wrapper

Жаңалық

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

1. «БЖЗҚ» АҚ салымшылар мен алушыларға ақпарат беру бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабарлайды

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары мен алушылары жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені кез келген уақытта (электрондық тәсілмен) тегін алуға құқылы. Бұл заң жүзінде бекітілген құқық.  

Бүгінде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы анықтаманы мынадай тәсілдермен алуға болады:

1)    БЖЗҚ-ға тікелей келіп өтініш беру;

2)    электрондық тәсіл, оның ішінде:

үзінді көшірме БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық мекенжайға жіберіледі.Салымшы (алушы) таңдап алынған кестеге сәйкес зейнетақы шотынан үзінді көшірмені: ай сайын, үш ай сайын, жарты жылда бір рет немесе жыл сайын алады; 

логин мен пароль (құпия сөз) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен, Қор сайтының Жеке кабинеті арқылы;

  электрондық үкімет порталының Жеке кабинеті немесе бір реттік sms-парольарқылы, мұнда sms-пароль mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген салымшылар мен алушылардың ұялы телефонына жіберіледі;

3)    дәстүрлі пошта байланысы арқылы.

Ақпарат алу тәсілін таңдау үшін салымшы (алушы) жеке басын куәландыратын құжатпен БЖЗҚ кеңсесіне келеді. Электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда, ақпарат алу тәсілін Қор сайтының Жеке кабинетінде таңдауға немесе өзгертуге болады.

Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы анықтаманы электрондық пошта арқылы алу тәсілін 800 мыңнан астам салымшы (алушы) таңдаған. 2018 жылы оларға шамамен 5,6 млн хабарлама жіберілді.

2019 жылдың 1 қаңтарына қарай 5,2 млн адам зейнетақы шотының жай-күйі туралы анықтаманы Қордың enpf.kz сайтының Жеке кабинеті арқылы алу мүмкіндігіне ие. 

Бір жыл ішінде интернет-хабарландыру тәсілін таңдағандар саны 1,2 млн жуық адамға көбейді. Бұл тәсіл шынында да өте ыңғайлы: зейнетақы шотының жай-күйі туралы анықтаманы кез келген жерде аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат бойы жедел түрде алып тұруға болады. 

Алғашқы жылдары салымшылар мен алушылардың көпшілігі зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу барысында шоттан анықтама алу тәсілі ретінде пошта байланысын таңдаған болатын. Бұл ретте зейнетақы шотынан үзінді көшірме салымшылар мен алушыларға жылына бір рет жіберіледі. Ал пошталық мекенжай өзгерген жағдайда, бұл туралы Қорға міндетті түрде хабарлау қажет. Егер хабар берілмесе, БЖЗҚ бұдан кейін зейнетақы жинақтары туралы анықтаманы жібермеуге құқылы. Сонымен қатар шоттарында ақша жоқ салымшылар мен алушыларға үзінді көшірме жіберілмейді.

2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қор 2019 жылдың 1 қаңтарына қарай зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы 1 миллионға жуық анықтаманы салымшылар мен алушыларға жіберу шарасын жүзеге асыруда. Яғни, БЖЗҚ 2019 жылдың басынан бері 2018 жылдың қорытындысы бойынша салымшыларға (алушыларға) ақпарат беру шарасын жүргізіп жатыр.     

Айта кетелік, үзінді көшірмені Қор кеңсесіне келіп алу тәсілін 1,8 млн астам адам таңдаған. 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар:


 

2. Зейнетақы калькуляторы

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында инновациялық қызмет іске қосылған. Соның көмегімен әрбір салымшы өзінің дербес зейнетақы жоспарын Қордың enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» - «Зейнетақы калькуляторы» бөлімінде жүзеге асыра алады.

Қор сайтында екі зейнетақы калькуляторыорналастырылған.  Оның бірі – «Ағымдағы зейнетақы калькуляторы» деп аталады. Ол таяу жылдары зейнеткерлікке шығуға дайындалып жүрген азаматтарға арналған. Сол арқылы ай сайын берілетін зейнетақының болжамды мөлшерін анықтауға болады. Екіншісі – «Болжамдық зейнетақы калькуляторы». Сол арқылы зейнетке шығуға дайындалып жүрген азаматтар да, бүгінгі жас мамандар да болашақта алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептей алады. Сонымен қатар бұл калькуятор зейнетақының қандай төлемдерден құралатындығын, табыстылық пен инфляция өзгерген жағдайда оның болжамды көлемінің қандай болатындығын көрсетіп береді.

Болжамды калькуляторға болашақ зейнетақыны есептеу үшін: туған күні, жынысы, еңбек өтілі, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі, жинақтардың ағымдағы сомасы және айлық жалақы мөлшері секілді барлық қажетті деректерді енгізу қажет. Содан кейін «Есептеу» түймешігін басамыз.

Бір айта кететін жәйт, егер болжамды калькуляторды сайттың Жеке кабинеті арқылы ашатын болсаңыз, онда нысандар автоматты түрде толтырылады. Сөйтіп «Есептеу» түймешігін басу арқылы анағұрлым дәл көрсеткіштерге қол жеткізуге болады.

Егер сіз Жеке кабинетте тіркелмеген болсаңыз, болашақ зейнетақыны ағымдағы калькулятор арқылы есептеу барысында оған зейнетақы жинақтарыңыздың ағымдағы сомасын енгізу қажет. Бұл ақпаратты: БЖЗҚ сайты, Қордың ұялы қосымшасы, электрондық үкімет порталы және электрондық пошта секілді бірнеше тәсілмен тегін алуға болады. Сондай-ақ салымшы Қордың кез келген бөлімшесіне жүгіне алады. Бұл ретте жеке басты куәландыратын құжат немесе электрондық цифрлық қолтаңбасының (ЭЦҚ) өзекті кілті болуы керек.

