wrapper

Жаңалық

Күндер бойынша сұрыпталған: Сенбі, 16 Наурыз 2019

Премьер-министр Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығындағы облыс әкімдігі нысандарын, басқармалар мен департаменттердің ғимараттары салынатын алаңдарды тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Осы айда іргетасын қалап, 2020 жылдың сәуір айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Асқар Маминге құрылыс жұмыстарын отандық өндірістің қажетті материалдар көлемімен қамтамасыз ету үшін өңірде фибробетон (еск. – ауқымды ғимараттар құрылысына қолданылатын материал) шығаратын жаңа зауыт салу көзделгені баяндалды.
Бұдан өзге, Асқар Мамин медиа орталықтың, конгресс-холдың, спорт кешенінің құрылыс барысын тексерді. Мұнда ғимараттардың іргетасын қалау жұмыстары басталды. Ұсынылған нысандар жақсы функционалдылығымен, сыйымдылығымен ерекшеленеді және сәулет өнерінің қазіргі стандарттарына сай келеді. Салынып жатқан әкімшілік нысандарды тексеруді аяқтаған соң, Асқар Мамин Президент тапсырмаларын уақытылы орындауға барлық жағдай жасалғанын атап өтіп, құрылыс жұмыстарын күшейтуді және қажет болған жағдайда құрылысшыларды қосымша тартуды тапсырды. Асқар Мамин "Түркістан - жаңа қала" шағын ауданын аралау кезінде "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясындағы тұрғын үй құрылысының басталуымен танысты. Жоба біртіндеп іске асырылады: 2019 жылы 44 үй, 2020 жылы - 52 үй пайдалануға беріледі. Жалпы, 2 977 пәтер "7-20-25" бағдарламасы бойынша, сондай-ақ облыс әкімдігі жоспарлап отырған несиелік тұрғын үйдің жаңа бағдарламасы бойынша қолжетімді болады. Бұл көп балалы отбасылардың баспана мәселесін шешуге ықпал етеді. Премьер-Министр баспана құрылысы көлемдерін кеңейту келешегін зерделеу және қолайлы өмір сүруді қамтамасыз етуге заманауи технологияларды енгізу қажеттігін атады.
Айта кету керек, жалпы өңірде құрылыс жұмыстарының көлемі биылғы қаңтар–ақпан айларында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,3 есеге артқан. Сонымен қатар, премьер-министр әлеуметтік инфрақұрылымның салынып жатқан нысандарын, оның ішінде білім және ғылым саласындағы нысандарды тексерді. Сапар кезінде Оқушылар сарайының, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың құрылыс алаңдары қаралды. Түркі дүниесінің рухани-мәдени орталығы ретінде Түркістан қаласын дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысу мақсатында Асқар Мамин қаланың тарихи-мәдени орталығын аралады. Қожа Ахмет Яссауи мұражайы, "Әзірет Сұлтан" тарихи-мәдени қорығының визит-орталығы, "Ұлы дала елі" орталығы салынып жатқан жерлерде болды. Бұдан өзге, премьер-министрге Түркістан қалашығын абаттандырудың тұжырымдамалық бас жоспары таныстырылды. 

Премьер-Министр жұмыс сапары барысында туристік инфрақұрылымды құру жұмыстарының жоспарларымен танысып, құрылыс жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Түркістанда туризмді дамыту, оның ішінде ішкі туризмді дамыту мақсатында музыкалық субұрқақ, амфитеатр, аттракциондары бар қалалық саябақ салу көзделген.

Тарихи қала - жанданған құрылыс - жаңа Түркістан!

Видео сілтеме

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан қаласында Мемлекет басшысының қаланы дамыту туралы тапсырмасын іске асыру жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында қалада өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету және құрылыс салу, оның ішінде инженерлік инфрақұрылым жүргізу, сондай-ақ экономика және бизнестің, туризмнің өсуінің жаңа бастауы ретінде дамыту перспективалары қаралды.

«Елбасы өзінің тарихи шешімімен Түркістан облысын құрып, Түркістан қаласын жаңа облыс орталығы ғана емес, сонымен бірге бүкіл түркі дүниесінің мәдени-рухани орталығы ретінде де дамытуды тапсырды», — деп А. Мамин, "Мемлекет басшысының стратегиялық шешімінің арқасында бұл аймақтың өркендеуіне қарқынды серпін берілгенін" атап өтті.

Премьер-Министр Түркістанда ауқымды құрылыс жұмыстары басталғанын айтты. Президент тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет тарапынан нақты шаралар қолға алынған. Мәселен, бюджетті нақтылау аясында құрылысқа қатысты барлық ұсыныстар қолдауға ие болып, қажет қаржы толығымен берілетін болды, жобаларды іске асыру арқылы инженерлік-коммуникациялық, көлік инфрақұрылымын жүргізу қамтамасыз етіледі, сондай-ақ құрылыс жұмыстарының қарқынын арттыру мақсатында қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу жұмыстары атқарылып жатыр.

Түркістанда құрылыс жүргізу бойынша Президент тапсырмаларын орындау барысы және қаланы дамыту бойынша бұдан кейінгі жоспарлар туралы Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев баяндады. Мәдениет және спорт вице-министрі Е. Кожағапанов, индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі — Қ. Өскенбаев, энергетика вице-министрі — М. Мырзағалиев, өз кезегінде, тарихи-мәдени орталықты абаттандыру, ЮНЕСКО-мен жоспарланған реконструкция жұмыстарын келісу барысы, көл-көлік инфрақұрылымын және ТКШ нығайту, сумен жабдықтау және су тарту, газбен, жылумен және электр қуатымен жабдықтау жүйелерімен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қ. Есекеев Smart City жобасын дамыту жоспарлары туралы мәлімдеді.

