wrapper

Жаңалық

Сайлау мәселелері бойынша заңнамалық құжаттамалар

Сайлау мәселелері бойынша заңнамалық құжаттамалар (3)

Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

 

          «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

         1. Қазығұрт ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

        2. «Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

        1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

         2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы републикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдануын;

        3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қазығұрт аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы                                    С.Батырбаев

 

Аудандық мәслихат

хатшысы                                                           У.Копеев   

 

 


Қазығұрт аудандық мәслихаттың
2019 жылғы 30 сәуірдегі
№ 44/282 шешімімен бекітілген

Қазығұрт ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібі

 

1. Жалпы ережелер

 

            1. Осы Тәртіп «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының (одан әрі – Заң10 бабына сәйкес әзірленіп, Қазығұрт ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттейді.

            2. Заңдарда жиналыстар, митингiлер, шерулер және демонстрациялар деп аталатын қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен қарсылық бiлдiрудiң нысандары ретiнде, сонымен қатар қоғамдық орындарда аштық жариялауды, киiз үйлер, шатырлар, өзге де құрылыстар тұрғызуды және пикет қоюды түсiну керек.

 

2. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің тәртібі

 

            3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы Қазығұрт ауданының әкімдігіне өтiнiш берiледi.

            Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiштердi еңбек ұжымдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегiз жасқа толған уәкiлдерi бередi.

            4. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген датасынан кемiнде он күн бұрын жазбаша нысанда берiледi.

            Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген датасы көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi оның Қазығұрт ауданының әкімдігінде тiркелген күнiнен бастап есептеледi.

            5. Қазығұрт ауданының әкімдігі өтiнiштi қарайды және өтiнiште көрсетiлген шараның өткiзiлетiн уақытынан кемiнде бес күн бұрын уәкiлдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешiм туралы хабарлайды.

            6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткiзу туралы өтiнiш беру кезінде осы тәртіптің 4 тармағының талаптары орындалмаған жағдайда (сөз – процедуралық талаптар жөнінде), ол өткізуден бас тартуға және бас тарту мазмұнында жауап қайтаруға негіз бола алмайды.

            Мұндай жағдайда Қазығұрт ауданының әкімдігі жол берілген кемшілікті жаңа өтініш беру жолымен жоюды ұсына отырып, түсіндіру мазмұнындағы ресми жауап қайтарады. Жаңа өтінішті қарау мерзімі оның тiркелген күнiнен бастап есептеледi.

            7. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрациялар өткізу бойынша белгіленген тәртіппен берілген барлық өтініштерді қарау шеңберінде Қазығұрт ауданының әкімдігімен оларды ұйымдастырушыларға талқылау және көтерілген мәселелерді қарау үшін баламалы алаңшаларды, яғни шараны өткізетін басқа уақыт пен басқа орынды ұсынылуы мүмкін.

            8. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткізуге рұқсат беруден жергілікті атқарушы орган бас тартқан жағдайда немесе оны тыйым салу туралы шешім қабылданғанда, ұйымдастырушылар барлық дайындық шараларын тез арада тоқтатуға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды хабардар етуге міндетті.

            Шешiмге қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен шағым жасауға болады.

            Ұйымдастырушылар өз еркімен дайындық шараларын тоқтату бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда (ұйымдастырушылық іс-әрекеттерінің жалғасқан жағдайларды қоса алғанда) әкімдік қалыптасқан жағдайларды және ықтимал тәуекелдерді есепке ала отырып, өз ресми интернет сайтында рұқсат етілмеген акцияларда қатысу жауапкершілігін ескере отырып, митинг жүргізуге бас тарту туралы, сондай-ақ мүмкіндігінше ұйымдастырушылар тарапынан заңсыз митингтерге және сондай сияқты іс-шараларға шақырулар орналасқан барлық ресурстарда ақпаратты орналастыру тиісті.

            9. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.

            10. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауға мiндеттi.

            11. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:

            1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;

            2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;

            3) Қазығұрт ауданының әкімдігінің рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;

            4) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;

            5) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы азаматтарға, және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;

            6) жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларға алкогольдік немесе есірткілік масаң күйдегі тұлғалардың қатысуына;

            7) алкоголь өнімін, металл, шыны ыдыстағы өнімді, пиротехникалық бұйымдарды және пайдаланылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі не жеке және заңды тұлғаларға материалдық нұқсан келтіруі мүмкін өзге де заттарды алып жүруге;

            8) қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, біреудің ар-намысына тиетін немесе әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектiк-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған, сол сияқты жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын кемсітетін транспаранттарды, ұрандар және басқа да материалдарды (визуалды, аудио/видео) дайындауға және қолдануға;

            9) жиналыс, митингі, шеру, пикет және демонстрация өтетін орында: алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды, олардың балама түрлерін және прекурсорларды қолдануға тыйым салынады.

