wrapper

Жаңалық

Күндер бойынша сұрыпталған: Дүйсенбi, 18 Наурыз 2019

Түркістан облысы Сайрам ауданында «Шерзад-1» шаруа қожалығы жұмыс істеп келеді. 2000 жылы негізі қаланған қожалық ірі қара малын өсірумен айналысады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұйымдастырған пресс-тур барысында журналистер аталған шаруашылық нысанында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Бүгінде қожалықтың меншігіндегі мал басы саны 120-дан асып жығылады. Мекеме басшысы шаруашылық ауқымын тағы да кеңейте түсуді жоспарлап отырғанын айтады.

«Мен бұл шаруаны екі сиырмен бастағанмын. Алдымен өсіріп, семіртіп біреуді екеу ету үшін жас танашықтарға ауыстырдым. Малдың басы құрала түскеннен кейін мемлекеттік бағдарламамен кәсіпкерлерді қолдау бағыты бойынша көмек алдым. Бұл да шаруамның ілгерілеуіне үлкен септігін тигізді. Мал басы санын арттыра түскім келеді. Бірақ, техника жеткіліксіз, енді мемлекеттік қолдаудың арқасында осы қажеттілікке қол жеткізіп алуды көздеп отырмын», – деді Шухрад Абдукаримов.

Қазіргі таңда қожалық сүт өндіруді де қолға алған. Күніне 2 тонна сүт өндіріп, «ФудМастерге» өткізіп келеді. Мұнда 80 мен 150 мың теңге аралығындағы жалақымен 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Бүгінде бұл кәсіпкердің атқарып отырған жұмысы көпшілікке үлгі болып отырғанын айтады аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің мамандары. Мәселен, Зәуре Сансызбаева үйінде 5 сиыр байлап бағып отыр. Одан күн сайын 70-80 литр сүт алып, дүкендер мен сүт өңдейтін цехтарға өткізіп келеді. Бүгінде шаруа кәсібінің ауқымын кеңейту мақсатында Төлеби ауданынан жер алып, қора соғып мал басы санын көбейтуді жоспарлап отыр.

Бүгін Түркістан қаласында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Басқосуда облыс орталығын дамыту, өңірдегі көктемгі дала жұмыстарының барысы, сондай-ақ аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері сөз болды.

 

Жиында алғашқы болып баяндама жасаған Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев Түркістан қаласы аумағында жаңадан 10 гүлзар салынатынын жеткізді. Сондай-ақ, шаһарды көгалдандыру мақсатында 30 мыңға жуық түп ағаш көшеттері отырғызылған.

 

Көктемгі дала жұмыстары бойынша мәлімдеген облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 823,3 мың гектарға, яғни өткен жылдан 9,8 мың гектарға артық орналастыру жоспарланып отырғандығын жеткізді.

 

«Күздік егіс 164,5 мың гектарға егілді. Жер айдау жұмыстары 510,8 мың гектарға жоспарланып, 501,2 мың гектар жер айдалды. Жер айдау жұмыстары әлі де жалғасуда. Бүгінгі күнге 67,2 мың гектар жаздық дақылдар егілді. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге тоннасы 193 мың теңгеден 38 мың тонна жанар жағармай бөлініп, операторлар анықталды. Агроқұрылымдарға жеткізіп беруді қоса алғанда литріне 165-167 теңгеден босатылуда. Бұл нарықтық бағадан 22-24 теңгеге арзан», - деді басқарма басшысы.

Ауыл шаруашылғына байланысты облыс әкімі жерді игеру бойынша аудандағы жұмыстарды сынға алды. Әсіресе, Арыс, Бәйдібек, Сарыағаш аудандарында жер игеру төмен деңгейде екенін атап өтіп, аудан басшылары аталған саладағы жұмысты реттемесе қатаң шара көрілетіндігін айтты. Сондай-ақ, субсидияларды уақытылы алу әкімдердің тікелей жауапкершілігі екенін ескертті.

Сонымен қатар, жиында өңірдегі аз қамтамасыз етілген және көпбалалы аналарды әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша баяндама жасаған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев облыста жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылып жатқандығын жеткізді.

«Облыста жалпы 86,6 мың көпбалалы отбасы бар. Бұл республикалық көрсеткіштін 25 пайызын құрайды. Олардың ішінде 16,5 мың отбасы аз қамтылған қатарында. Республикада 571,6 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алса, оның 34,2 пайызы Түркістан облысының тұрғындары. Еліміз бойынша атаулы әлеуметтік көмекке 28 млрд.теңге тағайындалған, оның 15,7 млрд теңгесі (56%) облыстың үлесінде. Сондай-ақ, өңірде өткен жылы 29 627 адам жұмыспен қамту шараларына тартылып, тұрақты жұмыспен 26 508 адам қамтылды. Бұл республика деңгейінде ең жоғарғы көрсеткіш» , - деді Мұхит Отаршиев.

