wrapper

Жаңалық

Қазығұрт ауданы — Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 4,1 мың км². Тұрғыны 100,8 мың адам. Ауданда 61 елді мекен 12 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы - Қазығұрт ауылы.

Табиғаты

Аудан жерінің көп бөлігі теңіз деңгейінен 800-1200 м биікте орналасқан. Шығысында Қаржантау (2000-2800м), Өгем (3000-3600м) биік таулы жоталары, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Қазығұрт жотасы (800-1700м) созылып жатыр. Батысы, солтүстік-батыс бөлігі қырқалы жазық. Жер қойнауынан минералды су, ақ құм, қиыршық тас т.б. құрылыс материалдары барланған. Климаты континеттік, қысы жұмсақ, қысқы қаңтар айының орташа жылдық температурасы 22-25°С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 300-400 мм, тауда 500-700 мм. Аудан жерінен Келес, Өгем, Қаржансай, Мұғалысай, т.б. өзендер ағып өтеді. Таулы өңірі мен өзен бойларында итмұрын, долана, тобылғы, жабайы алма, арша, шырша, т.б. өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, таутеке, қоян, саршұнақ т.б. кездеседі.

Ұлттық құрамы

Халқының құрамы көп ұлтты, көпшілігі қазақтар (94928) одан басқа өзбек (5154 адам), татар (237 адам) т.б. ұлт өкілдері тұрады. Олардың орналасу тығыздығы орташа есеппен 1 км 224,6 адамнан келеді. Көбіне тау бөктерлері, өзен аңғарлары, автомобиль жолдары бойында қоныстанған. Ірі елді мекендері: Қазығұрт, Жаңабазар, Қақпақ, Қаржан, Шарапхана, Рабат, Тұрбат, Қызылқия, Шарбұлақ т.б. Ауыл шаруашылығына жарамды жері 3940 мың гектар, 2935 агроқұрылымы бар.

Тарихы

Қасиетті Қазығұрт тауы атымен аталатын ауданымыз 1928 жылы құрылған. Орталығы Тұрбат, Шарапхана, кейіннен Ленин (қазіргі Қазығұрт) селолары болған.

Қазығұрт және Нұх пайғамбар туралы аңыз

Ауданның мақтанышы - Қазығұрт тауы өзінің аңызға толы кереметімен тек қазақтың ғана емес, шығыс халықтарының, тіпті адамзаттың алтын бесігі деуге тұрарлық. Жер бетін топан су қаптағанда Нұх пайғамбардың кемесін әр елдер өзінің қасиетті тауларына, ал қазақтар Қазығұрт тауында қайырлатады. Қазығұрт туралы аңызда өмірге деген ынтықтық, адамзаттың шыққан түбі бір деп ынтымақ пен бірлікке шақыру басым. Қазығұрт асуынан табылған динозавр сүйегінің өзге де жаратылыстарды зерттеген дүние жүзі ғалымдарының пікіріне сүйенсек, Қазығұрт, Қаратау, Қаржан, Өгем таулары аралығында тіршілік ерте пайда болып, алғашқы адамзат баласы осы маңда тіршілік еткенін мақтанышпен айтуға болады. Асанқайғы бабамыз жырлағандай “Қазығұрт Алланың мейірімі түсіп, шапағатын шашқан тау екен. Нұх пайғамбардың кемесі қалып, бар қасиет бойыңнан табылғандай тау екенсің... Жемісі көп, жері көп, жер төресі мұнда екен, жігіті көп, ері көп, ел төресі мұнда екен”,-деп сүйсінгендей тау. Наурыз біздің нағыз төл мерекеміз. Оған дәлел 1970-ші жылдары Мәскеудегі В.И.Ленин атындағы кітапханадан А.Байтұрсынов емлесімен жазылған «Наурыз» қолжазба жыры. Онда Нұқ пайғамбардың кемесі Қазығұртқа келіп тоқтаған мезгіл дәл күн мен түннің теңескен күні, осы күні үлкен той жасалған, сол ұлы мерекеге адам мен аң құс түгел қатысқан, Нұқ ғ.с. шашу шашқан. Адам да, аң да өз-өзінің өнерін көрсеткен. Сөйтіп, бұл жаңа жылдың басы ретінде мирас болған. Аңыздан қашанда ақиқат туындайды. Ғылыми деректерге сүйенсек осыдан біраз жыл бұрын орыс ғалымдары «Топан су іздері» деген зерттеу жүргізген. Сөйтіп Орта Азия өңірінен де, Қазығұрт маңынан да топан су өткені жайлы деректер тапқан. Сол ұлы оқиғаның болып өткеніне қазірге дейін 12670 жыл толғанын есептеп шығарған. Ең бұлтартпас дәлел Тәжікстанның 3 мың метрлік биік тауының басынан акуланың тасқа айналған сүйегі табылған. Бұдан шығатын қорытынды - Нұх пайғамбар бастаған топан судан аман қалғандардың Қазығұрт тауындағы тойы - Наурыз тойының басы делінеді. Наурыз мерекесі тойланғалы 127 ғасыр өтті деуге ғылыми негіз бар. Наурыз сөзі алғаш Нұх ғ.с. аузынан шыққаны күмәнсіз. Бұл парсылардың төл сөзі болғынымен бізге де етене сөз. Жазушы Сәуірбек Бақбергенов “Басында Қазығұрттың...” атты еңбегінде аңыздағы Майқы би, Қорқыт Ата, Асан Қайғы, Аяз Би және Әбу-Насыр-Әл-Фараби сияқты ел қамын ойлаған, сол үшін бар саналы ғұмырын арнаған ардақты азаматтардың Қазығұртта тұрғанын немесе, ұзақ сапарға шығар алдында киелі тауға келіп, тәу етіп, бас игенін жазады. Тәуке хан мен Абылай хан да, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке билер де Қазығұрттың бал ауасын жұтып, дәмін татып, талай аялдаған. Абылай хан осы тау айналасында соғысқан. Сол кезедгі оқиғаларға байланысты бүгінге дейін Қаралы төбе, Қаралықия, Хан-шейіт атайтын орындар куә. Алыстан қарағанда шөгіп жатқан қос өркешті түйені елестетін Қазығұрт тауының төбесі ойпаң, жазық. Ұзындығы 20, ені 10 шақырымдай, биіктігі теңіз деңгейінен 1768 метр. Онда “Адам Ата шоқысы”, “Пайғамбар тоқтаған”, “Пайғамбардың саусағы”, “Пайғамбар атының су ішкен жері”, “Ғайып ерен, қырық шілтен” сияқты аңыз жетегіндегі орындар бар. Сонымен қатар басқа да аңыздарға сүйенсек, Қазығұрт деген батырдың болғаны және оның сол ауданды құтқару үшін оз жанын жау қолына тапсырғаны туралы екінші аңыз ел аузында қалған.

Ауданның экономикасы

Ауыл шаруашылығына жарамды жері 3940 мың гектар, 2935 агроқұрылымы бар. Қазіргі таңда Қазығұрт ауданында аудан әкімдерінің басқаруымен көптеген жаңа ғимараттардың салынуы бой көтеріп келеді. Әр қиылысқа қойылған бағдаршамдардың да рөл ойнайтыны расталған. Сонымен қоса кез келген аудан тұрғыны қиналмай өз заттарын сатып ала алатын орталық базарың да көлемі жыл өткен сайын үлкейуде.

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 19 guests and one member online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Төлеген Тұртайұлы Телғараев 1973 жылы туылған, ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/