            10) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына тыйым салынады.

            Уәкiлдер (ұйымдастырушылар) көзделген нормаларды бұзған жағдайда заңда белгiленген тәртiп бойынша жауап бередi.

            12. Мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер, сондай-ақ азаматтар осы Заңмен белгiленген тәртiптi сақтап өткiзiлетiн жиналыстарға, митингiлерге, шерулерге, пикеттерге және демонстрацияларға кедергi жасауға құқылы емес.

            13. Егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса, Қазығұрт ауданының әкімдігі бұларды өткiзуге тыйым салады.

            Бұқаралық шараларды темiр жол су және әуе көлiгiнiң объектiлерiнде, сондай-ақ мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (қалалық қоғамдық көлiк, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында өткiзуге жол берiлмейдi.

            14. Қазығұрт ауданында жиналыстар, митингілер өткізу орны болып Қазығұрт ауылының Орталық саябақ жанындағы алаң (Д.Қонаев көшесі), Қазығұрт ауылының Ә.Сасбұқа көшесінің жанындағы алаң («Болашақ» мөлтек ауданы), Қазығұрт ауылы «Қазығұрт коммуналдық шаруашылығы мемлекеттік көпсалалы кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының (Алтынсарин көшесі) алды, Қазығұрт ауылы дендросаябақтың алаңы («Болашақ» мөлтек ауданы) белгіленсін.

            15. Қазығұрт ауданының әкімдігімен белгіленген жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары видео бақылау камераларымен, сонымен қатар мобильды бейне жазба кешендерімен, орындықтармен, жарықпен және күл–қоқыс салатын жәшіктермен жабдықталады.

            Қазығұрт ауданының әкімдігі бұл аумақтардың жиналуын және тазалығын қамтамасыз ету міндетті.

            16. Қазығұрт ауданында шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты болып Қазығұрт ауылының Ш.Уәлиханов көшесінің А.Яссауи көшесі қиылысы мен Д.Қонаев көшесінің қиылысы, Е.Сасбұқа көшесінің аралығы белгіленсін.

            17. Пикет өткізу кезінде:

            1) пикет өткізілетін объектінің алдында тұруға, отыруға;

            2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;

            3) пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, құлақтандырулар қышқыруға рұқсат етіледі.

            18. Пикетті өзге нысанға (митинг, жиналыс, шеру, демонстрацияға) өзгерту белгіленген тәртіппен Қазығұрт ауданы әкімдігінен рұқсат алу талап етіледі.

            19. Қазығұрт ауданының әкімдігі бір күнде, бір уақытта және бір орында үшеуден аспайтын жеке дара пикетті өткізуге рұқсат беруі мүмкін.

            Түрлі жеке дара пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе бір-біріне айқын көрініп тұруы қажет.

            20. Егер: өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, өткiзу кезiнде осы Заңның 45 және 7-баптарындакөзделген тәртiп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтарында өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар Қазығұрт ауданының әкімдігі өкiлiнiң талап етуi бойынша сөзсiз тоқтатылуға тиiс.

            Қазығұрт ауданының әкімдігі өкiлiнiң талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолданады.

            Жиналыстар, митинг, шерулер, пикет және демонстрациялар кезіндегі күштер жолын кесу немесе әкімшілік істі қозғау туралы мәселесі акция мақсатына байланысты қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке елеулі түрде ықпал етуі мүмкін немесе әсер еткен жағдай болған кезде ғана қойылады, сондай-ақ бір немесе мына жағдайларда:

            1) бұзушылық анық және өрескел болып табылған жағдайда;

            2) әкімшілік жауапкершілікке тарту профилактикалық әсерге әкеліп соғатынына жоғары мүмкіндік болған кезде;

            3) ұйымдастырушы болып табылатын тұлға жоғары тәуекелге алып келеді және де оған әкімшілік қамау қолдануды талап етеді.