Болжамды калькулятор болашақ зейнетақыны «Пессимистік», «Реалистік» және «Оптимистік» деп аталатын үш сценарий бойынша есептейді. Әрбір сценарийде жинақтардың инфляциямен салыстырғандағы табыстылық деңгейі көрсетіледі.

«БЖЗҚ» АҚ Түркістан облыстық филиалының директоры Байдуанов Самат Стаханұлытүсіндіргеніндей,– «Есептеу барысында калькулятор салымшының тек жеке жинақтарын ғана емес, басқа да деректерді қолданады. Өйткені зейнетақы калькуляторының міндеті – болашақ жиынтық зейнетақының мөлшерін есептеу.

Сонымен жиынтық зейнетақы бірнеше төлемнен: мемлекеттік бюджеттен төленетін ортақ және базалық зейнетақыдан және Қордан берілетін зейнетақы төлемінен құралады. Ортақ зейнетақыны 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін кемінде алты ай еңбек өтілі бар азаматтар алуға құқылы. Базалық зейнетақының мөлшері еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне тәуелді. Ал БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер салымшының зейнетақы жинақтары есебінен қалыптасады.      

Ерікті зейнетақы жарналарын аударатындардың жиынтық зейнетақысы осы жарналардың есебінен елеулі түрде ұлғаятындығын айта кеткен жөн.

Зейнетақы калькуляторы жинақтарыңыздың қанша жылға жететіндігін, құрметті демалысқа шығар алдында шамамен қанша мөлшерде жалақы алатыныңызды есептейді,әрі жалақыны жиынтық зейнетақымен ауыстыру коэффициентін көрсетеді».

Таяуда enpf.kz сайтының «Зейнетақы калькуляторы» бөлімінде «Жинақтарды өмірді сақтандыру бойынша компанияға аудару» деп аталатын жаңа қызмет іске қосылды. Сол арқылы өмірді сақтандыру бойынша компаниямен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін шоттағы зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті сомасын есептеуге болады. Бұл калькулятор ең төменгі зейнетақы мөлшерін ескере отырып, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін зейнетақы жинақтарының сомасы қандай болу керектігін есептейді.Сіз тиісті бағанда жынысыңызға қатысты мәліметті белгілеген соң, шарт жасасуға қажетті жас мөлшері автоматты түрде көрсетіледі. Ол ерлер үшін – 55 жас, әйелдер үшін биыл –51 жас.

Одан әрі кепілді мерзімді белгілейсіз. Бұл осы мерзім ішінде сақтандыру компаниясынан төлемдердітұрақты алып тұруға ниет білдіргеніңізді білдіреді. Әрі қарай калькулятор ағымдағы жыл бойынша ең төменгі зейнетақы мөлшерін ескере отырып, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін зейнетақы жинақтарының сомасы қандай болу керектігін есептейді. Қазіргі уақытта зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін әйелдердің шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасы кемінде 13 млн 580 мың теңге, ал ерлерде кемінде 9 млн 710 мың теңге болуы керек. Бұл әрине, ағымдағы күнтізбелік жылға арналған болжамды сома. Ал нақты соманы сақтандыру ұйымынанбілуге болады.

Айтпақшы, есептеу барысында сайтта сақтандыру ұйымдарының іс жүргізуге қатысты шығындары есепке алынбайды. Бұл шығындардың көлемі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 20 қазандағы №194 қаулысына сәйкес сақтандыру сыйақысы мен әрбір сақтандыру төлемінің 0 пайызынан 3 пайызына дейін құрауы мүмкін.

Егер барлық есептеулерден кейін, болашақ зейнетақы мөлшері күтілген сомадан аз болып шықса, оны ерікті зейнетақы жарналарын аудару арқылы ұлғайтуға болады. Қазір Қорда ерікті зейнетақы жарналары есебінен шамамен 50 мың шот ашылған. Зейнетақыны жоспарлау деген осы. Құрметті демалыста лайықты өмір сүргісі келетін әрбір адам, зейнет жасына дейін қанша ақша жинау керектігін осы бастан білуі қажет. 

Қор өз кезегінде болашақ зейнетақыны қалыптастыру жолында әрбір салымшыға дербес кеңесші болуға тырысады және бұл үшін барлық мүмкіндіктерді ұсынады.   

«Зейнетақы калькуляторы» қызметімен «БЖЗҚ» АҚ сайтында мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/calcs.php

 


 

3. БЖЗҚ туралы маңызды сұрақтар» айдары

 

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылғанына 20 жылдан асты. Осы жылдарішінде ол талай сыннан өтті. Бүгінде жүйе заман талабына сай жемісті жұмыс істеп келеді және болашағы айқын.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ – жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық қаржылық және ақпараттық ағындарының бірыңғай операторы. Оның қызметі ашықтық және айқындылық қағидаларына негізделген.

«БЖЗҚ туралы маңызды сұрақтар» айдарында біз тұрақты оқырмандарымыздың сұрақтарына жауап береміз.

 

1. Зейнетақы жинақтарын біржола алуға бола ма?

Қордағы зейнетақы жинақтары алушыларға заңнамада көзделген жағдайлар туындаған кезде ғана беріледі. Ең негізгі жағдай – зейнеткерлік жасқа толу. Өйткені зейнетақы тағайындаудағы негізгі мақсат – құрметті демалысқа шыққан адамдардың күнделікті тіршілігін лайықты қамтамасыз ету.  

