wrapper

Жаңалық

Күндер бойынша сұрыпталған: Сейсенбi, 19 Наурыз 2019

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тариxи тағдырлы шешім қабылдады! Елбасының есімі Қазақ тариxында алтын әріппен жазылып қалары анық. Одақ ыдыраған елең-алаңда егемен елдің шаңырағын көтерген сәттен бастап ширек ғасырдан астам уақытта бір тынбастан, бел жазбастан еңбек етті. Мемлекет тағдыры сынға түскен сәттің бәрінде нағыз Президентке тән парасаттылықпен қадам жасады. Шекараны мызғымастай шегендеді, бас қаламыз - елорданы бекемдеді. Мұның барлығы Ұлтымыздың ұлы мақсатының бірегейі еді. Түркі әлемінің басын қосуға батыл бет бұрып, қасиетті Түркістанды орталыққа айналдырып, Түркістан облысын құруы да Мәңгілік елдің асыл мұратын жүзеге асыруы болды. 

Енді міне өзі негізін қалап, іргетасын бекіткен Қазақ мемлекетінің Тәуелсіздігін тұғырлы ету үшін көреген қадамға барды. Елбасының бұл шешімі талай жүректерді қозғап, елді толқытып жіберді. Ұлт Көшбасшысы ұлылыққа тән қасиетімен xалқының риясыз құрметіне бөлене беретіні сөзсіз! 

Ендігі мақсат Елбасы аманаттаған ұлы Тәуелсіздікті сақтауға қызмет етуіміз қажет.

Қазығұртта «Науырыз Қазығұрттан басталады» атты Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. Негізгі мерекелік шаралар Батыр бабалар атындағы саябақта ұйымдастырылып, ауданның өнер ұжымдарының қойылымдарымен концерттік бағдарламасы жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

  Саябаққа қарсы бетте тігілген киіз үйлерде жұртшылық ұлттық тағамнан дәм татты. Жиналған барша ауыл тұрғындарын аудан әкімі Төлеген Телғараев құттықтады. Наурыз мейрамы, жылдағы дәстүрге сай жоғарғы деңгейде өтті. Мәдениет бөлімінің қызметкерлері дайындаған сақналық көріністер көрсетіп көрермендар наурыз көжеден ауыз тиді. Спорттық ойындар ұйымдастырылып, балаларға арналып арайы ойын алаңшалары қойылып бүлдіршіндер мәз майрам болса, әжелер салт дәстүр қыз ұзату. бесік салар дәстірлерін көрсетіп жатты. Мерке соңы мәдениет майталмандарының ұйымдастыруымен концерттік бағдарламаға ұласты. 

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өңір ардагерлерімен кездесті. Басқосу ел бірлігі, жастар тәрбиесі, елдің әлеуметтік жағдайын көтеру, Түркістанды түлету мәселелері бойынша өрбіді.

Кездесуде аймақ басшысы елдің рухани дамуы үшін алдыңғы толқын ардагерлердің үлесі мол екендігін айтты. 

«Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалары бойынша облыста нақты жұмыстар атқарылуда. Осы мақалалары арқылы тереңге тамыр тартқан тарихымызды, ұлттық болмысымызды қадірлеу керектігін айтты. Сол ізгі қасиеттердің бірі – қазыналы қарттарды құрметтеу. Ал ақсақалдарымыз ұрпаққа өнегелі әңгімесін айтып, елді бірлікке, ынтымаққа шақыруы тиіс», – деді өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев.

Одан соң облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов ұйымның негізгі мақсатына тоқталды. 

«Ардагерлер ұйымының 168 мүшесі бар. 33 жылдық тарихын ауыз толтырып айтуға болады. Ардагерлер ұйымының мақсаты – ел татулығын ту етіп, ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлу. Ардагерлердің әлеуметтік қамсыздандырылуын жәрдем беру. Сондай-ақ, Сізге Түркістанды түлетуде, Түркістанды көркейтуде қажыр- қайрат тілейміз», – деді ол.  

Кездесуде бірқатар ардагерлер Елбасы мақаласы жайында, өңір ахуалы хақында, сондай-ақ ұйым мүшелеріне қажетті ғимарат, көлік, қолдау жағын сөз етті.

Өз кезегінде облыс әкімі барлық қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.

«Халқымызда «Ынтымақ – бұзылмайтын қорған, Қосылып еккен ағаш – орман» деген мақал бар. Яғни, әр істі келісіп істей білсек, ұрпақтар арасында сабақтастық үзілмесе, еліміз өркендейді. Кезінде Төле, Қазыбек, Әйтеке сынды кемеңгерлеріміз елді ұлы мұрат жолында топтастырып, бәтуалы ойларын айтып, мемлекетке қызмет ете білген. Сіздерге ғимарат, көлік тұрғысынан тиісті қолдау көрсетіледі. Түркістанды түлету жолында біріге еңбек етеміз», – деді Өмірзақ Естайұлы.

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 70 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Төлеген Тұртайұлы Телғараев 1973 жылы туылған, ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/