            Басқа жағдайларда жиналыстар, митинг, шерулер, пикет және демонстрация кезінде күштер жолын кесуден және жауапкершілікке тартуды барынша бас тарту, жағдайдың мониторингімен шектеліп және түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

 

3. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік

 

            21. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.

            Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу кезiнде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге, мемлекетке келтiрген материалдық залалы үшiн заңдарда белгiленген тәртiп бойынша өтем жасалуға тиiс.

            Жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация өткiзiлетiн жерде қоғамдық тәртiптi сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және радиоландыру жөнiндегi туындаған барлық қосымша шығындарды оларды ұйымдастырушылар өтейдi.

            22. Жиналыстар мен митингiлердi ұйымдастырудың және өткiзудiң Заңмен белгiленген тәртiбi еңбек ұжымдарының және қоғамдық бiрлестiктердiң заңдарға, өздерiнiң жарғылары мен ережелерiне сәйкес жабық үй-жайларда өткiзiлетiн жиналыстарына қолданылмайды.

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 30.04.2019

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 5017 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Аппарат акима Туркестанской области - Главный специалист Жомарт Жумынович Шарахимбаев, 30.04.2019 10:43:01, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Аппарат акима Туркестанской области - Секретарь маслихата Урисбай Бухарович Копеев, 30.04.2019 10:43:42, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

ГУ "Аппарат маслихата Казыгуртского района" - Председатель сессий Саян Сагдуллаевич Батырбаев, 30.04.2019 10:44:41, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Департамент юстиции Туркестанской области - Заместитель руководителя Мейржан Нуржанович Исабеков, 30.04.2019 12:58:15, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Толығырақ

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

       Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

 

 

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

          1. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 1- қосымшасына сәйкес берілсін.

          2. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес белгіленсін.

       3. Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 шілдедегі №344 «Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14-6-141  тіркелген, 2011 жылғы 19 тамыздағы «Қазығұрт тынысы» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

          4. «Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

          1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

          2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

          3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазығұрт ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

          4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

          5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Р.Е.Тұрғынбековке жүктелсін.

          6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

              Аудан әкімі

           Т.Т.Телғараев

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазығұрт аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы

________________Р.И.Бобетов

«26» сәуір 2019 жыл


 

Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2019 жылғы  «26» сәуірдегі
№118 қаулысына 1 – қосымша

 

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде берілетін

 үй-жайлар тізімі

 

р/с

 Ауыл округтерінің атауы

Елді мекен атауы

Шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізімі

1

 

Алтынтөбе

 

Алтынтөбе

Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Ө.Жамалов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесi

2

Жаңабазар

Жаңабазар

Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының

Жаңабазар ауылдық мәдениет үйі

3

Жiгерген

Жiгерген

Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

4

Қазығұрт

Қазығұрт

Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Қ.Сәтпаев атындағы мектеп лицейi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

5

Қақпақ

Қақпақ

Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының

 Қақпақ ауылдық мәдениет үйi

6

Қарабау

Үшбұлақ

Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының

 Үшбұлақ ауылдық клубы

7

Қызылқия

Қызылқия

Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының

 Қызылқия ауылдық мәдениет үйі

8

Қ.Әбдәлиев

Рабат

Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының

 Рабат ауылдық мәдениет үйі

9

С.Рақымов

Көкібел

Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының

 Көкібел ауылдық мәдениет үйі

10

Шанақ

Ақжар

Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының

Ақжар ауылдық клубы

11

Шарапхана

Шарапхана

Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының

Шарапхана ауылдық мәдениет үйі»

12

Шарбұлақ

Шарбұлақ

Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының

 Шарбұлақ ауылдық мәдениет үйі

13

Тұрбат

Тұрбат

Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының

 Тұрбат ауылдық клубы



 


 

 

Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2019 жылғы  «26» сәуірдегі
№118 қаулысына 2 – қосымша

 

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін

 орындар тізбесі

 

қ/с

 Ауыл округтерінің атауы

Елді мекен атауы

Белгіленген орындар

1

Алтынтөбе

Алтынтөбе

Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының

Алтынтөбе ауылдық  клубы аумағы

Қосағаш

Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Қосағаш жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

Қаржан

Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Қаржан жалпы орта білім беретін мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

2

 

Жаңабазар

 

Жаңаталап

Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Әбдікәрім Бектаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

Жеңіс

Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Жеңiс негізгі орта мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

Тілектес

Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының

Тiлектес ауылдық клубы аумағы

3

Жігерген

 

Тесіктөбе

Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Ж.Есiркепов атындағы жалпы орта білім беретін мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы.

