wrapper

Жаңалық

Күндер бойынша сұрыпталған: Бейсенбi, 21 Наурыз 2019

«Көрік ШҚ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы елорданың Нұр-Сұлтан атанғанын қолдайды

 

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізді басқарған отыз жылдың ішінде әрдайым дұрыс шешімдер қабылдап, ел игілігі үшін маңызды жолдауларын және үндеулерін жолдап келді.  

19 наурыз күнгі Ұлт  Көшбасшысының Президенттік өкілеттігін тоқтату туралы тарихи шешім қабылдауы көрегенділік деп ойлаймыз.

Қазіргі уақытта «Көрік ШҚ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 21 маман тұрақты жұмыс істейді. Олардың әрқайсысы Кеңес одағынан бөлініп шыққан, буыны қатпаған  Қазақстанды бейбіт басқарып келген, жай  бейбіт басқарып қана қоймай елімізді әлем мойындайтындай дәрежеге жеткізіп, қаншама әлемдік дәрежедегі іс-шараларды өткізіп, халқымыздың әл-ауқатының, тұрмыс жағдайын  жақсартқаны баға жетпес елбасы еңбегі деп нық айта алады.  Елімізді 30 жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Әбішұлының ел үшін сіңірген еңбегін әрине айтып тауысу мүмкін емес. 

«Көрік ШҚ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы инфрақұрылым, инновация жағынан дамыған, халықтың өмір сүруіне жағдай жасалған қалалардың бірі Астана атауының "Нұр-Сұлтан" атанғанын  қолдаймыз. Барлық өмірі мен денсаулығын, күш жігерін еліне арнаған Нұрсұлтан Әбішұлына алғыстан басқа айтарымыз жоқ.  Президенттік өкілеттікті тоқтатқанымен, әлі де бойындағы күш-жігерін Қазақстанның болашағының дамуына ат салысып қызмет ете беретіндігіне сенеміз.

 

Бағлан Ақбердиев

Қазығұрт ауданы, «Көрік ШҚ» жауапкершілігі

шектеулі серіктестігінің басшысы

Бүгін Түркістан облысының жұртшылығы Ұлыстың ұлы күнін Түркістан қаласында қарсы алды. Салтанатты жиынға облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы қатысып, өңір тұрғындары мен қонақтарын айтулы мерекемен құттықтады.

«Түркістан облысында Наурыз мерекесі 14 наурыздан басталды. Облысымызда әр күнге әртүрлі ат беріліп, мағыналы әрі мазмұнды іс-шаралар, жалпыхалықтық серуендер өтті. Көшеттер отырғызылып, қаланы көркейту жұмыстары жанданды. Ұлттық киім мен дәстүрлі ән-күйлеріміз насихатталды. Бүгінгі мерекені пайдалана отырып, баршаңызды Түркістанды гүлдендіруге үлес қосуға шақырамын. «Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді» деген мақал бар. Бірлігіміз мықты, еліміз тыныш болса, Түркістанымыздың келешегі жарқын болатыны сөзсіз. Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын», – деді Өмірзақ Естайұлы.

«Есім хан» алаңында өткен мерекелік шарада өңіріміздің танымал өнерпаздары, студенттер мен мектеп оқушыларынан құралған жалпы 2000-ға жуық адам өз өнерлерін көрсетті. Жыл басының басталуын көрсететін театрландырылған қойылым қойылды. Сондай-ақ, этноауылда облыстағы аудан-қалалар киіз үйлер тігіп, ұлттық тағамдардан дастарқан жайып, жұртшылыққа ұсынды. Қонақтар үшін 2000 литр наурыз көже дайындалып, 1,5 тонна палау басылды. Одан бөлек, қолөнершілер жасаған түрлі ұлттық бұйымдардан көрме ұйымдастырылды.

Түркістандықтар Ұлыстың Ұлы күнін атап өтті.

Видео сілтеме.

Ұлыстың күні мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шара «Табиғаттың оянуы» театрландырылған-хореографиялық қойылымымен басталды. Түйемен сахнаға шыққан Қыдыр ата жаңа жылдың басталуымен сүйіншіледі. Сондай-ақ «Көктем вальсі» әні шырқалып,  биі биленді . Ұлттық киімдегі    аттылы жаршылар «Наурыз» келгені  жөнінде хабарлап, шашу шашты. Алаңда үлкен шаңырақ және  6 киіз үй көтерілді.  Тайқазанға наурыз көжеге қосылатын 7 түрлі дәнді-дақыл салынып,   кимешек киген 7 ана  ұлттық сусынның дайындалуын көрсетті. Сонымен қатар Қазақстанда мекендейтін түрлі этнос өкілдері ұлттық киімдерімен алаңда жүріп өтті.

Одан кейін мерекелік шара ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесімен жалғасты. Онда 2000 жәдігер қойылды. Көрме аясында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Созақ ауданынан келген Балауса есімді жас бүлдіршіннің тұсауын кесті.

Этноауылда жалғасын тапқан мерекенің көркі ұлттық ойындармен қыза түсті. Онда 20-ға жуық киіз үй тігіліп, ән мен күйден шашу шашылды.

Түркістандағы Ұлыстың ұлы күні мерекелік гала-концертке ұласатын болады.

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 76 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Төлеген Тұртайұлы Телғараев 1973 жылы туылған, ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/