wrapper

Жаңалық

       Егінге алғашқы орақты қазығұрттық шаруалар салды
       Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазығұрт ауданындағы астық ору науқанымен танысты. Аймақ басшысы дәнді-дақыл егумен айналысатын «Айқожа» өндірістік кооперативінің жұмысымен танысу барысында астықты төкпей-шашпай жинап алу басты міндет болып тұрғанын атап өтті.
«Биылғы жылы жалпы облыста 233 мың гектардан астам жерге масақты дақылдар егілген. Оның 191 мың гектары бидай болса, 42,5 мың гектары арпа. Бүгінде облыста осы алқаптардан 26,5 мың тонна арпа мен бидай жиналып отыр. Ауыл шаруашылығы басқармасының алдын-ала жасаған болжамдық есебі бойынша егілген дәнді дақылдардың әр гектарынан 16 центнерден, яғни 374 мың тонна өнім жинау күтілуде. Сондықтанда мол жиналған астықтан шаруалар тиісті қаражатын табуы үшін астықты сақтау, дер кезінде экспортқа шығару қажет», — деді Ж.Түймебаев.
1998 жылы құрылған қожалықтың меншігінде 2500 гектар егістік жер бар. 16 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған кооперативте егістікке арналған техниканың барлық түрі бар. Аталған ұжым өткен жылы 76 млн. теңгенің өнімін өндірген. Мәселен, өткен жылы 2700 тонна бидай өнімін, 320 тонна мақсары, 450 тонна арпа жинаған.

Пікір қалдыру

We have 110 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Төлеген Тұртайұлы Телғараев 1973 жылы туылған, ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/