Өгем

Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Өгем бастауыш мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

Қызылбұлақ

Қызылбұлақ фельдшерлiк акушерлiк пункттiң аумағы

4

Қазығұрт

 

Қазығұрт

«№11 колледж» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсіпорын аумағы

Қазығұрт

Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық  

  кәсiпорнының аумағы

Қазығұрт

Қазығұрт аудандық орталық аурухана ғимаратының аумағы

5

Қақпақ

Қақпақ

Орталық алаңның аумағы

Заңғар

«Қызылтаң» дәрігерлі амбулаториясының «Көктөбе» медициналық пунктінің аумағы

Сырлысай

«Қызылтаң» дәрігерлі амбулаториясының «Тассай» медициналық пунктінің аумағы

6

Қарабау

 

Сынтас

Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Жамбыл атындағы жалпы орта білім беретін мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

Жұмысшы

Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «А.Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

Қарабау

Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Макаренко атындағы жалпы орта білім беретін мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

Үшбұлақ

Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Қ.Өмiрәлиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

7

Қызылқия

 

Айнатас

Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

Қызылқия

Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының

  Қызылқия ауылдық мәдениет үйi аумағы

Қызылсеңгір

Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Қызылсеңгiр жалпы орта білім беретін мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

Ынталы

Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Ынталы жалпы орта білім беретін мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

8

Қ.Әбдәлиев

 

 

Рабат

Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының

  Рабат ауылдық мәдениет үйi аумағы

Қ.Мәмбетұлы

Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Қазығұрт жалпы орта білім беретін мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесінің аумағы

Рабат

Рабат ауылдық фельдшерлiк акушерлiк пунктiнiң аумағы

Атбұлақ

Ж.Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты»

коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

Еңбекші

Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Еңбекшi жалпы орта білім беретін мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

Қызылдала

Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Қызылдала жалпы орта білім беретін мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

9

С.Рақымов

Көкібел

Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының

Қөкібел ауылдық мәдениет үйi аумағы

Көкібел

Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Көкібел жалпы орта білім беретін мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

10

Тұрбат

Тұрбат

Тұрбат елдi мекенiнiң орталық алаңының аумағы

Еңбек

Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Еңбек жалпы орта білім беретін мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

Өндіріс

Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Жаңатірлік жалпы орта білім беретін мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

11

Шанақ

 

Шанақ

Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

Ақжар

Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының

Ақжар ауылдық клубы аумағы

Ескі Шанақ

Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Т.Тоқтаров атындағы жалпы орта білім беретін мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

12

Шарапхана

 

Жіңішке

Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Д.Қонаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

М.Өтемісұлы

Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «М.Өтемiсұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

Майлыошақ

Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта білім беретін мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

Талдыбұлақ

Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Талдыбұлақ жалпы негiзгi мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

Бақабұлақ

Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Бақабұлақ бастауыш мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

13

Шарбұлақ

 

Шарбұлақ

Шарбұлақ дәрiгерлiк емханасының аумағы

Ақбастау

Ақбастау фельдшерлiк акушерлiк пунктiнiң аумағы





 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 29.04.2019

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 5008 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Аппарат акима Туркестанской области - Руководитель отделения Дархан Нурланович Кулимов, 26.04.2019 08:36:17, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Департамент юстиции Туркестанской области - руководитель Мухит Бекетович Тургараев, 26.04.2019 14:55:37, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Результаты подписания

Аппарат акима Туркестанской области - аким Казыгуртского района Тулеген Туртаевич Телгараев, 26.04.2019 14:57:04, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Толығырақ

Сайлау учаскелерін құру туралы

Сайлау учаскелерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабының 1 тармағына сәйкес сайлаушыларға барынша қолайлылық туғызу мақсатында, жергiлiктi және өзге де жағдаяттар ескеріле отырып Қазығұрт ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қазығұрт ауданының аумағында сайлауды ұйымдастыру және өткiзу үшiн сайлау учаскелерi осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес құрылсын.

2. Қазығұрт ауданы әкімінің 2014 жылғы 12 ақпандағы №3 «Сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2563 нөмірмен тіркелген, 2014 жылғы 28 наурызда «Қазығұрт тынысы» газетінде және 2014 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. «Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазығұрт ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Р.Е.Тұрғынбековке жүктелсін.

5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                             Т.Т.Телғараев

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Түркістан облысының

Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы

____________ Е.С.Сасбұқа

«___» ________ 2018 жыл

 

 


 

Қазығұрт ауданы әкімінің

2018 жылғы «__»________

№__ шешіміне қосымша

 

 

Алтынтөбе ауыл округі

№261 сайлау учаскесі.

