wrapper

Жаңалық

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 80 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ СУАРМАЛЫ ЖЕР АҒЫН СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Түркістан облысын дамытуға Үкімет ерекше екпін беріп отыр. Осы мақсатта облыс орталығында азық-түлік пен жасыл белдеулерді қалыптастыру, диқандарды ағын сумен қамтамасыз ету, Түркістан қаласын көгалдандыру және абаттандыру үшін серпінді жобаларіске асырылуда.Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті 38 сессиясында Түркістаноблысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

Жоғарыда аталған жобалар аясында өңір басшысының тікелей бастамасымен Үкіметтік деңгейінде екі Қаулы қабылданған болатын.

Бірінші, ҚР Үкіметінің қаулысымен 5 су нысаны және ҚР Қаржы министрлігі бұйрығымен «Қараспан» су торабы облыстық меншікке қабылданды. Нәтижесінде, Түркістан облысы Ордабасы, Отырар, Бәйдібек аудандары және Арыс, Кентау қаласы өңірлерінің 78,8 мың гектар суармалы жерлерін ағын сумен тұрақты және уақытылы қамтамасыз етілетін болады.

Жоғарыда аталған су нысандарын тиімді пайдалану, қорғау, күтіп ұстау, дамыту мақсатында облыс әкімінің қаулысымен «Бөген арнасы» мемлекеттік мекемесі құрылды. Бүгінгі күннің өзінде жалпы құны 29,4 млрд. теңгені құрайтын 4 жобаны жүзеге асыру жұмыстары басталды. Олар: Түркістан магистральды каналына Сырдария өзенінен машиналық әдіспен су беру құрылысын жүргізу арқылы қосымша 80 млн. м3 ағын су жеткізу жобасы;Түркістан магистральды каналын бетонмен қаптау жұмыстарын жүргізу арқылы қосымша 60 млн. м3 ағын суды үнемдеу жобасы; «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасын салып, 15 млн. м3 ағын су жинау жобасы; Арыс-Түркістан массивінде жарамсыз болып қалған 145 дана тік ұңғыманы қайта қалпына келтіре отырып 34,7 млн. м3 қосымша ағын сумен қамтамасыз ету жобасы. Қазіргі таңда осы жобалар бойынша облыстық бюджеттен жобалық сметалық және техника-негіздемелік құжаттарын әзірлеуге қаржы қарастырылып жұмыстар жүргізілуде.

Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде шаруаларға жеткізілетін ағын су көлемі 196 млн. м3ұлғайып, қосымша 1500-ден астам жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

Екінші Қаулы бойынша, «Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі жоспары» Үкімет тарапынан бекітіліп, облыс орталығын азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету мақсатында, Түркістан қаласы аумағынан радиусы 15 шақырымда азық-түлік және жасыл белдеулерін қалыптастыру жобалары іске асырылуда. Белдеу ақылды технологияларды қолдана отырып, ғалымдардың сүйемелдеуімен 2 кезеңмен жүзеге асады. Атап айтқанда, 1-кезең – Түркістан-Шымкент бағытында 1 мың га алқапты қамтиды. Оның жұмыстары басталып кеткен. 2-кезең 2020 жылы Түркістан-Шымкент, Түркістан-Отырар және Түркістан-Кентау, Түркістан-Қызылорда бағыттарында 10 мың га алқап қамтылатын болады.

Бұған қоса, осы жоба аясында жалпы құны 46,1 млрд. теңгеніқұрайтын 8 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Оныңішінде25 млрд. теңге кешенді жоспар аясында, 11,5 млрд. теңге жергілікті бюджеттен субсидиялауға, қалған 9,5 млрд. теңге жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылатын болады.

Толығырақ

ТҮРКІСТАНДЫ ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МӘДЕНИ-РУХАНИ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛДЫРАТЫН ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай «Түркітілдес елдердің рухани астанасының дамуы және жаңа жобалар» тақырыбында баспасөз-конференциясы өтті.

Баспасөз-конференциясына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік ОТАРБАЕВ, Түркістан облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Нұрдәулет ИСАБЕК, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен ҚАЛҚАМАНОВ қатысты.

