wrapper

Жаңалық

Аудан әкімі Т Телғараевтың 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесіне арналған құттықтауы.

Құрметті ардагерлер мен тыл еңбеккерлері! Қымбатты жерлестер!

  Сіздерді қасиетті де қастерлі мереке – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл – сұрапыл соғыстың бітіп, екінші дүниежүзіліктің жеңіспен аяқталғанына 74жыл толды. Бұл – жанқиярлық ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген ерекше күн. Жеңіс күні – тарих төрінен орын алатын ұлы мереке.Сіздердің ерліктеріңіздің арқасында біз бүгін бейбіт өмір, бақытты тұрмыс кешудеміз. Бейбіт аспанымыздың астында қуатты мемлекет құрып, болашаққа сеніммен қараймыз.Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен өңірлеріміздің гүлденуі де – осынау Ұлы Жеңістің арқасында мүмкін болып отыр. Қасиетті қазақ топырағынан аттанған екі миллионға жуық ұлдар мен қыздар Ұлы Отан соғысына қатысты. Миллиондаған адам «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деген ұранмен бел шешпей еңбек етті.Шартарапты шарпыған Ұлы Отан соғысы, әрбір шаңыраққа, әрбір азаматымыздың жүрегіне қаралы ізін қалдырмай қоймады. Бүгінгі таңда, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің 8-і ғана көзі тірі, ортамызда жүр.  Бүгінде, ардагерлеріміз біз үшін – тек жауынгерлік ерлігімен ғана емес, өмірлік өнегесімен де қымбат жандарға айналды. Олардың өшпес ерліктері ұрпақтар жадында мәңгі сақтала беретін болады. «Елі барда – ерінің аты өшпейді»,- демекші, аға ұрпақтың жауынгерлік рухы өскелең ұрпақ үшін елжандылықтың ерен үлгісі болмақ. Уақыт өткен сайын ол асқақтай береді. Баршаңызды достық пен ерлік, бауырластық тәрізді ұлағатты ұғымдармен ұштасқан Жеңіс күнін әрдайым есте сақтауға шақырамын.

Пікір қалдыру

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 63 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Төлеген Тұртайұлы Телғараев 1973 жылы туылған, ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/