Орталығы: «Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты «Алтынтөбе» ауылдық клубы, Ж.Керімқұлов көшесі №18.

Шекарасы: Алтынтөбе, Қарабау елді мекендері.

 

№262 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Қосағаш» жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ә.Сапиев көшесі №126.

Шекарасы: Қосағаш елді мекені.

 

№263 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Қаржан» жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, С.Дүйсебеков көшесі №11.

Шекарасы: А.Қосанбаев, Ө.Тілеубаев, Т.Рахымов, Т.Ныспанбетов, Қ.Мырзабеков, С.Дүйсебеков, Т.Қожамжаров, Қ.Майлиев, Самал, Қ.Кішкентаев көшелері.

 

№264 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Ө.Жамалов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ж.Жұматаев көшесі №7.

Шекарасы: А.Әлдебаев, Ж.Жұматаев, Келес, Ә.Мелдешов, Ә.Дүйсебаев, Е.Елеусізов, И.Шарипов, П.Атамбеков, Қ.Мамбетов көшелері.


№265 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «1-Мамыр» жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Т.Салыбаев көшесі №70.

Шекарасы: Т.Салыбаев, М.Құлекеев, С.Жайлаубаев, П.Байдеуов көшелері, Аққұм, Қырыққыз елді мекендері.

 

Жаңабазар ауыл округі

№266 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Елшібек батыр атындағы мектеп-лицей»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Рахымбай Ханалы көшесі №17.

Шекарасы: Жаңабазар елді мекені.

 

№267 сайлау учаскесі.

Орталығы:  Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Елшібек батыр көшесі №58.

Шекарасы: Үлгілі елді мекені.

 

№268 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Жылыбұлақ» жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Өмірсерік Қалдыбайұлы көшесі №68.

Шекарасы: Жылыбұлақ, Жаңажол елді мекендері.

 

№269 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Қарабастау» жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Расул Төлендиев көшесі №72.

Шекарасы: Қарабастау елді мекені.

 

№270 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Жаңаталап» жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Сансызбай Рсымбетұлы көшесі №111.

Шекарасы: Жаңаталап елді мекені.

 

№271 сайлау учаскесі.

Орталығы:  Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Кенен Әзірбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қожамберді Көшімбетұлы №23.

Шекарасы: 20 лет Каз ССР елді мекені.

 

№272 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Тілектес» жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Зиямет Бостанов көшесі №46.

Шекарасы: Тілектес елді мекені.

 

№273 сайлау учаскесі.

                                                         

 

Орталығы:  Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Жеңіс» негізгі орта мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ұлытау көшесі №5.

Шекарасы: Жеңіс елді мекені.

 

Сабыр Рақымов ауылдық округі

№274 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «С.Рахимов атындағы  жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жетібай батыр көшесі №32.

Шекарасы: Көкібел, Қызылата, Майбұлақ елді мекендері.

 

Жігерген ауыл округі

№275 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Т.Мырзабеков көшесі №11.

Шекарасы: Дихан, Айнатас, Жігерген елді мекендері.

 

№276 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Ж.Есіркепов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қ.Жамашов көшесі №19.

Шекарасы: Тесіктөбе елді мекені.

 

№277 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Өгем» бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы: Өгем елді мекені.

 

№278 сайлау учаскесі

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Бибол Құдайназаров атындағы негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Мошқал баба көшесі №22;

Шекарасы: Қызылбұлақ елді мекені.

         

Қазығұрт ауыл округі

№279 сайлау учаскесі

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Қ.Сатпаев атындағы мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ж.Төлеев көшесі №2.

Шекарасы: М.Әуезов, Ж.Төлеев, Жібек жолы, Қазына, Т.Бигелдинов, Д.Шақабаева, Тәттімбет, Табыс, О.Байжұманов көшелері толығымен, Д.Қонаев көшесі тақ жағынан №1-57 үйлер, жұп жағы №2-50 үйлер аралығы,

                                                         

Ш.Уалиханов көшесінің тақ жағынан №1-45 үйлер аралығы, жұп жағынан №2-46 үйлер аралығы.

 

№280 сайлау учаскесі.

Орталығы: «Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Қонаев көшесі №92.

