wrapper

Жаңалық

   «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Е-R-4 санаты бойынша

жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

      жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Е-G-3 санаты бойынша

жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

      жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

Е-R-4

73265

99103

Е-G-3

69903

94148

 

 

 

 

 

 

І.Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты.

160300, Қазығұрт ауыл округі, Қазығұрт елді мекені, Д.Қонаев көшесі №95 үй, кабинет 305. Анықтама үшін телефон: 8(725-39)2-12-50, тел/факс 8(725-39) 2-15-85, эл.пошта

1.Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, автомобиль жолдары мен жолаушылар көліктерін және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын, мемлекеттік сатып алу жұмыстары секторының бас маман есепшісі  -«Е-R-4» санаты бойынша - 1 бірлік

 

Функционалдық міндеттері: бөлімнің және әкімшілік бағдарламалар бойынша есеп-қысап жұмыстарын жүргізу, бюджеттік төлқұжатын дайындау, бөлім қызметкерлерінің уақытылы еңбек ақы, іс сапар шығындарымен қамтамасыз етуге, мекеме мүліктерінің сақталуына жауаптылық және мекеме басшысы бұйрығымен бекітілген міндеттерді орындау. Бөлім қызметкерлерін қызмет бабында пайдаланатын кеңсе заттарымен және компьютерлерге қажетті құрал-жабдықтармен  қамтамасыз етеді. Бөлімдегі қызметкерлердің жұмысқа қатысуы жайлы табелін жүргізеді. Мемлекеттік меншіктің сақталуын және бөлінген бюджет қаражатының игерілуін қамтамасыз етеді. Іс-номенклатураны бекіту бойынша жұмыстар атқарады және есеп – қисаптың іс-номенклатурасында көрсетілген құжаттарды мерзіміне қарай дұрыс жүргізіп отыруға және сақталуға жататын құжаттардың тізбесін жасайды. Бөлінген қаржыларға байланысты атқарылған жұмыстардың құжаттарын Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес қабылдайды, оның орындалуын қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (қаржы, несие, есеп және аудит, экономика және бизнес) мамандықтары бойынша.

 

2 Тұрбат ауылы округі әкімі аппаратының бас маман – жер инспекторы (Е-G-3  санаты бойынша) - 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: ауыл округі бойынша жер көлемін анықтап, жер құнарлығын арттыруды жүзеге асыру және оны тиімді пайдалануына ықпал жасап, есебін жүргізу. Ауыл округі бойынша егілген дақылдардың ақпарын жинап, агроқұрылымдардың шаруашылық кітабын жүргізіп, есебін жасау. Ауыл округінің әкімі тарапынан берілген тапсырмаларды тиянақты орындау. Жерге қатысты жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз-шағымдардың мерзімінде тіркеліп, қаралуын, айлық, тоқсандық, жылдық есебін жүргізу.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары,

мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:  

 

1)      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)  тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім

           Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

             Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

          Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

      Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

       Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік орган – «Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты»  ғимаратында  әңгімелесуден (орналасқан жері: Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы, Қонаев көшесі №95 үй) өтеді.

          Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

          Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

          Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

           Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.

           Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

   Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің сайты: www. kyzmet.gov.kz

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының сайты: www.uko-kazigurt. kz

 

 

Конкурсқа қатысу үшін өтініш  нысаны

 

Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені__________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және

орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

______________________________________________________________

Мекен-жайы және байланыс телефоны   _______________________________

______________________________________________________________

 (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Төлеген Тұртайұлы Телғараев 1973 жылы туылған, ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/