wrapper

Жаңалық

Елбасымыз, «Nur Otan» партиясының кезекті XVIII съезінде «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыруға 90 млрд. теңге бөлуді тапсырды. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі тарапынан республика бойынша жалпы 1753 перспективті елді мекеннің тізбесі анықталып, оның ішінде Түркістан облысынан 159 елді мекен еніп отыр. Бұл туралы Түркістан қаласында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХХVIII конференциясында облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді.

 

«Nur Otan» партиясы ұйымдастырған конференцияға Партия төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдасов пен облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев пен мәслихат депутаттары және бастауыш партия ұйымдары мен «Жас Отан» Жастар қанатының мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 

Жиын барысында Партия Төрағасы Н.Назарбаевтың партияның кезекті XVIII Съезінде берген тапсырмаларын – «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобаларын іске асыру барысы мен «Нұр Отан» партиясының кезекті ХІХ Съезіне делегаттарын сайлау туралы мәселелер қаралды.

 

Баяндама барысында облыс әкімнің орынбасары Ербол Садыр Партия съезінде ұсынылған «Бақытты отбасын» жүзеге асыру туралы міндет жүктелгенін айтып. Осы бағытта «Nur Otan» партииясының облыстық филиалалымен бірлесіп, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету шараларын жандандыру керектігін айтты.

 

 «Партия съезінде «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек», «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» жобалар ұсынылған болатын. Бүгінде ол бағытта жұмыстар басталып кетті. Бұл жобаларда елдің әлеуметтік жағдайын көтеру, өңірлерді дамыту, ірі қалалардан бастап, елді мекендерді түлету шаралары қамтылған. 2019 жылы облысымызда жоба аясында іс-шараларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен 3 669,4 млн. теңге бөлініп, облыс бойынша 6 елді мекен: Бәйдібек ауданы Бәйдібек ата елді мекені, Қазығұрт ауданы Қызылқия елді мекені, Отырар ауданы Қоғам елді мекені, Сарыағаш ауданы Береке елді мекені, Келес ауданы Абай және Кентау қаласы Ынтымақ елді мекендерін қаржыландыру жоспарлануда» , – деді Е.Садыр.

Жиында 23 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Nur Otan» партиясының кезекті ХІХ Съезіне қатысушы делегаттар сайланды.

ТАШКЕНТТЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТУРИСТІК АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

 Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан жылына орай, Ташкентте Өзбекстан мен Қазақстанның бірлескен туристік кеңсесі жұмысын бастады. Бұл орталық Түркістан облысы мен Шымкент қалалық туризм басқармасының қолдауымен ашылып отыр.

Кеңседе туристік өнімдер бір ортақ брендпен біріктіріледі. Алдағы уақытта екі елдің туристік операторларының қатысуымен қос аймаққа шетелдік туристерді тарту жұмыстарын жүргізілетін болады.

Бүгінде Ұлы Жібек жолының ежелгі қалалары – Самарқанд, Хиуа, Бұхара, Ташкент, Шымкент, Түркістан және Таразға апаратын «Heritage of Uzbekistan and Kazakhstan» атты алғашқы туристік бағыт әзірленді. Бұл бастама Орталық Азияға арналған шенген визасын алудың баламасы. Сонымен қатар, «Ұлы Жібек Жолының» бірыңғай визасын жоспарлы түрде жүзеге асыру аясында көршілес екі елдің туристік әлеуетін дамытуға жақсы қолдау болмақ.

Айта кетерлігі, туристік ақпараттық орталық Өзбекстанда Қазақстан жылының салтанатты ашылуына орай өткізілген іс-шара аясында іске қосылды.

ТҮРКІСТАНДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЖАҢАРУДА

 Түркістанда қоғамдық бағыттағы көліктер жыл соңына дейін толығымен үлкен автобустарға алмастырылмақ. Қазіргі уақытта 25 млн теңге тұратын «Yutong» маркалы 11 автобус халық игілігіне қызмет көрсетуге дайын. Тіпті су жаңа көліктер №4 «А» және №30 бағыттарға шығарылды. Ертеңгі күннен бастап қалған автобустар №4, №5, №7, №10 №31 бағытында жолаушыларды тасымалдайтын болады.