Сонымен «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес Қордан зейнетақы төлемдері зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға (ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге биыл 59 жасқа толғанда)және бірінші немесе екінші топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандарға төленеді.Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

Жасына байланысты зейнеткерлер мен I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген адамдар төлемдерді ай сайынғы кесте бойынша алады. Өйткені 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қордан зейнетақы төлемдері тек ай сайын беріле бастады. Зейнетақы жинақтарын ай сайын беру – халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және бұл Қордан зейнетақы төлемдерін алу мерзімін едәуір ұзартуға және жиынтық зейнетақының көлемін арттыруға септігін тигізеді.   

Қазір де зейнетақы жинақтарын біржолғы төлем ретінде алуға болатындығын айта кетен жөн. Егер зейнетақы төлемдерін алушы өтініш берген күні, оның шотындағы жинақтардың сомасы ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сомаалушыға бір рет толығымен төленеді. Биыл ең төмен зейнетақы көлемі: 36 108 теңге.  Сәйкесінше оның 12 еселенген мөлшері: 433 296 теңге.

Бұдан басқа, заңнамаға сәйкес ерлер 55 жасқа, ал әйелдер биыл 51 жасқа толғанда өздері таңдаған сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы ай сайын алып тұру үшін зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқылы. Бұл ретте әйелдердің жасы 2027 жылға дейін 55 жасқа жеткенше жыл сайын 6 айға ұлғайтылып отыратындығын еске саламыз. Бірақ зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін Қордағы зейнетақы жинағының сомасы ай сайын ең төменгі зейнетақы мөлшерiненкем емес төлемдi төлеуге жеткілікті болуы керек.

Сақтандыру ұйымына аударуға қажетті соманы зейнетақы калькуляторының көмгімен де есептеуге болады. Ал зейнетақы калькуляторы enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» – «Зейнетақы калькуляторы» бөлімінде орналастырылған:

https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/calcInsurance/calc.php

 

2. Бізге редакцияға туыстары қайтыс болған адамдар жиі жүгініп, сол қайтыс болған туыстарының жинақтарын қалай алуға болатындығын сұрап жатады. Осы жағын түсіндіріп берсеңіз.

– Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары салымшының меншігі болып табылады және өсиет бойынша, сондай-ақ  «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 31-33 - баптарына сәйкес мұраға қалдырылады.

Мұраны қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 6 тарауына (Мұрагерлік құқық) сәйкес мұра ашылған жердегi нотариусқа немесе заңға сәйкес мұра алу құқығы туралы куәлiктi беруге уәкiлеттi лауазымды адамға мұраны қабылдау туралы немесе мұрагерлікке құқық туралы куәлiк беру жөнінде өтiнiш беріледі.Мұра ашылған күннен бастап алты айдың iшiнде, яғни мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты айдың iшiнде мұра қабылдануы мүмкін. Алты ай өткен соң, мұра ашылған жер бойынша нотариус мұрагердiң өтiнiшi бойынша оған мұрагерлiкке құқық туралы куәлiк беруге мiндеттi.

Егер мұрагер мұра қабылдау мерзiмін дәлелдi себептермен өткiзiп алған болса және бұл мерзiмдi өткiзіп алу себептерi жойылғаннан кейiн алты ай iшiнде сотқа жүгiнген жағдайда осы мерзiмдi өткiзiп алған мұрагердiң өтiнiшi бойынша сот бұл мерзiмдi қалпына келтiре алады және мұрагер мұраны қабылдады деп тани алады

 

3. Мұрагерлер үшін құжаттарды жинап, тапсыру рәсімін оңайлатуға болмай ма? Өйткені олардың табалдырықтоздырып, құжат жинауға шамасы да, жағдайы да келе бермейді ғой?

– Бұл рәсімді мұрагерлер үшін оңайлату және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Қазақстан Республикасы нотариустарының өзара іс-қимылын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Республикалық нотариаттық палата, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы («ҰАТ» АҚ) және БЖЗҚ арасында «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі мен Қордың ақпараттық жүйесінің өзара іс-қимылы туралы Шарт жасалды.

Енді аталған Шарт аясында нотариустар өздерінің өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша (мұрагерлер өтініш берген жағдайда) қайтыс болған салымшылардың (алушылардың) Қорда жеке зейнетақы шотының және онда ақшаның болуы туралы БЖЗҚ-ға онлайн тәртібінде (хат жүзінде емес) сауалдар жолдай алады.     

Қор өз кезегінде салымшылар мен алушылар Қазақстан Республикасының нотариустары куәландырған немесе растаған құжаттарды ұсынған жағдайда «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне сауал жолдап, салымшылар мен алушылардың Қорға ұсынған құжаттарына қатысты жасалған нотариалдық әрекеттер бойынша ресми растау құжатын алады.

Бұл қызмет нотариустарға жүгінген мұрагерлердің уақытын үнемдейді.

 

4. Таяуда бұқаралық ақпарат құралдарында зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған салымшыны жерлеуге байланысты зейнетақы қорынан біржолғы төлем берілетіндігі жарияланды. Оның көлемі қандай және қандай құжаттар жинау керек?

– Шынында, бұл мәселе таяуда бұқаралық ақпарат құралдары бетінде талқыланды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мына мәліметті айта кеткім келеді. Қазақстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілген сәттен, яғни 1998 жылдан бастап, жинақтаушы зейнетақы қорында жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, Қор оның отбасына немесе жерлеуді ұйымдастырған адамға жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді. Бұл төлем заңнамада көрсетілген тәртіпте және мөлшерде жүзеге асырылады. Атап өту керек, бұл төлем жаңалық емес, ол әрқашанда төленіп келді. 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының ережелеріне сәйкес зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, Қор оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді. Бірақ бұл сома жеке зейнетақы шотында жатқан қаражаттан аспауы тиіс. 2019 жылдың 1 қаңтарына қарай бұл сома 132 310 теңгені құрады (2 525*52,4).

