wrapper

Жаңалық

Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ 2018 ЖЫЛДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР БОЙЫНША ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ 2018 ЖЫЛДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР БОЙЫНША ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев 2018 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында қорытынды есеп берді.

Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Қазақ-Түрік Университетінің мәжіліс залында өткен жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, облыстық мәслихат депутаттары мен зиялы қауым өкілдері және көкейдегі сауалдарын қоюға келген облыс тұрғындары қатысты. Мұнан бөлек, әкімнің жылдық есебін 5 мыңнан астам адам селекторлық режимде және әлеуметтік желілерде тікелей эфирде тыңдады.

Баяндамасында Жансейіт Қансейітұлы «Түркістан облысы халқының әл-ауқатын арттыратын экономикалық жүйеміздің даму бағыты қандай болмақ? Әл-ауқатты арттыру тұрғындарға қызмет жасайтын инфрақұрылымды қалай дамытамыз? Өркениет заманында Түркістан облысында адам капиталын заманауи үлгіде қалай қалыптастырамыз?» деген сұрақтар төңірегінде ой қозғады. Өткен жылы тарихи шешім қабылданып, Түркістан облысы құрылғанын, бұл басқосудың облыстың жаңа орталығы – Түркістан қаласында тұңғыш рет өтіп жатқанын атап өтті. Сонымен бірге, Сарыағаш және Мақтаарал аудандарының бөлініп, Келес пен Жетісай аудандарының құрылуы ел әлеуетін көтеру үшін маңызды болғанын жеткізді.

Өңір басшысы Түркістан облысы экономикасының негізгі сүйреуші салалары өнеркәсіп, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және туризм екеніне тоқталып, осы бағытта ауқымды жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді.

Баяндамадан кейінгі жарыссөзге шыққан азаматтар Түркістанда мектептерді көбейту, жас мамандарға пәтер беру, Түркістанның жасыл белдеуін молайту жөніндегі ұсыныстарын айта келе, әкім есебін оң бағалады.

Мәжіліс барысында залдан сұрақ қоюшы азаматтарға да кезек берілді. Тұрғындардың дені коммуналды шаруашылық, транспорт, тұрғын үй алу, жұмыспен қамту, жол салу және өзге де мәселелер төңірегінде сұрақтарын қойды. Әрбір сұрақты мұқият тыңдап, жауап берген Ж.Түймебаев тұрғындардың ұсыныстары мен шағымдары назарға алынатынын айтты.

«Елбасымыздың Түркістан өңіріне деген қолдауын жақсы білесіздер. Қазір ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. «Не шықса да Оңтүстіктен шығады» деген тәмсілге ұқсас сөз бар. Өңіріміздің шынайы өмірімен етене таныс адам ол сөзді облыс халқының еңбекқорлығы мен тапқырлығына деген ризашылықпен, сүйіспеншілікпен айтады. Осы жасампаздық қуатты дұрыс арнаға бұра білсек, Түркістан облысын бірге түлететін боламыз», – деді әкім.

Толығырақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ 2018 ЖЫЛДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР БОЙЫНША ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ 2018 ЖЫЛДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР БОЙЫНША ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев 2018 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында қорытынды есеп берді.

Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Қазақ-Түрік Университетінің мәжіліс залында өткен жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, облыстық мәслихат депутаттары мен зиялы қауым өкілдері және көкейдегі сауалдарын қоюға келген облыс тұрғындары қатысты. Мұнан бөлек, әкімнің жылдық есебін 5 мың адам селекторлық режимде және әлеуметтік желілерде тікелей эфирде тыңдады.

 

Толығырақ

ТҮРКІСТАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА 3 МЫҢНАН АСА ЖАС ТАРТЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА 3 МЫҢНАН АСА ЖАС ТАРТЫЛАДЫ

Елбасы Н.Назарбаев  23 қаңтарда 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялап, жастарға қолдау білдіруді және отбасы институтын күшейтуді тапсырған болатын. Президент жастарды Түркістан қаласының құрылысына тартуды арнайы атады. Бүгінгі таңда «Түркістан жастарының құрылыс жасағы» ұйымын құрылып, 3000-нан астам азаматтың тізімін жасақталды. Ақпанның ішінде мердігер құрылыс компанияларымен меморандумға отырып, наурыздан бастап жастарды құрылыс жұмыстарына жіберіледі. Тұрақты жалақы көлемі 70 мың мен 100 мың теңге арасында болмақ. Оған қоса, «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы 1300-дей жас жұмыспен қамтылады. Бұл туралы өңір басшысы Жансейіт Түймебаев халық алдындағы кезекті жылдық есеп беру жиынында мәлімдеді.

Толығырақ

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 65 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Төлеген Тұртайұлы Телғараев 1973 жылы туылған, ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/