2018 жылдың 19 маусымында Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойып, облыс орталығы етіп Түркістан қаласын бекіткен болатын. Осылайша талай ғасыр артқа салып Түркістан тарихи мәртебесін қайта иеленді.

Түркістан – тарихы тереңде жатқан, түркітілдес елдердің рухани астанасы. Киелі қаланы мекен еткен әйгілі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңында исі қазақтың мақтаныштары - 21 хан, 56 батыр, 21 би и 8 сұлтан және жүздеген игі жақсылар жерленген. Осыдан-ақ қазақ елі үшін Түркістанның ерекше құрметке ие екенін білуге болады. Облыс орталығы болғалы арада бір жыл өтті. Бұл уақыт Түркістан үшін аса маңызды кезең болды.

Көне шаһар күннен-күнге көркейіп, заманауи келбетке ие болып келеді. Облыстың әлеуметтік-экономикалық саласы, рухани-мәдени бағытында оң өзгерістер орын алған. Баспасөз-конференциясында сөз алған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев мерейтой қарсаңында өткізілетін іс-шаралардың мән-мағынасына тоқталып, жоба аясында 46 шара өткізілетінін айтты. Мысалы, облыстың бір жылдығына орай «Түркістаным - Тұраным» тақырыбында облыстық музейлер мен кітапханаларда дөңгелек үстелдер мен кездесулер, суретшілер мен қолөнер шеберлерінің кеңейтілген көрме экспозициясы өткізілсе, Түркістан облысының көрікті орындары, түрлі оқиғаларынан сыр шертетін «Ұлы даланың Түркістаны» атты фотоэкспедициясы ұйымдастырылуда. Сондай-ақ «Túrkіstan tórіnde» тақырыбында сұхбат-сырласу кеші ұйымдастырылып, елге танымал спикерлер түрлі тақырыптар бойынша ой қозғайды. Түркістанның дамуы жөніндегі пікірлерін айтады.

Түркістан халқын қуанышқа бөлеп, рухани ләззат сыйлайтын мәдени іс-шаралар легіне тоқталған Түркістан облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Нұрдәулет Исабек Түркістан облысының 1 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласында «Төле би» 10 сериялы кинохикаясының тұсауы кесілетінін жеткізді. Фильммен бірге «Ордабасы – бірліктің туы», «Оқсыз оқиғасы», «Түркістан» анимациялық фильмдері көрерменге жол тартады.

Жиынды қорытындылаған Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов баспасөз-конференциясына келген журналистер қауымын 14 маусым күні «Қазмедиа орталығында» өтетін фильмдер тұсаукесеріне және 17 маусым күні Түркістан облысында өтетін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен өтетін баспасөз-конференциясына шақырды.

Толығырақ

Ө.ШӨКЕЕВ: «ҮКІМЕТ ТҮРКІСТАНДЫ БАРЫНША ДАМЫТАТЫН 5 ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ»

Бүгін Түркістан қаласында Түркістан облыстық мәслихатының сессиясы өтті. Алқалы жиында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірді дамыту бағытындағы жоспарлары мен атқарылатын жұмыстары жөнінде баяндады.

«Түркістанды тек облыс орталығы ғана емес, жалпы түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында осы бір айдың көлемінде Үкімет тарапынан облыс үшін аса маңызды 5 қаулы қабылданды. Бұл – тарихта болмаған жағдай. Оның облыс және Түркістан қаласы үшін ең маңыздысы – «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары». Сонымен бірге өзге қаулылар да Түркістан үшін аса маңызды. Облысымызға мемлекет тарапынан айрықша қолдау көрсетіліп отыр», – деді облыс әкімі.

Ел Үкіметі тарапынан жоғарыда аталған қаулыдан бөлек«Түркістан қаласын салу шеңберінде жұмыстар және көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғаларды айқындау» жөніндегі қаулы да маңызға ие. Сондай-ақ «TURKISTAN» еркін экономикалық аймағы мен әкімшілік-іскерлік орталығын, Түркістан қаласын дамыту көзделген қаулылар облысты өркендетуге оң әсерін тиігзетіні анық.

