wrapper

Жаңалық

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Төле би ауданына жасаған жұмыс сапарында Қасқасу ауылдық округі, Кеңесарық елді мекеніндегі «Есімхан төбе» (Дәуіттөбе қалашығы) тарихи орнына келді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстарды саралаған ол «Есімхан төбеге» көңіл бөлінетінін айтты. 
««Есімхан төбені» насихаттап, ғалымдар мен тарихшылардың көмегімен зерттеу жұмыстарын жүргізген жөн. Ол жұмыстарға қолдау көрсетуге дайынбыз. Өңірімізде тарихи орындар көп. Бірақ, соны дұрыс пайдалана алмай отырмыз. Мысалы, осы жерге келген саяхатшылар ауылдың тұрғындары әзірлеген ұлттық тағамдарды тұтынып, этнографиясымен танысуы тиіс. Осы арқылы туризм дамиды.  Біз тарихи орындарды насихаттап жаңғырту арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейміз», - деген облыс әкімі Жансейіт Түймебаев осы маңнан табылған тарихи жәдігерлермен танысып,  ауыл ақсақалдарымен пікір алмасты. «Есімхан төбе» археологиялық ескерткіш Сайрамсу өзенінің оң жағасында орналасқан. «Дәуіттөбе» қалашығына 2006 жылы Түркістан облысы әкімдігінің «Тарихи мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталығы» МКҚК зерттеу жүргізген. Көне қалашық туралы деректер Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтында сақтаулы. Ғалымдардың болжамы бойынша  «Есімхан төбе» XIV-XVIII ғғ. салынған.
Ж.Түймебаев жұмыс сапарында тау етегінде қазақтың билері туралы 10 сериялы көркем фильмінің түсірілім барысын көрді.  Облыс әкімдігінің қолдауымен «Сақ» киностудиясы қолға алған бұл фильм жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейді. Фильмде Төле би және өзге де би-шешендеріміздің қайраткерлігі көрсетілмек.
Өңір басшысы «Осындай көрікті мекендерде этноауылдарды көбейту керек. Табиғаты керемет жерде жұрт демалып қана қоймай, тарихымен танысады. Жақында араб тарихшыларының бірі жазған деректі оқыдым. Онда түрік әскерлері өте айбынды әрі батыр екені айтылады. Біз өз  тұлғаларымызды, батырларымызды, билерімізді жас ұрпаққа дәріптеуіміз керек. Өз тарихы туралы әсерлі фильмдерді көріп өскен ұрпақ ұлтымен мақтан тұтатын болады. Түсіріліп жатқан фильмде ұлтымызыдың ұлағатты тұлғалары, халқымыздың салт-дәстүрі, батырлығы, шешендік өнері, жауынгерлігі көрсетіледі. Міне, бұл Елбасымыздың «рухани жаңғыру» бағдарламасымен үйлеседі" деп, түсірілім тобының жұмысына сәттілік тіледі. 
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

соңғы жаналықтар Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 49 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Төлеген Тұртайұлы Телғараев 1973 жылы туылған, ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/