Облыста атаулы әлеуметтік көмекті тиімді пайдалану үшін шартты ақшалай көмектің біржолғы төлеміне басымдық берілуде. Басқарма басшысының айтуынша, өңірде әзірленген 15 кіші бизнес жобаның іске асыру нәтижесінде 26 459 отбасы ірі және уақ мал шаруашылығымен, 4243 отбасы қызмет көрсету саласында кәсібін дамытуда.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың балаларына ай сайын 20 789 теңге кепілдендірілген көмек төлеу бойынша сұратылатын құжаттарды оңтайландыру арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау рәсімі жеңілдетілген. Бұл үшін Е-халық ақпарат жүйесі аудан, қалалардың округтерінде енгізілуде.

Жиынды қорытқан облыс әкімі әлеуметтік көмек рәсімін оңтайландыруға бағытталған Е-халық ақпарат жүйесін енгізу бойынша мерзімінен кешігіп жатқан аудан, қала басшыларына жеделдету қажеттігін тапсырды. Сондай-ақ, облыстағы аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмекті үлестіру жұмыстары заңды, әрі әділетті болу қажеттігін жүктеді.

Бүгін Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына орай Наурыз мерекесі қарсаңында «Ер қанаты – ат» экспозициялық көрмесі ашылды. Көрмеге қорық-музей қорында сақталған VI-VII ғасырға тән үзеңгі, XIX ғасырлық таға мен қаусар және X ғасырдағы ат әбзелдері сынды 30-дан аса көне жәдігер қойылған.

Көрмені «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының орынбасары Мұрат Тастанбеков пен қалалық Ардагерлер кеңесінің мүшесі Әбдікамал Әшімбеков ашып, қазақ тарихындағы ат өнері, қоғамдағы орны жайлы сөз етті.

«Жылқыны көлік еткен ата-бабаларымыз, ең сенімді серік ретінде жоғары қадірлеген. «Ер қанаты – ат» деген халық нақылы да тектен-текке айтылмаған. Мәселен, 1979 жылы Күлтөбеде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде VI-VII ғасырларда көмілген аттың қаңқасы табылды. Жылқы ауыздық мен үзеңгі сынды әбзелдерімен қойылған. Дәл осындай жәдігерлер Ташкент, Самарқан, Алтай өңірлеріндегі бес жерден табылған. Бұл түркілердің жауға да, жолға да сенімді серігін қадір тұтқан қасиетін білдіреді. Табылған үзеңгі тат басқанымен өз қалпын сақтап қалған. Бүгінгі көрмеден тамашалап отырғандарыңыз да сол жәдігер», – деді археолог Марат Тұяқбаев.

Сонымен қатар, көрме экспозициясына қойылған жәдігерлер қатарында, қорық-музейдің реставраторы Еділ Мұташевтың жасаған жылқы макеті де көпшіліктің көңілінен шықты. Көрмені Қырғызстан, Өзбекстан Республикаларынан келген туристер тамашалап, қызығушылықтарын білдірді. «Ер қанаты – ат» жәдігерлер топтамасы бір ай бойы қонақтар назарына ұсынылатын болады.

Түркістан облысы Сайрам ауданынд орналасқан «Расвет» өндірістік кооперативі сүттен ірімшік және сүзбе өнімдерін өндіріп отыр. 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорында 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Аталмыш өндіріс орны Түркия елінің заманауи құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Кәсіпорын тәулігіне 8-10 тонна сүт өңдейді.

Қазіргі таңда өндірістік кооператив «Карл» және «Сұлтан» маркасымен ірімшік шығарады. Аталған өнімдер Астана, Алматы, Шымкент қалаларына және Түркістан облысының аудандарында саудалануда. Мекеме басшысы Жанболат Медетбеков кооператив сүтті өңдеу қуаттылығын 10 тоннадан 50 тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отырғанын айтады. 

«Өндірістік кооперативтің негізгі өнімі ірімшік және сүзбе. Шикізатты біз жергілікті фермерлер мен елден сатып алып, оны сүт таситын көлікпен алып келеміз. Ірімшіктің екі түрін өндіреміз. Атап айтсақ, «Сұлтан» ірімшігі– таңғы асқа арналса, ал «Крал» ірімшігі – пиццаға лайықталған. Бүгінде күніне 10 тонна сүтті өңдеп отырмыз. Алдағы уақытта мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе, 50 тоннаға жеткізуді жоспарлаудамыз», – деді мекеме басшысы.

Бұдан басқа, «Расвет» өндірістік кооперативі мемлекет тарапынан қатты ірімшік түріне субсидияға қол жеткізіпті. Алдағы уақытта «Агро кредит» корпорациясы арқылы өндіріс құрал-жабдықтарын жаңартуды жоспарлап отыр.

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 76 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Төлеген Тұртайұлы Телғараев 1973 жылы туылған, ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/