Үкімет қабылдаған қаулыларға сәйкес, облыста барлық сала бойынша ауқымды жұмыстар атқарылады. Ауыл шаруашылығы, құрылыс, идеология, өндіріс, индустриалды аймақтарды дамыту жолында үлкен жоспарлар жүзеге асырылады.

Мәселен, туризм саласында экологиялық, тарихи-мәдени және танымдық бағытта 57 туристік маршрут әзірленген.Қасқасу туристік-рекреациялық кешенінің құрылысы барысында 1900 жұмыс орны ашылса, іске қосылғанда 400 тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Жылына келетін туристер саны да арта түспек.

Өңірде инфрақұрылым жақсарады. Барлық аудан, қалаларда ауыз су, газбен қамту, сапалы электр мәселелері бойынша тиянақты жұмыстар атқарылады. Газ мәселесі де шешімін тауып келеді. Екі айда 30 елді мекенге «көгілдір отын» тартылып, 45 мың адам газға қол жеткізді. Бұл жұмыс ары қарай да жалғасын тауып, осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін 48 елді мекенге газ тарту жоспарда бар.

2019 жылдың соңына дейін орталықтандырылған сумен жабдықталу көрсеткіші қалаларда 97,2 пайызға, ал, ауылдық елдімекендерде 80,4 пайызға жетеді деп жоспарланып отыр.

Түркістан қаласын дамыту, құрылыс нысандарын талапқа сай жүргізу жұмыстары да жоспарға сай атқарылады. Биылдың өзінде бірнеше ірі нысан пайдалануға беріледі.

Жиында осы және өзге де деректерді сөйлеткен өңір басшысы ел Үкіметі тарапынан бөлінген әрбір тиын ел игілігі үшін жұмсалып, жұмыстардың сапалы әрі уақтылы орындалуы басты назарда болатынын жеткізді.

Түркістан облыстық мәслихатының 38-ші сессиясының күн тәрбібінде түрлі салалар қамтылған 19 мәселе талқыланып, маңызды шешімдер қабылданды.

Толығырақ

ЖАСТАРДЫҢ ТЫҢ ЖОБАЛАРЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫН ДАМЫТУҒА ҮЛЕС ҚОСАДЫ

Түркістан облысын дамытуға арналған жас мемлекеттік қызметшілер әзірлеген үздік жобалар әкімдік тарапынан толық қолдау табатын болады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жинында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

Жобалардың басым көпшілігі өңірдегі туризм саласын дамытуға бағытталған.Атап айтқанда, «I-Shatyr» жобасы. Ол – Ясауи кесенесі аймағында ыстықтан қорғайтын смарт шатырлар жүйесін орнату идеясы. Жобаны ұсынушы Жанбота Оразбаеваның айтуынша, интеллектуалды шатырлар ыстық климатты Түркістан қаласына арналған. Ясауи кесенесіне келуші туристерді жаздың күні күннен қорғап, көлеңкелеуге арналған. Жобамен танысқан облыс әкімі жаңа жүйені күз мезгіліне қарай іске қосу қажеттігін тапсырды.

«EKO-Jai» бұл – Бәйдібек ауданындағы Ақмешіт үңгірі айланасында туристер үшін экологиялық шағын демалыс үйлерін салу жобасы. Жоба авторы Мәмет Нұрболдың айтуынша, экологиялық үйлерде туристерге барлық жағдай жасалады. Жалпы құны 50 млн теңгеге 10 үй салуды ұсынып отыр. Облыс әкімі тиісті басқарма басшыларына жобаны жоспарға енгізіп, алдағы уақытта жүзеге асыру керектігін жүктеді.

«Zhan-Uia» жобасы. Өңірдегі қарттар үйі мен балалар үйін біріктіру жүйесі. Саматулла Нуриланың айтуынша, бұл канадалық жоба бала күлкісі мен мейірімге мұқтаж жандарды жақындастыруға бағытталған. Жобамен танысқан облыс басшысы Өмірзақ Естайұлы келесі жылдан бастап Түркістан қаласынан жобаға қажетті ғимараттардың құрылыс жұмыстарын бастау қажеттігін тапсырды.