  «Кестеге сай күнделікті 270 қоғамдық көлік түркістандықтарға қызмет көрсетеді. Сапалы қызмет, тұрғындарға жайлылық сыйлау мақсатында шағын автобустардың орнына Қытай ХР-нан 2018 жылы шығарылған үлкен автобустар сатып алдық. Евро-5 үлгідегі, яғни таза экологиялық автобустардың сиымдылығы 54 орынға лайықталған. Мамыр айында тағы да 10 автобусқа қол жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз», – деді «Жолаушы» ЖШС мекемесінің атқарушы директоры Медетбек Жұмагелдіұлы.

 Жағымды жаңалық елең еткізгенімен «Жолақы бағасы өзгереді ме?» деген сауал туындайтыны анық. Бұл жөнінде қалалық «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ-нің басшысы Байдулла Оразбеков жолақы қымбаттайды деп алаңдауға еш негіз жоқ екендігін айтты.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен жиын өтті. Мақсаты – өңірдегі құқықбұзушылықты азайту, құқық қорғау органдарының жұмысы мен шекарадағы кеден қызметін реттеу. Басқосуға облыс прокуроры, облыс сот төрағасы, облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, аудан әкімдері мен облыстық басқарма басшылары қатысты.
Жиында алғаш болып облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр өңірдегі жер саласындағы бірқатар мәселерге тоқталды. Сондай-ақ, облыстағы құқықбұзушылық жайлы облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Қ.Дәлбеков баяндама жасады. Сонымен қатар, жиында облыс прокуроры Н.Әбдіров пен облыстық сот төрағасы М.Баратбеков бірқатар ұсыныстар жасады.
Басқосуда Өзбекстан шекарасындағы жүк көліктерінің кептелісі де сөз болды. Бұл жайында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев саладағы мәселені жауапты мамандарға дер кезінде шешуді тапсырды.
«Шекарада жүк көліктерінің кептелісі көп, санитариялық жағдай жоқ. Бұрын Ресейден келетін ағаш темір жолмен тасымалданатын. Қазір кеденшілер кептелісті қолдан жасап, темір жолмен келетін тауарды жүк көліктеріне тиеп, елге қолайсыздық тудырып отыр. Мұндай әдейі жасалған қиыншылықтар болмауы керек. Шекара қызметін жандандыру қажет», – деді облыс әкімі.

    Түркістан облысы Жетісай ауданында аяқкиім шығаратын цех ашылды. Жалпы инвестициялық құны – 300 мың АҚШ доллары. Мұнда тәулігіне 6 түрлі 2 000 дана аяқкиім шығарылады. Түркістан облысы әкімінің  баспасөз қызметі ауданға ұйымдастырған пресс-тур барысында БАҚ өкілдері кәсіпорында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
    Жұмыс істеп келе жатқанына 3 ай болған «Ұлықбек» жеке кәсіпкерлігінің иесі Ұлықбек Әбдіраманов цехты ашу ісінде мемлекеттік қолдау тапқан. 
    «Мен бұған дейін шамамен 10 жылдай аяқкиім сатумен айналысып келдім. Сол кезде жеке цех ашып алсам деген ой келді. Бүгінде соның сәті түсіп жаңадан іс бастап отырмыз. Жылдың мезгіліне байланысты аяқкиімнің бірнеше түрін өндіріледі. Өнімге деген сұраныс жоғары. Жергілікті әкімдік және кәсіпкерлік бөліміне ризашылығымды білдіргім келеді. Осы жобаны жүзеге асуына қолдау көрсетіп, қажетті жер бөліп берді», – деді мекеме басшысы.
    Цехта 20 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Қажетті шикізат Қытай, Өзбекстан елдерінен тасымалданады. Дайын өнім еліміздің барлық өңірлеріне жөнелтілуде. Кәсіпкердің ендігі жоспары мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекті пайдаланып, кәсіптің өрісін кеңейту.

    Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданына барды. Алдымен, «Қазығұрт» индустриалды аймағына аялдаған өңір басшысы ондағы кәсіпорындар мен өндірілетін өнім түрлерімен танысты. Шаруа қожалықтарының тындырымды тірлігіне куә болған әкім шаруаларға отандық өнімді қолдануды жүктеді.
    Әкім әуелі сусын өндіретін «Көрік» серіктестігіне ат басын бұрды. Алкогольсіз табиғи шырынды сусындар шығаратын кәсіпорын 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. Қазіргі таңда кәсіпорын тәулігіне 8 тонна сусын өңдейді. Кәсіпорында 21 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Видео сілтеме

    Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Жиында жер қойнауын заңсыз пайдалануды тоқтату және келісімшарт бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы сөз болды.
    Жиында жер қойнауын пайдалануға арналған келісім шарттар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы және жер қойнауын заңсыз пайдалануды тоқтату туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының міндетін атқарушы Г.Саметова баяндама жасады.
    «Облыс аумағында бүгінгі таңда жалпы саны 190 жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар тіркелген. Оның ішінде, қатты пайдалы қазбалар бойынша – 38, жерасты сулары бойынша – 28, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша – 124 келісімшарттың 10-ы барлауға және 112-сі өндіруге берілген. Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша, тасшағал, кұм, топырақ, гипс, ас тұзы әк-тас секілді пайдалы қазбалары өндіріледі. 2018 жылы келісімшарт міндеттемелерін орындамаған – 69, ағымдағы жылдың І-тоқсанында 29 жер қойнауын пайдаланушыға ескерту хаттары жолданып, 15 жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттарының күші біржақтама жойылды. Күрделі мәселенің бірі – өзен арналарында, ауыл шаруашылығы жерлерінде пайдалы қазбаларды заңсыз пайдалану деректерінің орын алуы. Прокуратура органдарымен бірлесіп, кең таралған пайдалы қазбаларды өз бетінше пайдалануды тоқтату үшін облыс әкімдігі және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен өңірлік іс-шара жоспары әзірленді», – деді Г. Саметова.
    Басқарма басшысының баяндамасын тыңдаған облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттарын түгел қайта тексеріп, облыстық комиссия құруды тапсырды. Сондай-ақ, шарт негізін бұзған кез келген жер қойнауын пайдаланушымен келісім бүзылатынын айтты.

    Биыл облыс орталығы Түркістан қаласында жол инфрақұрылымын дамыту  мақсатында 93,89 шақырым құрайтын 5 көшеге (19,1 шақырым) күрделі жөндеу жүргізіледі. Ал, 67 көшеге (74,79 шақырым) орташа жөндеу  және абаттандыру жұмыстары жүретін болады. Қазіргі таңда 3 көшенің (Б.Саттарханов даңғылы, Шекті-Тілеу – Жібек жолы, Майкөтев көшелері)  күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

    Жалпы қала көшелерін жөндеу мен абаттандыру жұмыстары бойынша оң жақ бұрылыстар, бағдаршамдар, жол белгілері, аялдамалар мен аяқжолдар және жарықтандыру жүйесі жаңартылады.

    Абаттандыру шаралары бойынша негізгі жұмыстардың бірі –  Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларындағы абаттандыру тәжірибелеріне сүйене отырып Тәуке хан даңғылы, С.Қожанов көшесі бойындағы ХҚТУ және Медициналық колледж сияқты оқу орындарының және тағы басқа да нысандардың жол бойы мен ғимараттары аралығында «Кең көріністі кеңістік» қалыптастырылады. Яғни, темір шарбақ қоршаулар мен жапсарлас салынған уақытша құрылыстарды бұзып, жаяу жүргіншілер жолдарын кеңейту мен жасыл желектерді абаттандыру арқылы сауда үйлерінің қас беттерін біркелкі сәулеттік үлгіге келтіру. Сондай-ақ,  жол бойынан веложол қарастырып, жарық бағаналары орнатылатын болады.

