Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ
ауыл округі, Шарбұлақ елді
мекенінің шекарасын өзгерту
туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 5- тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, ауданның ауылшаруашылығы және жер қатынастары мен құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысы негізінде Қазығұрт ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазығұрт аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауыл округі, Шарбұлақ елді мекенінің шекарасы 346,21 гектарға ортақ пайдаланудағы мал жайылымы 36,6 гектар жері қосылып, елді мекеннің аумағы 382,81 гектарға ұлғайтылып өзгертілсін.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы:
Аудан әкімі:
Аудандық мәслихат
хатшысы: