wrapper

Жаңалық

Қоғам

Цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша ауқымды акция өтті

 

«Азаматтарға арналған үкіметтің» ОҚО бойынша филиалының қызметкерлері халықты ақпараттандыру акциясы аясында екі қабатты автобусқа мініп, Шымкент қаласының түкпір-түкпірін аралады. Сондағы басты мақсат - тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру, цифрлық заманда электрондық анықтамаларды үйден шықпай-ақ, өз бетінше алуға дағдыландыру. 

«Жалпы, мемлекеттік корпорация арқылы 621 қызмет көрсетіледі, оның ішінде дәл осы «электрондық үкімет» порталы арқылы 452 қызметті алуға болады. Сонымен қатар бір реттік құпиясөз арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің саны 44-ке артып отыр. Мұның бәрі әрине қызмет түрлерін оңтайландыру мақсатында жүзеге асырылып жатыр», - дейді филиал директорының орынбасары Жандос Болат.

Оңтүстік өлке жұртшылығының цифрлық сауаттылығын арттыру аясында былтырдан бері көптеген іс-шаралар өткізіліп келеді. Осы қарқындағы жұмыстар бір сәтке де саябырлаған емес. «Біздің басты мақсатымыз - жыл соңына дейін облыс тұрғындарының цифрлық сауаттылығын 80%-ға арттыру. Осы орайда түрлі мекемелерге, халық көп шоғырланатын орындарға, ЖОО барып оқыту жұмыстарын жүргізудеміз», - дейді филиалдың PR менеджері Алтынай Сапаралиқызы.

Сонымен, кең көлемде ұйымдастырылған іс-шараға қайта оралсақ, әп-сәтте 500-жуық тұрғынға түсіндірме берген мамандар мұнымен тоқтамақ емес. Арнайы ақпараттық парақшалар таратып, барынша түсіндіріп, электрондық үкімет порталын қолдану жолдарын көрсетті.

Толығырақ

Шымкентте «Миграциялық ХҚО» ашылды

Енді оңтүстік мегаполистегі еңбек мигранттары мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарының стандартына сай ала алады. Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҚР ІІМ-мен бірлесіп, Шымкент қаласында миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығын (МХҚО) ашты. 

Ашылу салтанатында Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Ержан Жеңісбеков және ІІМ Миграциялық қызмет комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов болды.

Бұл еліміздегі көші-қон қызметтерін көрсететін екінші орталық, алғашқысы осы жылдың басында Астанада ашылған болатын. 

Айта кету керек, соңғы жылдары еліміздің үшінші мегаполисінде шетелдік жұмысшылардың елеулі ағыны байқалуда. МХҚО-да шетелдік азаматтар мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша бекітілген стандартқа сай ала алады: электрондық кезек, арнайы жабдықталған жұмыс орындары, профильді мамандар және ыңғайлы жұмыс кестесі. Қызмет алушылар 1-2 сағаттың ішінде медициналық тексерістен, дактилоскопиядан өте алады. Сондай-ақ сақтандыру полисін рәсімдеп, жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) ала алады. Бұрын барлығын тапсыру үшін бірнеше күн кететін.

«Бұрын шетелдіктер жұмыс істеуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттарын рәсімдеп, бірнеше күн жүретін. ЖСН алып, салық мәселесін шешіп, сақтандыру анықтамасына қол жеткізу үшін бірнеше мекемені аралаушы еді. Енді шетелдіктер құжаттарды бес күн бойы емес, бір күннің ішінде рәсімдеу мүмкіндігіне ие болды. Бұл мигранттар үшін ғана емес, жұмыс беруші үшін де өте қолайлы», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Ержан Жеңісбеков. 

Жаңа МХҚО жұмыс барысын жеңілдетіп қана қоймай, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын-алуға жол ашады. Жыл басынан бері көші-қон бағыты бойынша 267 287 мемлекеттік қызмет көрсетілген. 

Жаңа фронт-офис Шымкент қаласындағы Нұрсат ықшамауданы, Байтереков көшесі, 89 үй мекенжайында орналасқан. Көлемі 1500 шаршы метрді құрайтын, 100 көлікке арналған автотұрағы бар заманауи ғимарат қызмет алушыларға таңғы сағат 09-дан кешкі сағат 18.30- дейін, түскі үзіліссіз қызмет көрсетеді. 

 

 

Толығырақ

Қазығұрт ауданы Шанақ ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды.

Қазығұрт ауданы Шанақ ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды. Бұл нысан ауылдарындағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және оны болдырмауға септігін тигізбек. Айта кету керек, бекет маусым бойынша емес, жыл оны екі ай бойы қызмет көрсететін болады. Ауданнан 60 шақырым жерде орналасқан шалғайдағы ауылда егістік пен жайлым алқапта орналасқан. Сондықтан да аталмыш елдімекен өрт қаупі жоғары аймақтардың бірі болып саналады.

Толығырақ

Аудан әкімінің өкімімен Құралбаев Бақберген Тәңірбергенұлы аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшы қызметіне тағайындалды.

Аудан әкімінің өкімімен Құралбаев Бақберген Тәңірбергенұлы аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшы қызметіне тағайындалды.

Толығырақ

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 58 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Төлеген Тұртайұлы Телғараев 1973 жылы туылған, ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/