Елбасы тапсырмасына сәйкес еліміздің әрбір өңірі Түркістан қаласында жекелеген инфрақұрылымдық жобаларды әзірлеумен және салумен айналысып жатқанын айта кеткен жөн. Осыған байланысты, Премьер-Министр селекторлық режимде облыс және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерінің атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндамаларын тыңдады. Сондай-ақ, кеңес барысында облысты дамытуға және нысандарды салуға белсенді түрде қатысып жатқан құрылыс компанияларының басшылары сөз сөйледі. Олардың қатарында, Build Investment Group холдингінің президенті А. Рахымбаев, Highvill Kazakhstan бас директоры Канг Джон Дэ, «Базис-А» директоры А. Белович, «Мабетекс групп» президенті А. Паколли, Sembol Construction АҚ техникалық департамент директоры Й. Сельджук болды.

«Мемлекет басшысы Түркістан қаласының дамуына ерекше көңіл бөліп отыр», — деп Премьер-Министр «әрбір нысанға жауапты нақты басшы бекітілгенін, оны орындаудың нақты мерзімі белгіленгенін» атап өтті.

Алға қойылған міндеттерді тиімді шешу бойынша үйлесімді жұмыс атқару керек. Барлық өңірлердің қажетті ресурстары бар.   

«Біз ортақ күш-жігерімізді жұмылдырып, Мемлекет басшысы алға қойған тапсырмаларды іске асыруға бірден кірісуіміз керек», — деп А. Мамин, Түркістанды аса дамыған облыс орталығына және үлкен туристік, мәдени және рухани орталыққа айналдыру қажет екенін айтты.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары аясында салынып жатқан бірқатар нысанды аралады, сондай-ақ облыс орталығындағы жаңа ғимараттар салынатын жерлердің жұмыс жоспарларымен танысты.

Премьер-Министр Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығындағы облыс әкімдігі нысандарын, басқармалар мен департаменттердің ғимараттары салынатын алаңдарды тексерді. Осы айда іргетасын қалап, 2020 жылдың сәуір айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. А. Маминге құрылыс жұмыстарын отандық өндірістің қажетті материалдар көлемімен қамтамасыз ету үшін өңірде фибробетон (еск. – ауқымды ғимараттар құрылысына қолданылатын материал) шығаратын жаңа зауыт салу көзделгені баяндалды.

Бұдан өзге, А. Мамин медиа орталықтың, конгресс-холдың, спорт кешенінің құрылыс барысын тексерді. Мұнда ғимараттардың іргетасын қалау жұмыстары басталды. Ұсынылған нысандар жақсы функционалдылығымен, сыйымдылығымен ерекшеленеді және сәулет өнерінің қазіргі стандарттарына сай келеді.

Салынып жатқан әкімшілік нысандарды тексеруді аяқтаған соң, А. Мамин Президент тапсырмаларын уақытылы орындауға барлық жағдай жасалғанын атап өтіп, құрылыс жұмыстарын күшейтуді және қажет болған жағдайда құрылысшыларды қосымша тартуды тапсырды.

А. Мамин «Түркістан — жаңа қала» шағын ауданын аралау кезінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы тұрғын үй құрылысының басталуымен танысты. Жоба біртіндеп іске асырылады: 2019 жылы 44 үй, 2020 жылы — 52 үй пайдалануға беріледі. Жалпы, 2 977 пәтер «7–20–25» бағдарламасы бойынша, сондай-ақ облыс әкімдігі жоспарлап отырған несиелік тұрғын үйдің жаңа бағдарламасы бойынша қолжетімді болады. Бұл көп балалы отбасылардың баспана мәселесін шешуге ықпал етеді. Премьер-Министр баспана құрылысы көлемдерін кеңейту келешегін зерделеу және қолайлы өмір сүруді қамтамасыз етуге заманауи технологияларды енгізу қажеттігін атады.

Айта кету керек, жалпы өңірде құрылыс жұмыстарының көлемі биылғы қаңтар–ақпан айларында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,3 есеге артқан.

Сонымен қатар, Премьер-Министр әлеуметтік инфрақұрылымның салынып жатқан нысандарын, оның ішінде білім және ғылым саласындағы нысандарды тексерді. Сапар кезінде Оқушылар сарайының, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың құрылыс алаңдары қаралды.

Түркі дүниесінің рухани-мәдени орталығы ретінде Түркістан қаласын дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысу мақсатында А. Мамин қаланың тарихи-мәдени орталығын аралады. Қожа Ахмет Яссауи мұражайы, «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорығының визит-орталығы, «Ұлы дала елі» орталығы салынып жатқан жерлерде болды. Бұдан өзге, Премьер-Министрге Түркістан қалашығын абаттандырудың тұжырымдамалық бас жоспары таныстырылды.  

 

Премьер-Министр жұмыс сапары барысында туристік инфрақұрылымды құру жұмыстарының жоспарларымен танысып, құрылыс жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Түркістанда туризмді дамыту, оның ішінде ішкі туризмді дамыту мақсатында музыкалық субұрқақ, амфитеатр, аттракциондары бар қалалық саябақ салу көзделген.

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 143 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Төлеген Тұртайұлы Телғараев 1973 жылы туылған, ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/