Егер жерлеуге арналған біржолғы төлемнен кейін шотта қалған ақшаның сомасы тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен (биыл: 36 108 теңге) аспайтын болса, онда бұл қалдық жерлеуге арналған біржолғы төлемге қосылып төленеді.

Толық ақпаратты Қор сайтынан біле аласыз: https://www.enpf.kz/kz/services/recipient/heir.php

 

5. БЖЗҚ салымшылары Қордың қандай негізгі ұсынымдарын есте сақтауы тиіс?

– Зейнетақы қорының қызметі туралы бүкіл ақпарат Қордың enpf.kz сайтында және бұқаралық ақпарат құралдары бетінде, сондай-ақ БЖЗҚ-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында тұрақты түрде жарияланып отырады. Сонымен қатар Қор бөлімшелері республиканың барлық өңірлерінде, оның ішінде Астананың барлық ауданында жұмыс істейді. Қор кеңселерінде кез келген зейнетақы қызметін алып қана қоймай, жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы жан-жақты ақпарат алуға болады. 

Қор филиалдарында үш ай сайын Ашық есік күні шарасы өткізіліп тұрады. Онда келушілер өздерін қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауаптар ала алады. Біз алушыларға зейнетақы жарналарының Қорға уақытылы және толық көлемде аударылуын қадағалап отыруға кеңес береміз. Бұл үшін әр түрлі ыңғайлы тәсілдерді пайдалануға болады. Мысалы: Қор базасына тіркелген жеке сәйкестендіру нөмірі мен парольдің немесе электрондық цифрлық қолтаңбаның көемегімен enpf.kz сайтының Жеке кабинеті, Қордың ұялы қосымшасы, сондай-ақ  Қорға ұсынылған жеке электрондық мекенжай.

Қазір жас маман жұмысқа орналасқан жағдайда, Қорға алғашқы зейнетақы жарнасы келіп түскен сәтте, зейнетақы шоты автоматты түрде ашылады. Яғни, жаңа салымшыға зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу үшін Қор кеңсесіне барудың қажеті жоқ. Тек өзінің зейнетақы шотының жай-күйін, жарналардың тұрақты аударылуын қадағалап отырса болғаны. Өйткені Қордан төленетін болашақ зейнетақы төлемінің қандай болатындығы Қорға жарналардың уақытылы және толық көлемде аударылуына тікелей байланысты.

Бүгінде базалық зейнетақының көлемі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне тікелей тәуелді. Бұдан басқа зейнетақы аударымдары банктер үшін клиенттерге несие рәсімдеу барысында маңызды көрсеткіш болып саналады. 

Зейнетақы жинақтары әрбір салымшының меншігі. Шоттағы зейнетақы жинақтары сенімді қаржы құралдарына инвестицияланады, сәйкесінше шоттарға күн сайын инвестициялық табыс есептеліп отырады.   

2018 жылдың қорытындысы бойынша Қор салымшыларының зейнетақы шоттарына 917,1 млрд теңге көлемінде инвестициялық табыс есептелді. Бұл жерде әрбір салымшының шотына есептелетін табыстың сомасы сол шоттағы жинақтардың көлеміне тәуелді.

 


 

4. 2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне шолу

 

2019 жылдың 1 ақпанына қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,4 трлн теңгені құрап, соңғы 12 ай ішінде 1,6 трлн теңгеге көбейді. Еске сала кетелік, былтырғы жылдың 1 ақпанына қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,8 трлн теңге болған еді. Осы кезең ішінде салымшылардың шоттарына үлестірілген зейнетақы активтерінің өсімі 21 пайызға жетті. Бұл ретте зейнетақы активтері зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыстан құралатындығын еске саламыз.    

         2019 жылдың қаңтар айында зейнетақы түсімдерінің сомасы 70,8 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 65,3 млрд теңге болды. Сәйкесінше бір жыл ішіндегі өсім 5,5 млрд теңгеге жетіп отыр. Бұл ретте түсімдердің басым бөлігі міндетті зейнетақы жарналарына (МЗЖ)  тиесілі – 66,5 млрд теңге. Қаңтар айында барлығы 4,9 млн міндетті зейнетақы жарналары түскен. Жарналардың орташа сомасы 13,7 мың теңгені құрады. 

2019 жылдың алғашқы айында салымшылар мен алушылардың шоттарына үлестірілген таза инвестициялық табыс 15,4 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6 млрд теңгеге (немесе 57%-ға) жоғары.

12 ай ішінде зейнетақы активтерінің табыстылығы 11,3 пайыз болса, осы кезеңде инфляция деңгейі 5,2 пайызды көрсетті. Яғни, бір жыл ішінде зейнетақы активтері бойынша нақты, таза табыстылық – 6,1 пайызды құрады.

2019 жылдың 1 ақпанына қарай, ҚР Ұлттық Банкінің басқаруына берілген зейнетақы активтері портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздардың үлесі 44,09 пайызды құрады. Олардың үлесі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (01.02.2018 ж. – 44,47%) өзгерген жоқ деуге болады. Теңгеде номиналданған мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша өтелуіне қарай орташа өлшемдік табыстылық жылдық 7,0 пайызды, АҚШ долларында – жылдық 4,4 пайызды құрады.

Ал Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдары облигацияларының үлесі 13,80 пайызды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңдегі көрсеткіштен біршама жоғары (01.02.2018 ж. – 10,11%). ҚР теңгеде номиналданған квазимемлекеттік ұйымдардың облигациялары бойынша өтелуіне қарай орташа өлшемдік табыстылық жылдық 10,3 пайызды, ал АҚШ долларында – жылдық 5,0 пайызды құрады.