«EthnoVillage» – бұл қаланың тарихи аймағына этноауыл салу жобасы. Жоба авторы Қоспаева Айжанның айтуынша, жалпы құны 40 млн теңгені құрайды. Ясауи кесенесі аймағынан бой көтеретін этноауыл келуші туристерге қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі мен тағамдарын, төл ойындары мен қолөнерін таныстыратын болады. Жоба алдағы уақытта жүзеге асатын болады.

Жиында таныстырылған келесі жоба «Е-Halyk жүйесі. Бұл – көпбалалы аналарға жәрдемақы беруді оңтайландыруға арналған бағдарлама. Жоба авторы Есенбаев Нұрдаулеттің айтуынша, бағдарлама әлеуметтік жәрдемақыны еш кедергісіз, кезексіз алып, уақыт үнемдеуге бағытталған.

Келесі «Таза сана, таза қала» жобасы –Кентау қаласында қоқыс шығару жүйесін цифрландыру және тұрғындарды тазалыққа үгіттеуге арналған. Жоба авторы Ерманов Елнұрдың баяндауынша, жоба Кентау қаласындағы тазалық жүйесін цифрландыруға бағытталып отыр. Яғни, қоқыс жәшіктеріне арнайы QR-кодтар қойылып, қоқыстың көбейгені, жәшіктің босатылған уақыты орталықтандырылған жүйеге хабарланып отыратын болады.

Айта кетейік, бұл жобаларды ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облыстық филиалында қайта даярлаудан өткен жас мемлекеттік қызметшілер ұсынып отыр.

Толығырақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 35 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ

Түркістан облысында ағымдағы жылдың тек мамыр-маусым айларында облыстағы 34 847 тұрғыны бар 30 елді мекен газ жүйесіне қосылды.

Осыған байланысты барлық аудан әкімдері тұрғындармен әр үйді газға қосу жұмыстары бойынша ұйымдастыру-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы қала, аудан әкімдері және «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ӨФ бірлесіп, Түркістан облысындағы газ жеткізуші және газ таратушы жүйелерінің құрылысы жүргізілген елді мекендерді бюджет қаржысы есебінен газға қосу жұмыстарын атқаруда.

Басқарма тарапынан әр елді мекендегі тұтынушының газға қосылуына апта сайын мониторинг жүргізіліп келеді. Қалған елді мекендерді газға қосу Түркістан облысының кешенді даму іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілетін болады.

Толығырақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1000 ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ ЖЫЛЫЖАЙ БАР

Түркістан облысы Сарыағаш ауданына баспасөз туры ұйымдастырылды. Сапар аясында БАҚ қызметкерлері Сарыағаш ауданындағы «Занджанижад» шаруа қожалығы мен «Измир Сарыағаш» ауыл шаруашылығы кешенінің жұмысымен танысты.

Журналистер әуелі Қапланбек ауылдық округінде орналасқан «Занджанижад» шаруа қожалығына аялдады. 2012 жылы іске қосылған қожалықтың қазір 3 гектарға жер телімі бар. Оның ішінде жылыжай көлемі – 1,2 гектар.Жылыжайдың өндіретін негізгі өнім түрі – қызанақ. Қожалық өткен жылы 140 тонна өнім алған. Биыл өнім көлемін едәуір арттыра түспек. Қызанақты отандық нарық пен Ресейге жөнелтіп келеді. Қазіргі таңда 5 адам жұмыспен қамтылған. Орташа жалақы – 55-60 мың теңге. Серіктестік иесі Занджанижад Рустемнің айтуынша, жылыжайдың қызанақтары табиғи таза өнім.

Кейін сапар аясында журналистер Жібек жолы ауылдық округінде орналасқан «Измир Сарыағаш» ауыл шаруашылығы кешеніне барды. 2017 жылы жұмысын бастаған кешенде 20 гектар –бау, 4 гектар – жылыжай бар. Сондай-ақ, 62 бас Абердин-Ангус сиыры бар. Оның 57-сі аналық бас, 5-уі асылтұқымды бұқа. Кешенде 60 мың теңге орташа айлықпен жалпы 5 адам жұмыспен қамтылып отыр. Алдағы уақытта ірі қара мал санын 500-ге жеткізбек.

