wrapper

Жаңалық

Кеше Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Қазығұрт ауданында жұмыс сапарымен болды. Онда алдымен «Аманкелді» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Қожалықтың жер көлемі – 2322 гектар. Өндіретін өнім түрлері – I, II және III репродукциялы бидай тұқымы мен жеміс-жидек өнімдері. Онда 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Тамшылатып суару әдісімен 405 гектар алқапқа жеміс-жидек егіп отыр. Атап айтқанда, 150 гектарға – алма, 88 гектар жерге – шабдалы, 31 га – шие, 94 га – алхоры, 25 га – өрік, 17 га – алмұрт, 120 га – тайфый сортындағы жүзім.

Қожалық жұмысымен танысқан аймақ басшысы өнімдерді экспорттауды қолға алу қажеттігін айтты.

Аудандағы сапар «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде Қазығұрт ауданында іске асырылатын жобаларға арналған жиынмен жалғасты. Онда Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев бағдарлама аясында атқарылар жұмыстармен таныстырды.

«Қазығұрт ауданына Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде 2019 жылы 608 млн. 757 мың. теңге жоспарлануда. Жолдарды орта жөндеуге 343 млн. 192 мың. теңге, ал білім саласы бойынша мектептерді ағымдағы жөндеуге 37 млн. 915 мың. теңге қаралды. Сондай-ақ, жоба аясында орталық футбол алаңы, балабақшалар, мәдениет үйі, орталық кітапхана ағымдағы жөндеуден өтеді», – деді аудан әкімі.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аудан басшылығына «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын қолдап, ауылды, аймақты көркейту қажеттігін тапсырды.

«Жоба жүйелі түрде іске асуы қажет. Алдымен аудан орталығы, округ орталығы, кейін жыл сайын 5 ауылды көркейтіп, абаттандыру жұмыстары жүргізілу керек. Ауылдарда нысандар көбірек салынып, көшелер жөнделіп, саябақтар саны жыл сайын артуы тиіс», – деді Өмірзақ Естайұлы.

Пікір қалдыру

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 72 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Төлеген Тұртайұлы Телғараев 1973 жылы туылған, ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/