыздағы №59

қаулысына қосымша

 

Түркістан облысындағы Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған                          іс-шаралар жоспарын Қазығұрт ауданында іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Орындауға

жауаптылар

Орындау мерзімдері

Қаржыландыру көздері

1.

Заңнамалық актілерді:

1) жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезектіліктің бірыңғай тізілімін  енгізу;

2) жер участкелерінің нысаналы мақсаттарын өзгерту рәсімдерін  оңтайландыру бөлігінде жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу

талдау нәтижесімен аудан әкімі аппаратына ұсыныс

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі,

ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері

2019 жылғы

20 сәуірден кешіктірмей

талап етілмейді

2.

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы және шектеулер мәселелері бойынша талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу және кейіннен мүдделер қақтығысы мен этикалық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және реттеу бойынша практикалық оқу құралдарын әзірлеу

практикалық оқу құралдарын әзірлеу

Аудан әкімінің аппараты, персоналды басқару жөніндегі

(кадр қызметі) бөлімшесі,

ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері

жыл сайын 1 желтоқсаннан кешіктірмей

талап етілмейді

3.

Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі  консультативтiк-кеңесшi органдарының отырыстарында сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салалардың (құқықтық статистика деректері және әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын тыңдау

Аудан әкімі аппаратына ақпарат

Аудан әкімі аппаратының заң бөлімшесі

(дербес бөлім басшылары,

ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері)

жыл сайын, жарты жылда 1 рет

талап етілмейді

4.

Әдістемелік ұсынымдарды әзірлей отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына мониторинг жүргізу

Аудан әкімі аппаратына ақпарат

Аудандық ішкі саясат бөлімі

 

2019– 2020 жылдардағы

1 наурыздан кешіктірмей

талап етілмейді

5.

Орта білім беру ұйымдары басшыларының оқушылардың ата-аналары ұжымының алдында, оның ішінде орта білім беру ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесулерін өткізу

есеп беру кездесуін өткізу (хаттама, фото сурет)

аудан әкімі аппаратына ақпарат

Аудандық білім бөлімі,

ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері

жыл сайын,

30 сәуірден кешіктірмей

талап етілмейді

6.

ҮЕҰ арасында қоғамдық бақылауды  күшейтуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру нәтижесімен аудан әкімі аппаратына ақпарат

Аудандық ішкі саясат бөлімі,

 

жыл сайын,

30 сәуірден кешіктірмей

бюджеттік бағдарлама шеңберінде аудандық бюджетте кезделген қаражат шегінде

7.

Жастар ұйымдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің оқу-тәрбие процесіне тарта және қоса отырып, жастар арасында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту

жұмыс жоспарын бекіту

аудан әкімі аппаратына ақпарат

Аудандық ішкі саясат бөлімі

 

2018 жылғы 31 тамыздан

кешіктірмей

талап етілмейді

8.

Көрнекті ғалымдардың, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, қоғамдастықтың басшылары мен өкілдерінің сөз сөйлеулерін көздей отырып, сондай-ақ олардың сыбайлас жемқорлық профилактикасы және оған қарсы күрес мәселелері бойынша брифингтерге, интернет-конференцияларға, телевизиялық бағдарламаларға және «тікелей желілерге» қатысуын қамтамасыз ете отырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында БАҚ-та кең ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру

насихаттау жұмысын ұйымдастыру жөніндегі жоспар, БАҚ-та мақалалар, сұхбаттар жариялау нәтижесімен аудан әкімі аппаратына ақпарат

Аудандық ішкі саясат бөлімі,

ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері

2018-2020 жылдардағы 31 мамырдан кешіктірмей

талап етілмейді

9.

 «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының өңірлік слеттерін өткізу

Аудан әкімі аппаратына ақпарат

Аудандық білім бөлімі

 

2018 – 2020 жылдардағы

30 тамыздан кешіктірмей

талап етілмейді

10.

БАҚ өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта үздік журналистік жарияланымдарға конкурстар өткізу

конкурс өткізу нәтижесімен аудан әкімі аппаратына ақпарат

Аудандық ішкі саясат бөлімі

 

жыл сайын,
20 маусымнан кешіктірмей

бюджеттік бағдарлама шеңберінде аудандық бюджетте кезделген қаражат шегінде

11.

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша әлеуметтік аудио-, бейнероликтерді әзірлеуді көздеу және оны трансляциялауды қамтамасыз ету 

бейнероликтерді әзірлеу және трансляциялау нәтижесімен аудан әкімі аппаратына ақпарат

Аудандық ішкі саясат бөлімі

 

жыл сайын

бюджеттік бағдарлама шеңберінде аудандық бюджетте кезделген қаражат шегінде

12.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік деңгейін айқындау бойынша әлеуметтанушылық зерттеулерді жүргізу

Аудан әкімі аппаратына ақпарат

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

және ішкі саясат бөлімі,

ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері

жыл сайын

бюджеттік бағдарлама шеңберінде аудандық бюджетте кезделген қаражат шегінде

13.

Арнайы мониторингтік тобының Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жүргізуін қамтамасыз ету

талдау жүргізу нәтижесімен аудан әкімі аппаратына ақпарат

Дербес бөлім басшылары,

ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері

жыл қорытындысы бойынша жыл сайын,

1 ақпаннан кешіктірмей

талап етілмейді

14.