Шекарасы: Ә.Тоғаев, Н.Мұратов, Абай, Ә.Молдағұлова, А.Жұбанов, Райымбек батыр, А.Фахрутдинов көшелері толығымен, Ш.Уалиханов көшесінің тақ жағынан №47-89 үйлер аралығы, жұп жағынан №48-76 үйлер аралығы, Мамбеталиев көшесі тақ жағы №41 үйден көшенің соңына дейін, жұп жағы № 36 үйден соңына дейін, Д.Қонаев көшесі тақ жағынан №59-111 үйлер аралығы, жұп жағы №52-112 үйлер, Қ.Абдалиев көшесінің тақ жағы №1-35 үйлер аралығы, жұп жағы №2-42 үйлер аралығы.

 

№281 сайлау учаскесі

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Болашақ» мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қ.Абдалиев көшесі №76.

Шекарасы: Н.Ысмайылов, Құрманғазы, Ырыс, Береке, Қ.Есіркепов, Қ.Қабылбеков, Сүйінбай, О.Жандосов, М.Мақатаев, Б.Момышұлы, Е.Бұғыбаев көшелері толығымен, Қ.Жанысбеков көшесі жұп жағы толық, Ш.Уалиханов көшесі тақ жағынан №91 үйден соңына дейін, жұп жағы №78 үйден соңына дейін, Қ.Абдалиев көшесі тақ жағы №37 үйден соңына дейін, жұп жағы №42 үйден соңына дейін.

 

№282 сайлау учаскесі

Орталығы: Қазығұрт аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің «№ 1 балалар – жасөспірімдер спорттық мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Д.Қонаев көшесі №178а.

Шекарасы: Жамбыл, С.Еділов, Еңбекші, С.Рахимов, Ғ.Мұратбаев, М.Мәметова, А.Яссауи, Әл-Фараби, Д.Нұрпейісова, Ю.Гагарин, М Өтемісұлы, Манасов көшелері толығымен, Майлин көшесінің жұп жағы, С.Мұқанов көшесінің тақ жағы, Қ.Жанысбеков көшесінің тақ жағы №1-21 үйлер аралығы, Д.Қонаев көшесінің тақ жағы №113-ші үйден соңына дейін, жұп жағы №114-тен соңына дейінгі үйлер.

 

№283 сайлау учаскесі

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Ащыбұлақ» жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, С.Тілешұлы көшесі №34.

Шекарасы: «Болашақ» мөлтек ауданы, Ә.Сасбұқаев, Т.Байтуров, Бурабай, Жайық, С.Тілешұлы, Т.Атанбекұлы, Д.Қабашбаев, Жастар, Алатау, Мектеп, М.Өмірбайұлы, Тәуке хан көшелері.

 

№284 сайлау учаскесі

Орталығы: Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ынтымақ көшесі №18.

Шекарасы: М.Тұтқабаев, Төле би, Қазыбек би, С.Кемелов, Ынтымақ, Сауран, С.Ерубаев, М.Кенжебаев көшелері, Б.Майлин көшесінің тақ жағы.

 

№285 сайлау учаскесі

Орталығы: Түркістан облысы білім басқармасының «№11 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Д.Қонаев көшесі №2.

Шекарасы:  Қ.Данияров, Сырдария, Балуан шолақ, Темірлан, Арыс, Жеңіс, Наурыз, Түркістан, Қаратау, Б.Байбек, А.Қайымбеков, С.Наримов, Ш.Қалдаяқов, Бейбітшілік, Қ.Көпбаев, Достық, Қожақұл би, Отырар, Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин, Ы.Алтынсарин, Амангелді көшелері толығымен, Мамбеталиев көшесі тақ жағы №1-39-ға дейінгі үйлер аралығы, жұп жағы №2-34-ке дейінгі үйлер аралығы.

 

№286 сайлау учаскесі

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «О.Жандосов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, К.Әзірбаев көшесі №92А.

Шекарасы: Ш.Абуов, М.Балқыбеков, О.Үсіпбеков, Айша бибі, Қаратас, Ж.Өскенбаев, К.Әзірбаев, Қажымұқан, Т.Рысқұлов, Жаңатұрмыс, Қазығұрт, Телемұнара көшелері, Қ.Жанысбеков көшесі тақ жағынан №23 үйден соңына дейін, С.Мұқанов көшесінің жұп жағы.

 

№287 сайлау учаскесі

Орталығы: Аудандық ішкі істер бөлімі, Д.Қонаев көшесі №116.

 

Қақпақ ауыл округі

№288 сайлау учаскесі

Орталығы: Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты Қақпақ ауылдық мәдениет үйі, Қазыбек би көшесі №2.

