wrapper

Жаңалық

ҚАЗЫҒҰРТТАҒЫ ЖАҒДАЙ БАҚЫЛАУДА

2019 жылдың 6 маусымында Қазығұрт ауданы, Қ.Абдалиев ауыл округінде нөсер жаңбыр жауды. Дәлірек айтсақ, Қыдыр Мәмбетұлы ауылында сағат 16.00-де бұршақ аралас жаңбыр жауып, тұрғындарды әбігерге салған. 

20-25 минуттай уақытта сай-саладан аққан судың деңгейі Қазығұрт-Шымкент бағытындағы асфальт жолдан асып өткен. Осындағы Қ.Сатыбалдиев көшесі бойындағы 4 үйге, 100 орындық балабақшаның 3 бөлмесіне және 10 қосалқы қора жайлардың ауласынан су ағып өткен. 

Аталған оқиға болған жерге аудан, ауыл әкімдіктері, құқық қорғау органдары мен төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері жедел жетіп, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Қалпына келтіру және судан тазалау жұмыстарына төтенше жағдай қызметкерлері мен ауыл тұрғындарынан құралған 60 адам жұмылдырылды. 4 техника мен 2 су соратын насос қолданылып, судан тазартылды. Арық-атыздар да тазаланды. 

Адам және мал шығыны жоқ. Тұрғындар Қазығұрт жалпы орта мектебіне орналастырылып, жатын орындармен қамтылды. Оларға 10-нан астам орын әзірленген. Тұрғындар азық-түлікпен қамтамасыз етілді. 

Бүгінде арнайы құрылған комиссия келген шығынды анықтау бағытында жұмыс атқарып жатыр. Жергілікті әкімдік тарапынан тұрғындарға толық қолдау көрсетілуде. Екі-үш күн көлемінде баспаналар қалпына келтіріліп, тұрғындар үйлеріне оралады деген сенім бар. 

Пікір қалдыру

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 118 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Төлеген Тұртайұлы Телғараев 1973 жылы туылған, ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/