wrapper

Жаңалық

«Рухани жаңғыру» : өнегелілік құндылықтар

Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Үздік оқырман отбасы» атты аудандық сайыс өткізілді.

Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен аудандық мәдениет сарайында Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының және облыстық Ы.Алтынсарин балалар кітапханасының бастамасымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Үздік оқырман отбасы» атты аудандық сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру, ата-аналар мен балаларды қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт-дәстүр туралы білімдерін жаңғырту. Оқырмандарға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, сол туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу. Оқуды жандандыру жөніндегі бағдарламаны дамыту, сауаттылық пен оқу мәдениетін қолдау, рухани мұраны сақтау, балалардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, туған жеріне, еліне деген патриоттық сезімін ояту.

Толығырақ

ОТЫРАРЛЫҚТАР «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ» ЖОБАСЫНА ЕНГЕН ОҢТҮСТІК ОЗАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Отырар аудандық  мәдениет сарайында өткен шарада «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енген оңтүстікқазақстандық ел мақтаныштары арнайы қызыл кілеммен жүріп өтіп,  қылқалам шебері Ә.Мәліктің сурет көрмесін тамашалады.

Отырар ауданы әкімдігі ұйымдастырған  жиынға 600-ге жуық аудан жастары мен тұрғындары қатысып, жылы жүздесуге айрықша ықыластарын білдірді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында атап көрсетілген, жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ» жобасына  Оңтүстік Қазақстан облысынан енген азаматтар ішінде Отырар елін спорт аренасында республика мен қатар  алыс-жақын шет елдерге танытып жүрген, қазіргі таңда самбодан Азия және Еуропа чемпионы Құралбай Орынбасар мен елімізге аты мәшһүр айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков,  қазақтың ұлттық зияткерлік спортының жарық жұлдызы, тоғызқұмалақтан әлемнің 7 дүркін чемпионы Әсел Далиева, жеке кәсіпкер «Қайып ата» ЖШС директоры Ертаев Сырым Махамбетұлы қатысты.

Рухани жаңғыру-тарихымызды тереңнен толғап, болашаққа жарқын із салатын айрықша бағдарлама екенін айтқан аудан әкімі Е.Айтаханов аудан тұрғындары атынан арнайы сый-сияпаттар табыс етті.

«Ел ертеңіне нық қадам, бірегей мақсатқа бағыттайтын тұғыры биік бастама көптеген ілкімді істерге жол ашты. Соның бірі, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы болса, ел таңдауымен құрмет биігіне көтерілген халық ардақтыларының мақсаты мен еңбегі, жеткен жетістігі мен адалдық, абырой биігіндегі қадір-қасиеті әрбір жастың санасында мықтап түйілуі тиіс. Оларды құрмет тұта отырып, ізгі жолынан тәлім-тәрбие ала білуі керек»-деді аудан әкімі.

Тарихтың ізгі беттерінде есімдері жазылған ел ардақтыларымен болған кештің мақсаты -Тәуелсіздік дәуірінде еліміздің көркеюіне үлес қосқан, ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты оңтүстікқазақстандықтарды көпшілікке таныту болып табылады.

Ауданның мәртебелі меймандарына белгілі айтыскер ақын Дәурен Ақсақалов арнау айтып, салиқалы еңбек жолдарын сұлу сөзбен жеткізсе, аудан өнерпаздары дәстүрлі ән, күмбірлеген күй төгілтіп ілтипаттарын білдірді.

Шараға қатысушы тарих тұлғалары өмірі мен еңбек жолдары жайында әңгімелеп, сауалдарға жауап берді. Өз пікірі мен сұрағын жолдаушылар арасында аудан әкімі де бар. Отырардан шыққан жас мамандарды кәсіпкерлікке баулу мен ұстаздық ету, ауданда жаңа кәсіп орнын ашу,  спорт саласын дамытуға қолдау білдіру сынды бірқатар сауалдарын қонақтарға халық ортасында тұрып төтесінен қойған аудан басшысы Ерлан Қуанышұлының бұл қадамы 100 жаңа есім иелерін қайран қалдырды. Қарапайым аудан басшысының киелі аймақты дамытуға бағытталған мақсаттары мен еңбегіне айрықша алғысын білдірген жеке кәсіпкер «Қайып ата» ЖШС директоры Сырым Ертаев жас мамандарды мал шаруашылығына баули отырып, Отырардан жаңа жұмыс орнын ашуға келісімін берсе, өзге де қонақтар қолдау білдіруге ниетті екендіктерін жеткізді.

Жиын қайта жаңғырған «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-музейі мен  «Кейкі батыр» фильмінің түсірілім алаңын  таныстыруға ұласты.

Толығырақ

"Латын әліпбиі - рухани жаңғырудың негізі"

Бүгін,Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет сарайында "Латын әліпбиі - рухани жаңғырудың негізі" атты аудандық конференция өтті. Конференцияға Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ - Түрік университетінің ғалымдары Садықов Сейдулла, Сердәлі Бекжігіт және университеттің магистрі аға оқытушы Әбдісаттар Серікпен қатар Шымкент қалалық тілдерді оқыту орталығының қазақ тілі оқытушысы Туғанбаева Айнаш қатысып баяндама жасады. Конференцияға қатысушылардың ішінен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Омаров Аманбай және аудандық жастар ресурстар орталығының инспекторы Қайрат Ақтөре Мейржанұлы ұсыныс - пікіплерін ортаға салды.

Толығырақ

1 маусым - Балаларды қорғау күнінде- «23 – маусым Мемлекеттік қызметшілер күнін» мерекелеу және мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығын ұлықтау аясында,

1 маусым - Балаларды қорғау күнінде- «23 – маусым Мемлекеттік қызметшілер күнін» мерекелеу және мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығын ұлықтау аясында, аудандағы жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілермен әр ауыл округінен оқуда озат, үлгілі 2 (екі) баладан, барлығы 26 баланы облыс орталығында орналасқан «Шымкент Циркте» қойылымды тамашалау және қаланы саяхаттау ұйымдастырылды.

Толығырақ

We have 66 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Төлеген Тұртайұлы Телғараев 1973 жылы туылған, ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/