wrapper

Жаңалық

Спорт

«Мәдениет және өнер қызметкерлері күні» мерекесіне орай аудан мектептері және мәдениет қызметкерлері арасында волейболдан аудандық жарыс өткізілді.

Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Мәдениет және өнер қызметкерлері күні» мерекесіне орай аудан мектептері және мәдениет қызметкерлері арасында волейболдан аудандық жарыс өткізілді. 
Жарысқа 8 команда қатысып, І-орынды «Ащыбұлақ» командасы, жүлделі ІІ, ІІІ-орындарды «Колледж» және «Т.Рысқұлов» командалары өзара бөлісіп, бөлім басшысының дипломымен және үздік ойын өрнегін көрсеткен жекелей спортшылар арнайы дипломмен марапатталды.

Толығырақ

23 маусым-мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу қарсаңында мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығын ұлықтау аясында,

23 маусым-мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу қарсаңында мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығын ұлықтау аясында, отбасы құндылықтарын, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мемлекеттік қызметшілердің және олардың жанұясы арасында «Әкем, анам және мен спорттық жанұя» спартакиадасы өтті.
Спартакиадаға 6 команда: «Шарбұлақ», «Барыс», «Болашақ», «Бәйтерек», «Жасұлан», «Нұр» қатысты.
1-орынды «Нұр» командасы(Шанақ ауылы округі әкімі аппаратының бас маман-заңгері Н.Нұрқұловтың жанұясы)
2-орынды «Болашақ» командасы (аудандық білім бөлімінің бас маманы Б.Орынбаевтың жанұясы)
3-орынды «Шарбұлақ» командасы иеленді (Шарбұлақ ауыл округі әкімі аппаратының бас маманы Б.Рыскуловтың жанұясы)

Толығырақ

ЖАСТАР ЕЛ ҚОРҒАНЫ

Мектеп оқушылары арасында 5 күндік далалық оқу-жаттығу жиыны басталды. Бес күндік далалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты - қарулы күштердің мәртебесін арттыру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелей отырып патриоттық рухтарын күшейту. 5 күндік далалық оқу-жаттығу жиынында спорттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылып алғыс хаттармен марапатталды.

Толығырақ

«Жемқорлыққа жол жоқ» атты ұранымен мекемелер арасында кіші футболдан аудандық жарыс өткізілді.

Қазығұрт аудандық орталық спорт алаңында «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Астана қаласының 20 жылдығына орай «Жемқорлыққа жол жоқ» атты ұранымен мекемелер арасында кіші футболдан аудандық жарыс өткізілді. Жарысқа аудан әкімдігінің дербес бөлімдері мен ауыл округі әкімі аппараттарынан құралған 15 команда қатысты. Командалар 3 топқа бөлініп, өзара сайысқа түсті.

Толығырақ

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 77 guests and 2 members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Төлеген Тұртайұлы Телғараев 1973 жылы туылған, ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/