wrapper

Жаңалық

Күндер бойынша сұрыпталған: Дүйсенбi, 01 Сәүір 2019

Түркістан қаласын көгалдандыру мақсатында жыл сайын түрлі ағаш көшеттері егіледі. Өткен  2018  жылдың  күз  айында  қаланың  негізгі  көшелері мен Шәуілдір тасжолының бойына  46 000 түп  ағаш  көшеттері  отырғызылып, қаланы суландыру бағытында 6  жерден  терең  ұңғымалы  скважина  қазылған болатын.

 Өз кезегінде бұл жұмыстар жалғасын тауып биылғы жылы қаланың барлық аумағын қамтып, 100 мың түп ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланып отыр. Бұл көшеттердің денін шөлмен суға төзімді жиде, қара ағаш, емен тайланд және жеміс ағаштарының түрлері құрайды. Жоспарланған ағаш көшеттері тазалық мекемесінің жұмысшылары мен сенбіліктерге атсалысқан қаладағы барлық ұжымдар, үкіметтік ұйымдар мен қала жастарының күшімен егілді.

Сонымен қатар, Түркістанның кіреберіс төрт қапталынан жаппай «Павловния» ағашын (10 мың түп) отырғызу қолға алынды.  Осылайша Түркістанды жасыл желекпен көмкеру қызу жүруде.

Өткен жылдың желтоқсан айында облыс орталығы Түркістанда қызғалдақтың 3 түрінен 300000-нан астам түп отырғызылған еді. Қазіргі  таңда  жапырақ жайып, толық гүлдеген қызғалдақ қаланың көркін аша түскен.

Алқызыл гүлдер қаладағы Алматы алаңына және Б.Саттарханов даңғылы мен Әмір Темір, Тыныштықұлов көшелерінің бойы мен Қожа Ахмет Ясауи мешітінің маңайына отырғызылған.

Сондай-ақ, сәуір-мамыр  айларында қалаға  350 000 түп  сәндік декоративті гүл  түрлерін  отырғызу  жоспарланып отыр.

Қосымша қала тазалығын қамтамасыз ету мақсатында сенбіліктер ұйымдастырылып, қаладағы мекемелердің қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері өз үлестерін қосып, ағаш отырғызуға атсалысуда.

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 96 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Төлеген Тұртайұлы Телғараев 1973 жылы туылған, ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/