wrapper

Жаңалық

Күндер бойынша сұрыпталған: Сенбі, 23 Наурыз 2019
Сенбі, 23 Наурыз 2019 00:00

Ал ағайын құтты болсын!!!

Ал ағайын құтты болсын!!! 

Президент еліміздің бас қаласын НҰР-СҰЛТАН қаласы деп ауыстырып арнайы жарлыққа қол қойды. Елімізді күллі әлемге танытқан Елбасымыздың құрметіне берілген Нұр-Сұлтан қаласы жас қалаға айналды.

"Жас Отан" жастар қанатының төрағасы

Сағи Қыпшақбаев Абайұлы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС САПАРЫН ТҮРКІСТАННАН БАСТАДЫ

 

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына келді. Мемлекет басшысы әуелі Қ.А.Ясауи кесенесіне ат басын бұрып, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейін жаңғырту жоспарымен және «Ұлы Дала елі» орталығы, облыстық әкімдік пен басқармалар ғимараттарының, сондай-ақ, Конгресс холл, Медиа орталықтың құрылыс барысымен танысты.

«Ұлы Дала елі» орталығының жалпы аумағы 1,32 гектар аумақты құрайды. Атырау облысы тарту ететін ғимарат 2020 жылы пайдалануға берілмек. Ал облыстық әкімдік, басқармалар мен департаменттер ғимараттарының құрылысына жауапты әрі орындаушы –  «BI group» компаниясы. Облыстық әкімдік және басқармалар ғимаратының құрылысы биыл аяқталады. Конгресс-холл ғимаратының жалпы аумағы  – 3,1 гектар. «BI group» ЖШС-і аталған нысанды 2020 жылы пайдалануға береді. Сондай-ақ Алматы қаласы салуға тиісті Медиа орталық биыл есігін ашады. Оның жалпы аумағы 1,56 гектар аумақты алып жатыр.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Ел Президентіне осы құрылыс жұмыстарының барысы туралы баяндап берді.

Мемлекет басшысы жуырда ғана тұсауы кесілген облыстық «Жастар ресурстық орталығына» аялдады. Қасым-Жомарт Кемелұлы орталықта «Жастарға қызмет көрсету», «Еріктілер клубы», «Жас сарбаз», «Тілдер мектебі» және «Stem» жобаларымен танысты. Сондай-ақ, «TURKISTAN HUB» коворкинг орталығының резиденттерімен кездесті. Бүгінгі таңда орталық бір уақытта 400-ге жуық жасқа қызмет көрсете алады.

Президенттің Түркістан қаласындағы сапары «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен танысуымен жалғасты. Жалпы аумағы 96 200 шаршы метрді құрайтын 1560 пәтерлік 26 көпқабатты тұрғын үй ағымдағы жылы ел игілігіне тапсырылады.

Сенбі, 23 Наурыз 2019 00:00

Құрметті Түркістандықтар !

Құрметті Түркістандықтар !

ҚР Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысына келгені Қазығұрттықтарды қуантады. Президентіміздің бұл сапары Түркістан қаласының дамуы мен өсіп өркендеуіне серпіліс береді деп есептейміз. Наурыз мерекесі құтты болсын. Өңіріміз өсіп өркендей берсін.

 Қазығұрт, Төлеби аудандарының құрметті азаматы, Қазығұрт аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбай Омаров

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы сапары Түркістаннан басталды

 

ҚР Президенті алғашқы іс-сапарын қасиетті Түркістан қаласынан бастап, нысандардың құрылысымен танысты. Ұлыстың ұлы күнінде руxани аймаққа келіп, зиярат еткен Қасым-Жомарт Тоқаев жиын өткізді. Қожа Аxмет Ясауи атындағы xалықаралық Қазақ-Түрік университетіндегі мәдениет үйінде жиналыс өтті. Мемлекеттік қызметкерлер мен басшылар қатысқан жиынға Тоқаев кіре салып, жайғаспай бірден мінберге шығып, баяндамадан бастады.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзін былайша бастады: «Елбасы маған сенім артып, билікті берді. Қиын-қыстау сәтте мені қолдаған барша xалқыма ризамын. Президент ретінде алғашқы сапарымның Түркістаннан басталғанына, ризамын. Қасиетті аймақ барлығымыз үшін маңызды. Менің талабым жұмысты ең бірінші әділеттіліктен бастауымыз керек. Мемлекеттік қызметкерлердің басты міндеті xалыққа жағдай жасау. Осы мәселелерді қолға алуды тапсырамын. Және тағы бір мәселе дарынды жастарды қолдап, көтеру керек. Менің президент ретінде басты ұстанымым Елбасының саясатын жалғастыру. Сабақтастық. Екінші ұстанымым әділеттіліік. Үшінші ұстанымым ізеттілік. Сөз соңында баршаларыңызға бақыт тілеймін — деді Тоқаев.

Page 1 of 8

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 42 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Төлеген Тұртайұлы Телғараев 1973 жылы туылған, ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/