wrapper

Жаңалық

Күндер бойынша сұрыпталған: Сейсенбi, 12 Наурыз 2019

ТҮРКІСТАН: МАРОККО ШЕГІРТКЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ
Биыл облыста марокко шегірткесіне қарсы химиялық күрес шаралары жалпы 83 мыңнан астам гектарға жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекция басшысы Нұржан Құттыбекұлы мәлімдеді. 
«Облыстық аумақтық инспекция тарапынан марокко шегірткесіне қарсы өңдеу жұмыстарының сапалы жүргізілуін бақылауға және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге аудандар бойынша химиялық өңдеу жүргізуге 15 топ құрылып, 33 инспектор және 17 автокөлік бөлінді. Сонымен қатар, 83 мыңнан астам гектарға химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін 1189,8 мың гектар алқапта анықтау-зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Оған «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Түркістан облыстық филиалынан 90 штаттық мамандар мен анықтаушы және 44 қызметтік автокөлік бөлінді. Аудан әкімдіктері тарапынан қосымша 185 анықтаушылар жұмылдырылып, 47 жұмыс тобы құрылды. Сондай-ақ 28 су тасушы техника және пестицидтерді ерітуге қажетті 73 су көздері дайындалады», – деді Нұржан Кашкенов.
Бүгінгі таңда, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша аса қауіпті зиянды организмдермен күресу үшін ұйымдастыру, үйлестіру жұмыстарын жүргізетін штаб құрылып, үйірлі шегіртке таралған аудандарда жұмыс атқарылып жатыр. 
Айта кетейік, жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыс жоспары жасалып, нақты істер қолға алынған. Осыған байланысты биыл облыс диқандары шегірткеден зардап шекпейді деген сенім бар.

МАЛАЙЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДИПЛОМЫН ТҮРКІСТАНДА АЛУҒА БОЛАДЫ
    Малайзия елінің №1 университеті – Taylor's University Түркістанда білім алатын студенттері үшін арнайы оқу бағдарламаларын жасайтын болады. Сонымен қатар Түркістанда жүріп-ақ аталмыш оқу орнының дипломын алуға мүмкіндік бар.
    Бұл келісім Куала-Лумпурда өткен Халықаралық бизнес-форум аясында Түркістан делегациясының ресми өкілдері мен Taylor's University университетінің басшылығы арасында жасалды. Форум түркістандық делегаттардың Малайзияға жасаған роуд-шоуы барысында өтті. Малайзия университетінің бағдарламасы Түркістан облысында құрылысы биыл басталғалы жатқан Халықаралық туризм және сервистік қызмет колледжі студенттерінің оқу бағдарламасына енгізіледі деген жоспар бар. Онда түркістандық жастар халықаралық деңгейде туризм және сервистік қызмет саласында білім алмақ.
Түркістан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Төлебековтің айтуынша, дуалды оқыту жүйесінде бірден екі диплом алуға болады. «Түркістанда ашылатын Халықаралық колледждің түлектері оқуды тәмамдағанда колледждің дипломын және Taylor's University университетінің дипломын иеленеді. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де жұмыс табуға ерекше мүмкіндік береді», – дейді ол.
    Қазіргі уақытта қос тарап осы әріптестікті тереңталдаудан өткізіп жатыр.
   Айта кететін жай, Халықаралық бизнес-форумға Малайзияның 100-ден астам ірі туроператорлары мен кәсіпкерлері қатысты. Түркістандық делегация оларға Түркістан облысының туристік мүмкіндіктерін таныстырды. Таныстырылымдардан кейін екіжақты В2В форматында кездесулер өтті.
    «Түркістан» ӘКК» АҚ филиалы «Turkistan Invest» сыртқы байланыстар жөніндегі басқарушы директоры Баян Каюпованың айтуынша, келіссөз барысында малазиялық бизнес өкілдер туризм саласына инвестиция салуға қызығушылықтарын танытқан. «Олар Түркістанда қонақүйлер мен хостелдер құрылысын жүргізуге ниет білдіріп отыр. Малайзияның әлемде туризм бағыты бойынша көшбасшы елдер қатарында екендігі белгілі. Сондықтан, біз екіжақты тиімді ынтымақтастықты құру мақсатында барынша қолдау көрсетеміз», – дейді ол.