Зейнетақы активтерінің портфелінде ҚР екінші деңгейдегі банктері облигацияларының үлесі – 13,3%-ға пайызға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда (01.02.2018 ж. – 15,82%) төмендеді. ҚР екінші деңгейдегі банктерінің теңгеде номиналданған облигациялары бойынша өтелуге қатысты орташа өлшемді табыстылық  жылдық 10,0 пайызды, ал АҚШ долларында жылдық 6,6 пайызды көрсетті.

Шет мемлекеттердің шетел валютасында номиналданған мемлекеттік құнды қағаздарына жасалған инвестициялар үлесі 12,81 пайызды құрап (01.02.2018 ж. – 12,61%), өтеуге қатысты орташа табыстылық жылдық 3,7 пайызды көрсетті.

Қордың зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарының қай валютада номиналданғаны былайша келтірілген: зейнетақы активтерінің 67,61 пайызы ұлттық валютада, 31,97 пайызы АҚШ долларында, 0,42 пайызы өзге валюталарда инвестицияланған.

Зейнетақы активтері портфелінің 72,7 пайызы – рейтингі «AAA»-дан«BBB» дейін болатын қаржы құралдарына, 12,2 пайызы – рейтингі «BB+»-тен«B-»-қа дейін болатын қаржы құралдарына орналастырылған.  

БЖЗҚ-ның сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтері портфелінің құрылымдық үлестірілімі БЖЗҚ Инвестициялық декларациясының талаптарына сәйкес келеді.

2019 жылдың 1 ақпанына қарай шарттардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,4 млн бірлікті құрады. Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылған шоттар 9,9 млн бірлік (95 пайыз), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша ЖЗШ саны 0,5 млн бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 0,05 млн бірлік болды. 2019 жылдың қаңтар айында МЗЖ бойынша ашылған шоттардың саны 11 293 бірлікті құрады. Олардың ішінде 9 409 шот автоматты түрде ашылды. Зейнетақы шоттарының автоматты түрде ашылу тәртібі 2019 жылдың 08 қаңтарында енгізілген. 

2019 жылдың қаңтар айында зейнетақы қоры тарапынан тұрғындарға 2,4 млн операция көлемінде қызмет көрсетілді, оның ішінде электрондық қызметтердің үлесі 86 пайызды құрады. Осы кезеңде азаматтардың жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша 58,7 мың өтініші қаралды. Кәсіпорындар мен ұйымдарда 1955 көшпелі таныстырылымдық шара өткізіліп, оларға 65,3 мың адам қатысты.   

2019 жылдың алғашқы айында зейнетақы төлемдері 31,53 млрд теңгені, оның ішінде жасына байланысты төлемдер 23,64 млрд теңгені, сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар – 2,65 млрд теңгені, ҚР шегінен тысқары жерлерге тұрақты кетуге байланысты төлемдер2,66 млрд теңгені, мұрагерлік бойынша төлемдер 1,89 млрд теңгені құрады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар:


 

5. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу аясында БЖЗҚ-ға жарналар түсе бастады

 

2019 жылдың қаңтар айында БЖТ төлеу аясында БЖЗҚ-дағы 3 655 жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 2,1 млн теңгеге 4019 жарна (1,1 млн теңге қала тұрғындарынан, ал 948 мың теңге ауыл тұрғындарынан) келіп түсті. 

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) іске қосылды.Бірыңғай жиынтық төлем өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке тұлғалардың бейресми қызметін тіркеуді оңайлатуға бағытталған. Сол арқылы төрт міндетті төлемді: мемлекеттік кірістер органына төленетін жеке табыс салығын, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналарын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды бір төлеммен жүзеге асыруға болады. Осылайша БЖТ төлеу мүмкіндігіне ие азаматтар барлық төлемдерді оңайлатылған тәртіпте төлеп, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатыса алады.

Бұдан басқа БЖТ төлеуші қазақстандықтар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысып, жинақтарын молайтады және қатысу өтіліне қарай мемлекеттік базалық зейнетақыны жоғары мөлшерде алуға үміт арта алады..

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар:


 

6. Жыл басынан бері фрилансерлер мен жеке кәсіпкерлердің «БЖЗҚ» АҚ-тағы зейнетақы шоттарына 4,2 млрд теңге түсті

 

2019 жылдың қаңтар айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 253,4 мың салымшыдан, яғни жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерден жалпы сомасы 4,2 млрд теңгеге 768,6 мың жарна келіп түсті.  

«Қазақстан республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты, мынадай өзгерістер күшіне енді:

– егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бір тарабы салық агенті, яғни заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар болатын болса, онда олар фрилансерлер үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлейтін агентке айналады. Бұл ретте жарналар жеке тұлғаның алатын табысының 10 пайызы мөлшерінде, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем емес және 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді.

Бұл ретте жарналарды есептеу үшін алынатын ең жоғары жиынтық жылдық табыс республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінің 12 еселенген сомасынан аспауы тиіс.

Егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалса, онда фрилансерлер жарна төлеуге тек құқылы болады. Бірақ міндетті емес. Дегенмен жеке тұлға бұл жарналарды өзінің ұйғаруымен Қордағы жеке шотына аудара алады. Бұл үшін ол жарналарды банктер немесе Қазпошта арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына төлейді. Әрі қарай корпорация жарналарды Қорға аударады. Егер фрилансер өзінің осы құқығын пайдаланса, бұл оның жеке зейнетақы капиталын қалыптастыруына оң әсер ететін болады.