Шекарасы: Қаракемер, Көктөбе, Таң, Келдібек-Ата, Жастар, Б.Момышұлы, Төле би, Ж.Жабаев, У.Омаров, Заңғар, Қазыбек би, Ынтымақ, Болашақ, Бірлік көшелері толығымен, Қақпақ көшесінің жұп жағы №2-52 үйлер, тақ жағы №1-41 үйлер, Д.Қонаев көшесінің жұп жағы № 2-118 үйлер, тақ жағы №1-117 үйлер, А.Құнанбаев көшесінің тақ жағы №1-45, жұп жағы №2-46 үйлер аралығы.

 

№289 сайлау учаскесі   

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Қақпақ» жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Абай көшесі №70А.

Шекарасы: Қақпақ елді мекенінің Бастау, Мектеп, Достық көшелері толығымен, Қақпақ көшесінің жұп жағы №54-58 үйлер, тақ жағы №43-59 үйлер, Д.Қонаев көшесінің жұп жағы №120-182, тақ жағы №119-183 үйлер, А.Құнанбаев көшесінің жұп жағы №48-106 үйлер, тақ жағы №47-107 үйлер аралығындағы үйлер және Заңғар, Сырлысай елді мекендері толығымен.

 

Қарабау ауыл округі

№290 сайлау учаскесі

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Жамбыл атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Е.Сарыпбеков көшесі №46.

Шекарасы: Сынтас елді мекені.

 

№291 сайлау учаскесі

Орталығы: «А.Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі, М.Құрымбаев көшесі №46.

Шекарасы: Жұмысшы елді мекені.

 

№292 сайлау учаскесі

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «А.С.Макаренко атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Төле би көшесі №30.

Шекарасы: Қарабау елді мекені.

 

№293 сайлау учаскесі

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Қ.Өміралиев               атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Кейкіман батыр көшесі №12.

Шекарасы: Үшбұлақ елді мекені.

 

Қызылқия ауыл округі

№294 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Комсомол» жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жібек жолы көшесі №7 а.

Шекарасы: Айнатас елді мекені, Қызылқия елді мекенінің Дүйсебай Болыс көшесінің тақ жағы №1-55, жұп жағы №2-56 үйлер аралығы, Б.Әшірбаев көшесінің тақ жағы №1-21, жұп жағы №2-22 үйлер аралығы және А.Амалов көшесінің барлығы.

 

№295 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты Қызылқия ауылдық мәдениет үйі, Ұ.Сақұлы көшесі №43.

Шекарасы: Қызылқия елді мекенінің Н.Тоқтамыс, Ұ.Сақұлы, Ғ.Мұратбаев, С.Нүсенов көшелері, Дүйсебай Болыс көшесінің тақ жағы №57 үйден бастап көшенің соңына дейін, жұп жағы №58 үйден бастап көшенің соңына дейін, Б.Әшірбаев көшесінің тақ жағы №23 үйден бастап көшенің соңына дейін, жұп жағы №24 үйден бастап көшенің соңына дейін.

 

№296 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Қызылсеңгір» жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Н.Машақұлы көшесі №20.

Шекарасы: Қызылсеңгір, Тұғыртас елді мекендері.

 

№297 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Ынталы» жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ж.Иманбердиев көшесі №31.

Шекарасы: Ынталы елді мекені.

                                     

Қарақозы Әбдалиев ауылдық округі

№298 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты Рабат ауылдық мәдениет үйі, Жамбыл көшесі №10.

Шекарасы: Жамбыл, Қостай ата, М.Әуезов, Т.Рысқұлов, П.Тәжібаева, Б.Момышұлы, Ақпан батыр, Қ.Байымбетов, Нышанов, Ж.Әбенов, С.Сейфуллин, Тілешов, Д.Қонаев, С.Шаймерден, М.Махатаев, Объедков, Кенесары, Ы.Алтынсарин, С.Рахимов көшелері.

 

№299 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «П.Тәжібаева атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жібек жолы көшесі №27.

Шекарасы: Жібек жолы, Бәйтерек, Болашақ, Ақжол, Қажымұхан,  М.Өзтүрік, Шәкәрім, Абай, Аманкелді, Әшірбай ата, Қ.Әбдәлиев көшелері.

 

№300 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қ.Сатыбалдиев көшесі №90.

Шекарасы: Қ.Мәмбетұлы елді мекені.

