wrapper

Жаңалық

Күндер бойынша сұрыпталған: Сәрсенбi, 13 Наурыз 2019
Сәрсенбi, 13 Наурыз 2019 00:00

КЕЗЕКТЕН ТЫС ПАРТИЯ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

КЕЗЕКТЕН ТЫС ПАРТИЯ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2019 жыл 13 наурыз күні "Нұр Отан" партиясы Қазығұрт аудандық филиалының кезектен тыс XXXIX конференциясы болып өтті. Конференцияға барлық 15 бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар қатысты. Конференцияның күн тәртібінде Елбасымыз, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың, партияның кезекті XVIII Съезінде берген тапсырмалары туралы және «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс ХХXVІІ конференциясына делегаттар сайлау мәселелері қаралды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Саяси кеңес мүшесі, аудандық маслихат хатшысы Көпеев Өрісбай Бұхарұлы баяндама жасады. Баяндама бойынша аудандық ардагелер кеңесінің төрағасы, Саяси кеңес мүшесі Омаров Аманбай Жанұзақұлы, партия ардагері, партияның XVIII Съезінің құрметті делегаты Атымтаев Әбдіәзім Раманқұлұлы, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы, Саяси кеңес мүшесі Қыпшақбаев Сағи Абайұлы жарыссөзге шығып, өзіндік ой-пікірлерін білдірді. «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс ХХXVІІ конференциясына делегаттар сайланып, конференция қаулысы қабылданды. 

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ТУРИСТІК АЙМАҚ БОЙ КӨТЕРЕДІ
Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс барысымен Түркістан қаласын аралады. Әуелі «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы аймағы маңындағы Ортақ елдімекеніне барды. Онда өңір басшысы жаңадан бой көтеретін туристік аймақ жобасымен таныстырды.
«Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы аймағы маңындағы Ортақ елдімекенінен Ясауи кесенесі жақсы көрінеді. Дәл осы аймақтан жаңа туристік аймақ салу қажет. Тұрғын үйлер шығыстық үлгімен салынып, биіктігі 3 қабаттан аспайтын болады. Сондай-ақ, сол қаланы қақ жаратын өзен жүргізіп, айналасына көлшіктер жасау керек. Бұл қаладағы ылғалдылықты арттырады. Туристер үшін арнайы этноауыл да орын тебетін болады. Тиісті басқармаларға құрылысты бастау үшін арнайы зерттеу жүргізіп, құжаттамаларын әзірлеуді тапсырамын. Сонымен қатар, барлық инфрақұрылым мәселелері шешілетін болуы тиіс», – деді Өмірзақ Естайұлы.
Бұдан соң облысы әкімі Түркістан қаласының кіреберіс қақпасына аялдады. Онда алдағы уақытта қаланың шырайын ашатын ғимараттар бой көтеру қажеттігін тапсырды.
«Түркістан қаласының кіреберіс қақпасы көрікті болуы тиіс. Облыс орталығына келген туристер әуелі жаңа қаланы көріп, кейін көне қаламен қауышуы қажет. Сол үшін қаланың қақпа тұсында заманауи ғимараттар бой көтеруі керек», – деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, облыс орталығындағы сапар аясында өңір басшысы қаланы суландыру жүйесімен, жасыл желек жұмыстарымен таныс болып, бірқатар тапсырмалар берді.

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 105 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Төлеген Тұртайұлы Телғараев 1973 жылы туылған, ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/