Сонымен қатар еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін азаматтар әрі азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жеке тұлғалардың тапсырысын орындайтын болса, онда олар азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жарна төлеуден босатылады. Бұл жағдайда міндетті зейнетақы жарналарын салық агенті болып табылатын жұмыс беруші ғана төлейді.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар:


 

7. 2019 жылдың қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-та жеке зейнетақы шоттары автоматты түрде ашылады

 

2019 жылдың қаңтар айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының базасында автоматты түрде 9 409 жеке зейнетақы шоты ашылды  

2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналары бойынша шот ашу үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына,  оның ішінде Қордың веб-сайты арқылы да жүгінудің қажеті жоқ. Енді жеке тұлғаның Қорда міндетті зейнетақы жарналары бойынша ашылған шоты жоқ болса, онда алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты автоматты түрде ашылады. Ол туралы Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына тиісті өзгерістер енгізілді.

Бұл ретте жеке тұлға жарналарды аудару барысында төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша танылады. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: 

 


10. Зейнетақы қоры салымшыларының шотындағы инвестициялық табыс күн сайын есептеледі

2018 жылыБірыңғайжинақтаушызейнетақықоры (бұданәріБЖЗҚ, Қор) салымшыларыныңшоттарына 847,1 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары түсті. Бұл 2017 жылдың сәйкес көрсеткіші мен салыстырғанда 92,7 млрд теңгеге, яғни 12 пайызға жоғары. Салымшылар мен алушылардың шоттарына үлестірілген таза инвестициялық табыс 917,1 млрд теңгеге жетті. Ол 2017 жылғы көрсеткішпен (550,5 млрд теңге) салыстырғанда 67 пайызғажоғары. Яғни, 2018 жылы 1 теңгежарнаға 1 теңге инвестициялық табыс есептелді. Бұл Қор құрылғаннан бергі рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды «БЖЗҚ» АҚ баспасөз қызметі.

2018 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы 11,27 пайыз болса, осы кезеңде инфляция деңгейі 5,3 пайызға жеткен. Яғни, бір жыл ішінде зейнетақы активтері бойынша нақты, таза табыстылық – 5,97 пайызды құрады. Салыстырыпқарайтынболсақ, 2017 жылы зейнетақы активтерінің табыстылығы 7,92 пайыз, ал инфляция деңгейі 7,1 пайызболған.

Жалпы зейнетақы активтерінің өсімі шамамен 21 пайыз болды. Зейнетақы активтері жарналардан, төлемдерден және инвестициялық табыстан құралады.

Зейнетақы жинақтарының нақты табыстылығы 2019 жылдың алғашқы айларында да инфляция деңгейінен 6,1 пайыздық тармаққа жоғары болып отыр: соңғы 12 ай ішінде (2018 жылдың ақпаны мен 2019 жылдың қаңтары аралығында) зейнетақы активтерінің табыстылығы 11,3 пайыз болса, осы кезеңде инфляция деңгейі 5,2 пайызды көрсетті.

2019 жылдың алғашқы айында салымшылар мен алушылардың шоттарына үлестірілген таза инвестициялық табыс 15,4 млрд теңгеболды. Бұл өткен жылдың осы кезеңі мен салыстырғанда 5,6 млрд теңгеге (немесе 57%-ға) жоғары. Инвестициялық табыс салымшылар мен алушылардың шоттарына күн сайын есептеледі. Оның көлемі шоттағы жинақақшаның сомасына және оған түсетін жарналардың мөлшері мен шотқа тұрақты аударылуына тәуелді.

Инвестициялық табысты есептеу шартты зейнетақы бірлігінің (ШЗБ) құнына байланысты. Әрбір жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары теңгеде және осы шартты зейнетақы бірлігінде есепке алынады. Зейнетақы шотына түскен әрбір зейнетақы жарнасының сомасын Қордағы шартты зейнетақы бірлігіне бөлу арқылы ШЗБ саны есептеп шығарылады.

Мысалы, Сіздің жеке зейнетақы шотыңызға 10 000 теңге көлемінде зейнетақы жарнасы келіп түстіделік. 2019 жылдың 20 ақпанына қарай ШЗБ құны – 748теңге дейтін болсақ, Сіздің шотыңызға есептелетін ШЗБ саны 13,4 бірлік болады(10 000 теңге/ 748 теңге).

2019 жылдың 21 ақпанындағы жағдай бойынша ШЗБ құны 750 теңге болды делік. Бұл ретте шотқа есептелген инвестициялық табыс ескерілді. Енді осы күнгі ШЗБ санын есептеп шығару керек. Сіздің шотыңызға есептелген ШЗБ саны ШЗБ-ның ағымдағы құны негізінде былайша қайта бағаланады: 13,4 ШЗБ * 750 теңге = 10 050 теңге. Осылайша Сіздің зейнетақы жинақтарыңыз 2019 жылдың 21 ақпанына қарай 10 050 теңге болады. Бұл ретте зейнетақы жинақтары инвестициялық табыстан (50 теңге) және есептелген жарналардан (10 000 теңге) құралады.

Сонымен зейнетақы жинақтары инвестициялық табысты есептеуге байланысты көбейді. Соның арқасында ШЗБ құны 2 теңгеге артты (750 теңге – 748 теңге). Зейнетақы жинақтары мен инвестициялық табыстың мөлшері жарналардың сомасы мен аударылу кезеңіне тәуелді. Сондықтан жарналарды жеке зейнетақы шотына уақытылы және толық көлемде аудару өте маңызды мәселе.


 

11. Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру қызметі көрсетілетін 60 мемлекеттік қызметтің ішінде үздіктердің бірі болып танылды

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырысы бойынша «САНДЖ» зерттеу компаниясының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына жүргізген қоғамдық мониторинг нәтижесінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» қызметі үздік бестіктің қатарына енді.

Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қатысты қоғамдық мониторинг 2018 жылдың тамыз-қазан айлары аралығында өткізілді. Зерттеу барысында Қазақстанның барлық өңірлерінде 10 000 қызмет алушы арасында сауалнамалық сұрау жүргізілді. Бұл ретте көрсетілетін 60 мемлекеттік қызметнегізге алынды.

Мониторинг аясында қызмет алушылар арасында сауалнамалық сұрау жүргізіліп, қызмет көрсетуші мен қызмет алушылардан тиянақты сұхбаттар алынды.Сонымен қатар «Құпия сатып алушы» әдісі бойынша бақылау жүргізіліп, бірқатар фокус-топтық талқылаулар ұйымдастырылды.

Зерттеу жүргізудегі мақсат – қызмет алушылардың көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттанушылық деңгейін бағалау. Бұл ретте ақпараттың қолжетімділігі, қызмет көрсету мерзімінің сақталуы, қызмет көрсету деңгейі (сыпайылық, біліктілік, қызметкерлердің шапшаңдығы), құжаттардың дұрыс рәсімделуі, шарттардың ыңғайлылығы ескерілді. 

Зерттеу қорытындысы бойынша БЖЗҚ салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру қызметіне баға беру барысы ақпараттың сапасы мен қолжетімділігі, жеделдігі мен құзыреттілігі бойынша жоғары нәтижелер көрсетті: сауалнамаға жауап берушілердің 80,4 пайызы қызметтер бойынша ақпараттың ашықтығына және қолжетімділігіне риза. Бұл ретте жауап берушілердің 82,9 пайызының пікірінше ақпараттар ашық және шынайы.Жауап берушілердің 88,3 пайызыныңқызметтердің көрсетілу мерзіміне және 92,1 пайызының құжаттардың жиналу және әзірлеу мерзіміне көңілдері толады.

Сауалнамаға қатысушылардың 79,8 пайызы қызмет көрсетушінің мамандарының біліктілігін жоғары бағаласа, 80,7 пайызы үшін қызметкерлердің сыпайылығы, әдептілігі қанағаттанарлық деңгейде болды. Сонымен қатар қызметкерлерінің шапшаңдығын сауалнамаға жауап берушілердің 81,3 пайызы атап өтсе, 80,4  пайызы қызмет көрсетушіге сенеді.  

Көрсетілетін қызметтерді барынша әділ бағалау үшін «Құпия сатып алушы» әдісі де қолданылды. Ол БЖЗҚ филиалында және Астана қаласында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде жүзеге асырылды. Құпия сатып алушы көрсетілетін қызметтердің сапасын үш өлшем бойынша бағалауы тиіс болды. Олар: 1) ақпаратты сайттан іздеу, 2) ақпаратты стендтен іздеу, 3) байланыс орталығына қоңырау шалу.

Құпия сатып алушы БЖЗҚ-ның https://www.enpf.kzсайтын жоғары бағалады.Ол сайттың интерфейсін,онда байланыс орталығының телефон нөмірібар екендігін, бір бөлімнен екінші бөлімге тез ауысуға болатындығын және ақпараттардың орыс және қазақ тілдерінде қолжетімді екендігін атап өтті. Қордың байланыс орталығы жұмысының сапасына да жоғары балл берілді. Өйткені, Қор маманы байланысқа тез шығып, қойылған сұрақтардың барлығына нақты және толыққанды жауап берген.

БЖЗҚ-ның Астана қаласындағы филиалына барған кезде де қызмет көрсетуші қызметкерлердің жұмысына Құпия сатып алушының көңілі толды.  

«Операция бөлімінің қызметкері менің барлық сұрақтарыма жауап берді және тіпті зейнетақы жарналарының түсуіне қатысты ақпаратты поштама жіберуді ұсынды. Ол сонымен қатар БЖЗҚ ұялы қосымшасының бар екендігін айтып, тіркелуге көмектесті. БЖЗҚ ұялы қосымшасы мен БЖЗҚ сайтындағы Жеке кабинет өте ыңғайлы. Зейнетақы жарналарының түсуін үнемі қадағалап отыруға мүмкіндік бар».

Бұл зерттеудің негізгі нәтижелері тұрғындардың «БЖЗҚ» АҚ қызмет көрсету сапасына көңілдері толатындығын көрсетті. Ал бұл Қорды қызмет көрсету сапасын одан әрі жетілдіруге ынталандыра түседі. 

Мониторинг нәтижесі бойынша толық есепті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сайтынан мына сілтеме бойынша:   https://nationalbank.kz/?docid=3525&switch=kazakh көре аласыз.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: 

 


 

12. Бірыңғайжиынтықтөлемазаматтарға не береді?

Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) режимі формалды емес жұмыспен қамтылғандарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ кәсібін жүргізуге мүмкіндік береді.

Табыс табу мақсатында бейресми кәсібін жүргізіп отырған, жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбай, жеке тұлғаларға қызмет көрсететін немесе олардың жұмысын атқаратын, жеке қосалқы шаруашылықтың өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлеушілер болып танылады.

БЖТ төлеушілер мынадай мүмкіндіктерді иеленеді:

Бірінші: міндетті медициналық сақтандыру аясында барлық медициналық қызмет түрлеріне қол жеткізе алады. Медициналық ұйымды таңдау құқылы болады.

Екінші: Зейнетақы жүйесінде еңбек өтілін жинап, базалық және жинақталған компоненттер есебінен тиісті көлемде зейнетақы алатынболады. Бұл орайда БЖТ төлеушілердің базалық зейнетақы көлемі еңбек өтіліне сәйкес есептеледі.