 

№301 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Аманкелді» жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Исатай батыр көшесі №31.

Шекарасы: Аманкелді елді мекені.

 

№302 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Атбұлақ» жанында интернаты бар жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ж.Қаппаров көшесі №15.

Шекарасы: Атбұлақ елді мекені.

 

№303 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Еңбекші» жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Бағаналы көшесі №56.

Шекарасы: Еңбекші елді мекені.

 

№304 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Қызылдала жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ж.Молдағалиев көшесі №13.

Шекарасы: Қызылдала елді мекені.

     

Тұрбат ауыл округі

№305 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Еңбек» жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жаңа ғасыр көшесі №33.

Шекарасы: Еңбек елді мекені.

 

№306 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Қызылдихан» жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, А.Хошимбек көшесі №27.

Шекарасы: Қызылдихан елді мекені А.Хошимбек, Бірлік, Ырыс, Нур, Береке, Ынтымақ, Көктөбе, Ақбұлақ көшелері толығымен, Өндіріс елді мекенінен М.Сабиров көшесі толығымен.

                                                              

№307 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Жаңатірлік» жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Мұратов көшесі №7.

Шекарасы: Өндіріс елді мекені А.Тұрсынқұлов, Достық, Ә.Мұратов, Көктем, Н.Байтемиров, С.Кенжегулов, Бастау, Атамекен көшелері толығымен.

 

№308 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Қазанның ХХХ жылдығы» жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Бейбітшілік көшесі №81.

Шекарасы: Тұрбат елді мекені Болашақ, Ш.Байдалиев, А.Байтурсынов, Жұлдыз, Е.Исақұлов, Қаржан, Бостан, Гүлістан көшелері толығымен және Бейбітшілік көшесінің тақ жағы № 1-85, жұп жағы № 2-134 үйлерге дейін.

 

№309 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Бәйтерек» бөбекжай бала бақшасы коммуналдық мемлекеттік мекемесі, П.Бөрібекұлы көшесі №68

Шекарасы: Тұрбат елді мекені Бақыт, И.Қасимов, П.Бөрібек,  Л.Жолдыбаева көшелері толығымен және Бейбітшілік көшесінің тақ жағы №115-195, жұп жағы №154-194 үйлер кіреді.

 

№310 сайлау учаскесі.

Орталығы: Тұрбат шекара заставасы, Көктем көшесі № 28.

 

Шанақ ауыл округі

№311 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Абай атындағы  жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Нұржан Болыс көшесі №20.

Шекарасы: Шанақ елді мекені.

 

№312 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Ақжар» жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қ.Құдайбергенов көшесі №25.

Шекарасы: Ақжар елді мекені.

 

№313 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Т.Тоқтаров атындағы  жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қасымбек би көшесі №25.

Шекарасы: Ескі Шанақ, Ызабұлақ, станция Шанақ елді мекендері.

 

Шарапхана ауыл округі

№314 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ы.Алтынсарин көшесі №22.

Шекарасы: Шарапхана елді мекені.

 

№315 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Д.А.Қонаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Д.Конаев көшесі №2.

Шекарасы: Жіңішке елді мекені.

 

№316 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «М.Өтемісұлы  атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Л.Құрбанов көшесі №19/а.

Шекарасы: Махамбет елді мекені.

 

№317 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Келешек көшесі №9.

Шекарасы: Майлыошақ елді мекені.

 

№318 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Талдыбұлақ» негізгі орта мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Түгейболат көшесі №29.

Шекарасы: Талдыбұлақ елді мекені.

 

№319 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Бақабұлақ» бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Бақабұлақ көшесі №33.

Шекарасы: Бақабұлақ елді мекені.

 

Шарбұлақ ауыл округі

№320 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты Шарбұлақ ауылдық мәдениет үйі, Т.Батырбеков көшесі №21.

Шекарасы: Шарбұлақ елді мекені.

 

№321 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Ақбастау» жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ақбастау көшесі №41.

Шекарасы: Ақбастау елді мекені.

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 06.11.2018

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 4772 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Аппарат акима Туркестанской области - Руководитель отделения Дархан Нурланович Кулимов, 01.11.2018 18:11:53, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

Аппарат акима Туркестанской области - аким Казыгуртского района Тулеген Туртаевич Телгараев, 05.11.2018 17:15:15, положительный результат проверки ЭЦП

 

Толығырақ

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 49 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Төлеген Тұртайұлы Телғараев 1973 жылы туылған, ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/