Ө.ШӨКЕЕВ: «ТҮРКІСТАН ТАЗА ӘРІ ЖАСЫЛ ҚАЛАҒА АЙНАЛУЫ ТИІС»
Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтіп, өңірдегі бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Жиында алғаш болып сөз алған Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев қаланың құрылысы, мемлекет қажеттілігіне қайтарылатын нысандар және инфрақұрылымдық жүйелер, тазалық туралы баяндама жасады. 
«Түркістан қаласының тазалығын қамтамасыз ету мақсатында негізгі 72 көше бюджет қаражаты есебінен тазаланып келсе, биыл тазаланатын көшелер саны 122-ге көбейді. Қала тазалығын қамтамасыз етуге «Түркістан-Жарықтазалық» мекемесінен 164 адам, 36 техника жұмылдырылған. Көлік козғалысы және автокөлік жолдарын реттеу арқылы қала тазалығын қамтамасыз етуге толық мүмкіндігіміз бар. Бұл мақсатта 2019 жылы қаламыздағы 62 шақырым жол инфрақұрылымын дамыту үшін 5 көше күрделі, ал 27 көше орташа жөндеуден өтті. Қала аумағын көгалдандыру мақсатында 2018 жылдың күз айында көше бойларына 46 мың түп ағаш егілді», – деді қала әкімі.
Сондай-ақ, жиында облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Үсіпәлиев Әкімшілік-іскерлік және рухани-мәдени орталықтардағы атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарымен таныстырды.
Баяндамаларды тыңдаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бірқатар тапсырмалар берді.
«Түркістан қаласының дамуын басты назарда ұстағанымыз жөн. Саябақтарды суландыру жүйесін жолға қойып, қаланың айналасын көгалдандыруды қолға алу қажет. Ескі каналды және жер асты суын пайдалану бойынша арнайы зерттеу жасап, бір апта көлемінде нақты ұсыныс беруді тапсырамын. Түркістанның жері жайлы, мұнда кез-келген ағаш жайқалып өседі. Сондықтан да, қаланы көркейту, тазалығын сақтау – біз үшін басты орында. Қала айналасындағы «жасыл белдеуді» ұлғайтып, ағаштардың жаңа түрін егуіміз керек. Салынатын нысандардың барлығы дерлік өзінің ортағасырлық келбетін сақтауы тиіс. Қала көшелерін кеңейтіп, жақсы, жаңа автобустар жүргізу қажет», – деді облыс басшысы.
Одан өзге, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов өңірдегі экономикалық көрсеткіштерге тоқталды.
«2019 жылы облыстың бюджет көлемі 561 млрд. теңгеге жетті. Бюджетте ағымдағы шығындар 473,9 млрд. теңгені, даму бюджеті 87,1 млрд. теңгені құрап отыр. Бюджет шығыстарының басым бөлігі мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемінде орындауға бағытталды. Бюджет көлемінде әлеуметтік салаға бағытталған шығыстар 310,6 млрд. теңгені немесе үлесі 55%-ды құрады. Даму бюджетінде негізгі басымдықтар апатты және үш аусымды, ыңғайластырылған мектептер, тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы, ауыз су, табиғи газ және сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету болып табылады», – деді басқарма басшысы.
Басқарма басшысының баяндамасын тыңдаған облыс әкімі кешенді жоспарды қайта жасауды тапсырып, бюджет жоспарлауға қатысты сын-ескертпелер жасады.
«Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын көздейтін кешенді және бюджеттік жоспарларда Түркістан басымдықта болуы тиіс. Облыс орталығы барлық жағынан өзінің статусына сай дамуы керек. Дегенмен бюджеттің кіріс бөлігін салықтық түсімдер арқылы көбейту мүлде көңіл көншітпейді. Бұл бойынша жеке жұмыс жүргізетін боламыз. Ал жол жөндеуге милллиардтаған ақша бөлінген. Жөнделген жолдың сапасы сын көтермейді. Бюджет қаражатын шашпай үнемдеп тиянақты жұмсауды үйрену керек. Нақты жөнделген жолдардың тізімі жасалсын. Түркістан қаласында медициналық орталықтар аз, оларды көбейту қажет. Бұл мәселелердің барлығын нақты жоспармен шешу қажет», – деді Өмірзақ Естайұлы.

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 109 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Төлеген Тұртайұлы Телғараев 1973 жылы туылған, ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/