Үшінші: міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысады және еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан айырылу жағдайларына, жүктілік және босану, жаңа туған нәрестені асырап алу, 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдер алуға құқылы болады.

БЖТ төлеу өз еркімен, қалауымен жүзеге асырылады. Бұл жүйеге қатысу, қатыспау құқығы азаматтың өз шешіміне байланысты болады. Бұл орайда БЖТ төлемегені үшін қандай да бір жауапкершілікке тарту шарасы қарастырылмаған.

БЖТ мөлшері республикалық және облыстық маңызы бар қала тұрғындары  үшін - 1 айлық есептік көрсеткішті (2019 жылы 2 525 теңге), басқа елді мекендердің тұрғындары үшін – айлық есептік көрсеткіштің жартысын  (2019 жылы 1 262,5 теңге) құрайды (тұрғылықты жерінде тіркелуіне сәйкес).

БТЖ төлеуші салықтық органдарына есеп бермейді.

БТЖ үлесімынандай:

- 10% - жеке табыс салығы;

- 20% - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар;

- 30% - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарнасы;

- 40% - Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар.

БЖТ Мемлекеттік корпорацияның есебіне екінші деңгейлі банктер мен Казпошта бөлімшелері және терминалдары, сондай-ақ kaspi.kz мобильдік қосымшасы арқылы төлеуге болады.

БЖТ құрамына кіретін әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік корпорация тиісті әлеуметтік қорларға бөлуді дербес жүзеге асырады.

Төлемдердің мерзімділігі – айына бір рет, бірден тоқсан үшін, алты айға, бір жылға алдын-ала, әркімнің ыңғайына қарай төлеуге болады. Бұл орайда, БЖТ төленетін әр бір айды жеке көрсету қажет.


 

13. 2019 жылы күшіне енген, ҚР зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер

 

2019 жылдың 19 наурызында БЖЗҚ барлық филиалында биылғы жылы тұңғыш рет «Ашық есік күні» шарасы өткізіледі.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жалғастырып келеді. Осы жұмыстар аясында салымшылар мен алушыларға зейнетақы жүйесіне қатысты маңызды сұрақтар бойынша ақпарат беріліп жатыр.

Бұл шараның тақырыбы – зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістер. 

Зейнетақы жүйесін жаңғыртудағы басты мақсат – зейнетақы төлемдерінің тиімділігін арттыру.  

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстар мен қызметтер атқаратын жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеу рәсімін оңайлату мақсатында зейнетақы заңнамасына мынадай өзгерістер енгізілді:

- егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бір тарабы салық агенті болса, жеке тұлғаларға, олардың ішінде фрилансерлерге берілетін табыстан міндетті зейнетақы жарналарын осы салық агенті төлейтін болады;

- егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жеке тұлғамен жасалған болса, міндетті зейнетақы жарналарын төлеу – фрилансердің міндеті емес, құқығы болып табылады;

- егер жеке тұлға жалдамалы жұмысшы болса және азаматтық-құқықтық сипаттағы шартты салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғамен жасаса, онда осы шарт бойынша міндетті зейнетақы жарналарын төлеу оның міндеті болып есептелмейді. Бұл ретте жарналарды есептеу үшін алынатын ең жоғары жиынтық жылдық табыс республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінің 12 еселенген сомасынан аспауы тиіс.

Биылғы жылғы жаңа енгізілімдердің бірі – жеке зейнетақы шоттарының автоматты түрде ашылуы. Яғни, 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналары бойынша шот ашу үшін Қорға жүгінудің қажеті жоқ. Жеке тұлғаның Қорда міндетті зейнетақы жарналары бойынша ашылған шоты жоқ болса, онда алғашқы жарна түскен кезде шот автоматты түрде ашылады.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) іске қосылды. Сол арқылы қатарынан төрт төлемді:

- мемлекеттік кірістер органына төленетін жеке табыс салығын;

- БЖЗҚ-ға төленетін міндетті зейнетақы жарналарын;

- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды;

- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік жарнаны жүзеге асыруға болады.

Зейнетақы заңнамасына басқа қандай өзгерістер енгізілгені туралы Қор мамандары «Ашық есік күні» шарасында толыққанды түсіндіретін болады.

 

Аталмыш шара 2019 жылдың 19 наурызында сағат 10-00, Шымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылы, 45 мекенжайында орналасқан «БЖЗҚ» АҚ Түркістан облыстық филиалында өткізіледі. 


ХАБАРЛАНДЫРУ

 

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады

 

«БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың 19 наурызында Шымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылы, 45 мекенжайында таңғы сағат 10:00-де «2019 жылы күшіне енген, ҚР зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер» тақырыбы бойынша «Ашық есік күні» шарасын өткізеді.

Шараға қатысушылар биылғы жылы күшіне енген, зейнетақы заңнамасындағы барлық өзгерістер туралы толыққанды және маңызды мәліметтерді, сондай-ақ өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша ақыл-кеңес ала алады.         

 

«Ашық есік күні» шарасы аясында мынадай сұрақтар көтеріледі:

-       жеке зейнетақы шоттарын автоматты түрде ашу рәсімі;

-         азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстар мен қызметтер атқаратын жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеу рәсімін оңайлату;

-       Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу;

-       бекітілген кесте бойынша зейнетақы төлемдерін есептеу;

-       зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша өтініш беру.

 

«БЖЗҚ» АҚ салымшылар мен алушыларды және барлық келем деушілерді «Ашық есік күні» шарасына шақырады. 


 

 

 

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 80 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Төлеген Тұртайұлы Телғараев 1973 жылы туылған, ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/