wrapper

Жаңалық

Сарыағаш ауданында өткен жылы өндірілген жалпы өнім көлемі 144 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 1,3 пайызға артқан. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Әбдуалиев мәлімдеді.

Бұдан өзге, ауданда былтыр белсенді шағын және орта субъектілер саны 13,6 мың бірлікті құрап, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 2018 жылы 244,2 млн. теңгеге 7 жоба іске асырылған.

«Индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы шеңберінде жалпы құны 450 млн теңгені құрайтын 1 инвестициялық жоба кәсіпкерлік қолдау картасына енгізілді. Жалпы құны 450 млн. теңге болатын жобаны іске 2019 жылы асыру жоспарлануда. Сондай-ақ, құны 220 млн. теңге болатын "макарон өнімдерін өндіру цехын құру" бойынша 1 жобаны 2019 жылы іске асыру межеленуде. Жаңадан 25 адам жұмыспен қамтылады», - деді аудан әкімі.    

Сонымен қатар, ауданға өткен жылы барлығы 21,1 млрд теңгенің инвестициясы тартылған. Биыл өңірге 23 млрд. теңгенің инвестициясын тарту межеленуде.

Туризм саласында аудан бойынша 30 емдік сауықтыру, 1 балалар шипажайы, 1 балалар сауықтыру лагері, 1 гольф клубы, 20 қонақ үй қызмет көрсетеді. 2018 жылы туризм саласы бойынша жалпы құны 491 млн. теңгені құрайтын 4 нысан іске қосылды. Ашылған жұмыс орын саны - 80 адам. 2019 жылға жалпы құны 280 млн. теңге құрайтын 5 нысанды іске қосылып, 110 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Аудандағы ауыл шаруашылығындағы өндірілген өнім көлемі 2018 жылы 58,5 млрд. теңгені құраса, 2019 жылы 59 млрд. теңгеге жеткізу межеленуде. 2018 жылы қайта айналымға қосылатын суармалы жер көлемі 504 гектарға жетсе, биыл 88,8 шақырым құрайтын 12 нысанды жөндеуден өткізіп, қайта айналымға қосылатын суармалы жер көлемі 924 га құрайтын болады.

Сарыағаш ауданында 2018 жылы барлығы 9,6 млрд. теңгеге 80 нысанның құрылыстары жүргізілген. Оның ішінде 34 жаңа нысанның құрылысы пайдалануға берілді. Ал ағымдағы жылы 56 әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізу жоспарлануда.

Пікір қалдыру

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 71 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Төлеген Тұртайұлы Телғараев 1973 жылы туылған, ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/