Айта кетерлігі, Түркістан облысы бойынша 2018 жылдың қорытындысымен жылыжай көлемі 934,9 гектарды құраса, қазіргі таңда облыста 988,2 га жылыжай бар.2019 жылдың қорытысындысымен өңірде жылыжай көлемін 1114,9 гектарға жеткізу жоспарланып отыр.Ал Сарыағаш ауданында өткен жылы 635,5 га жылыжай болса, бүгінгі таңда 649,1 га жылыжай бар.

Толығырақ

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ДАУЫС БЕРУГЕ БЕЛСЕНДІЛІКПЕН ҚАТЫСУДА

Түркістан облысындағы 889 сайлау учаскелері таңғы сағат 7:00-де өз жұмысын бастады. Қазіргі кезде тұрғындардың дауыс беруге қатысуы белсенді түрде жүріп жатыр.

Ал Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығындағы №133-ші сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Сондай-ақ БАҚ өкілдеріне қысқаша сұхбат беріп, еліміздегі саяcи процестің өңіріміздегі өту барысына қатысты ойын білдірді.

«Облысымыздағы 889 сайлау учаскесінің барлығы тиісінше дайындалып, маңызды науқанды жоғары деңгейде өткізіп жатыр. Халық жан-жақты ақпараттандырылып, мемлекетіміз үшін жауапты сәтте өз таңдауларын жасауда.Өңірімізге ТМД-да, ЕҚЫҰ-дан және өзге халықаралық ұйымдардан бақылаушылар арнайы келіп, сайлаудың барысына бақылау жүргізуде. Еліміздің келешегін айқындайтын ерекше сәтте баршаңызды белсенді болуға шақырамын», - деді Ө.Шөкеев.

Айта кетейік облыстағы сайлаушылардың саны1 181 946 мың адамды құрайды. Өңірдегі саяси процесті шетелдік бақылаушылар бақылауда. Сондай-ақ еліміздегі қоғамдық бақылаушылар да тиісінше қатысуда.

Толығырақ

ТҮРКІСТАНДА «АДАМ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ» АТТЫ ФОТОКӨРМЕ ӨТТІ

Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Түркістан қаласында «Адам және табиғат» экологиялық эстафеталық фотокөрмесі өтті. Ұйымдастырушылары – Түркістан облысы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі мен «Сырдария-Түркістан» өңірлік табиғи паркі.

Фотокөрменің мақсаты – жасөспірімдер мен ересектердің экологиялық сауаттылығын арттырып,табиғат-анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу.

Эстафеталық фотокөрме Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткізілді.«Адам және табиғат» атты тақырыпта қоғамға ой салатын суреттер көрермен назарына ұсынылды. Бұл суреттерде адам қолымен табиғатқа жасалған қастандық, жер бетіндегі күл-қоқыстар мен өндірістік қалдықтардың жан-жануарларға тигізген зардамы көрініс тапқан. Сонымен бірге өзен-көлдердің, ауаның ластануы, өсімдік әлемінің зардап шегуі де суреттерге арқау болған.

Фотокөрмені өткізуге өңірдегі бірнеше басқарманың мамандары атсалысып, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бастамаға қолдау көрсетті.«Сырдария-Түркістан» өңірлік табиғи паркінің, білім басқармасының жауапты мамандары қала тұрғындары мен мектеп оқушыларына және колледж студенттеріне табиғатты қорғау, аналаны таза ұстау жөнінде ой қозғады. Фотокөрмеге Түркістан қаласының тұрғындарымен бірге Қ.А.Ясауи кесенесіне келген қонақтар да тамашалады.

Облыс орталығы – Түркістаннан бастау алған фотокөрме барлық аудан, қала көлемінде бекітілген кестеге сәйкес жалғасады.

Толығырақ

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 110 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Төлеген Тұртайұлы Телғараев 1973 жылы туылған, ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/