Халық тарапынан сыртқы бағалауды алу және қоғам пікірін есепке алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылу барысы туралы есептерді БАҚ-та, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сайтында жариялау

Аудан әкімі аппаратына ақпарат

Аудандық ішкі саясат бөлімі,

ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері

жыл қорытындысы бойынша

жыл сайын,

15 наурыздан кешіктірмей

талап етілмейді

15.

Еңбек шарттарын жасаспай қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілерге шаралар қабылдаумен мониторинг жүргізу

 Аудан әкімі аппаратына ақпарат

Дербес бөлім басшылары,

ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері

жартыжылдық қорытындысы бойынша

10 қаңтар мен 10 шілдеден кешіктірмей

талап етілмейді

16.

Іс-шараларды жоспарлау мен іске асырудың барлық кезеңдерінде бюджетті қалыптастыруға қатысушыларды жауапкершілікке тарту мен жауапкершіліктің аражігін ажыратудың тиімді тетігін құру мәселесін бойынша ұсыныс енгізу

Аудан әкімі аппаратына ұсыныс

Аудандық экономика және қаржы бөлімі,

ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері

2018 жылғы
1 желтоқсаннан кешіктірмей

талап етілмейді

17.

Ірі сауда объектілерінің (дүкендердің, сауда үйлерінің) құрылысын инвестициялық артықшылықтар берілетін экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қосу мәселесі бойынша ұсыныс енгізу

Аудан әкімі аппаратына ұсыныс

Аудандық кәсіпкерлік бөлімі,

ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері

2018 жылғы
1 желтоқсаннан кешіктірмей

талап етілмейді

18.

Квазимемлекеттік сектордың ашықтығын арттыру мақсатында, оның ішінде тауарды немесе көрсетілетін қызметті егжей-тегжейлі сипаттай отырып, тендерді ұтып алған тұлға, баға туралы толық ақпаратты, сондай-ақ өндіруші туралы ақпаратты жариялау жолымен оның сатып алу тетігін жетілдіру бойынша ұсыныс енгізу

Аудан әкімі аппаратына ұсыныс

Дербес бөлімдер (Аудандық экономика және қаржы бөлімі,

аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі,

аудандық білім бөлімі, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі,

 аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, аудандық ветеринария бөлімі)

2018 жылғы
1 желтоқсаннан кешіктірмей

талап етілмейді

19.

Сыбайлас жемқорлық заңнамаларын, қызметтік әдеп ережесі мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша видео-роликтер (түсіндірмелер) түсіру және оларды интернетте жариялау

Аудан әкімі аппаратына ақпарат

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімшесі және ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімшесі,

аудандық ішкі саясат бөлімі

Жыл сайын

бюджеттік бағдарлама шеңберінде аудандық бюджетте кезделген қаражат шегінде

20.

Аудандық баспа БАҚ-да мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда арнайы айдар ашып апта сайын мақалалар жариялау

жарияланған материалдар бойынша аудан әкімі аппаратына ақпарат

Дербес бөлім басшылары,

ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері

Жыл сайын

бюджеттік бағдарлама шеңберінде аудандық бюджетте кезделген қаражат шегінде

21.

Жергілкті атқарушы органдарының бірінші басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы авторлық мақалаларының БАҚ-да жариялануын қамтамасыз ету

жарияланған материалдар бойынша аудан әкімі аппаратына ақпарат

Дербес бөлім басшылары,

ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері

Жыл сайын әр тоқсанның соңғы айының 25-не дейін

бюджеттік бағдарлама шеңберінде аудандық бюджетте кезделген қаражат шегінде

22.

Әлеуметтік сыртқы жарнама арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған баннерлер, плакаттар әзірлеу және орналастыру

Аудан әкімі аппаратына ақпарат

Аудандық ішкі саясат бөлімі,

ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері

Жыл сайын

бюджеттік бағдарлама шеңберінде аудандық бюджетте кезделген қаражат шегінде

23.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы аудио және бейнероликтерді  қоғамдық орындарда трансляциялау

Аудан әкімі аппаратына ақпарат

Аудандық ішкі саясат бөлімі

Жыл сайын

бюджеттік бағдарлама шеңберінде аудандық бюджетте кезделген қаражат шегінде

24.

Қоғаммен кері байланысты орнату мақсатында барлық жергілікті атқарушы органдардың сенім телефондары көрсетілген ақпараттық жадынамаларды мекемелердің баршаға көрінетіндей жерлеріне орналастыруды қамтамасыз ету

Аудан әкімі аппаратына ақпарат

Дербес бөлім басшылары,

ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері

Жыл сайын

талап етілмейді

25.

Жергілікті атқарушы органдарының мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

талдау нәтижесімен облыс әкімі аппаратына ақпарат

Аудан әкімі аппаратының заң бөлімшесі

Бекітілген кестеге сәйкес

талап етілмейді

26.

Жиі кездесетін кемшіліктерді ұйымдарда талқылау тәжірибесін енгізу

талдау нәтижесімен ұсыныс аудан әкімі аппаратына ақпарат

Дербес бөлім басшылары,

ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері

Жыл сайын жарты жылда 1 рет

талап етілмейді

 


 

Read 550 times Last modified on Дүйсенбi, 15 Қазан 2018 12:30

Пікір қалдыру

Make sure you enter the (*) required information where indicated. HTML code is not allowed.

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 55 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Төлеген Тұртайұлы Телғараев 1973 жылы туылған, ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/