    Түркістан облысы Жетісай ауданының шаруалары биылғы алғашқы өнімін ала бастады. Қазіргі таңда Атамекен ауыл округінде қаңтар айында егілген қырыққабат жиналып, Ресейге экспортталуда. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұйымдастырған пресс-тур кезінде БАҚ өкілдері алғашқы егістік алқапта болып, шаруалардың жай-күйімен танысты.

    Жетісайлық диқандар биылғы шаруашылық жұмыстардың нәтижесі  табысты басталғанын айтуда.

    «Біз қырыққабатты қаңтар айының 10 күні ектік. Жабындыны доға етіп жаптық. Арнайы дәрумендерін бердік. Қазір 40 адамнан астам адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Қырыққабаттың  келісі 210 теңгге бағалануда. Бұл жетісайлықтар  үшін рекордтық баға. 3 гектар жерге 80 мың түп Кевин және Фараон көшеттерін отырғыздық. Алғашқы терімде-ақ 20 тонна өнімді Ресей мемлекетіне жөнелтіп отырмыз», – деді     «Ықылас» шаруа қожалығы төрағасы Араб Рәтов.

    Биыл ауданда көктемгі дала жұмыстары қарқынды. Қазірдің өзінде 40 мың гектар жер тырмаланып, 25 мыңнан астам гектар жер қопсытылды.  Биыл аудан бойынша 45 мың гектарға мақта шитін себу көзделген. Мамандар биыл жанар-жағармай мен тыңайтқыштардан тапшылық болмайтынын айтуда.

    Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданына барды. Алдымен «Қазығұрт» индустриалды аймағына аялдаған  өңір басшысы ондағы кәсіпорындар мен өндірілетін өнім түрлерімен танысты. Әуелі аймақта орналасқан сусын өндіретін Көрік ЖШС-на барды. Алкогольсіз табиғи шырынды сусындар шығаратын кәсіпорын 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. Қазіргі таңда кәсіпорын тәулігіне 8 тонна  сусын өңдейді. Онда 21 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 

    Одан кейін Өмірзақ Шөкеев Шарапхана ауыл округінде орналасқан «Қазығұрт Нұры» ЖШС-нің жылыжайында болды. Жалпы аймағы 2,9 гектарды құрайтын қызанақ пен қияр өсіретін шаруашылықты аралады. 2001 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан серіктестіктің төрағасы Аманжол Әшірбаевтың айтуынша, жылыжайдан өткен жылы жалпы 340 тонна өнім алынған. Алдағы уақытта өнім көлемін ұлғайту жоспарлануда. Жылыжайда 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, маусым кезінде олардың саны 30-35 адамға дейін жетеді. Айлық жалақылары 55-70 мың теңге көлемінде. Шаруашылық жұмысымен танысқан өңір басшысы шаруаларға жылыжай кешеніне қажетті жабдықтарды отандық өндірушілерден алу қажеттігін айтты.

    Сондай-ақ, облыс әкімі Қазығұрт ауданына сапары аясында 70 гектар жерге  қарқынды бау шаруашылығын дамытып отырған «Бірлік» АӨК өндірістік кооперативінің жұмысын аралап көрді. Онда қазір алманың «Голден», «Делишес», «Ред Делишес», «Гала Фуджи», «Грени», «Смит» сынды түрлері өседі. Аймақ басшысы алма бау көлемін ұлғайту мақсатында қожалық иесіне Түркістан қаласынан жер телімі берілетінін айтты. Сондай-ақ, қарқынды бау көлемін көбейтуде аудан басшылығына кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдау мен жер мәселелерін дер кезінде шешу қажеттігін тапсырды.

    Бұдан басқа, «Қайып ата» ЖШС қожалығының жұмыс барысымен танысқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев шетелге ет өнімін экспорттау үшін қожалықты арнайы реестр тізіміне қосып, қолдау көрсетілетінін жеткізді. «Қайып ата» ЖШС-нің мал бордақылау кешені Қазығұрт ауданындағы Жаңабазар ауылында орналасқан. Кешенде бүгінде 5 мыңға жуық ірі қара бордақылануда. Кешенде өсірілетін төрт түліктің еті экологиялық жағынан таза әрі сапалы болғандықтан сұраныс өте жоғары. Сондықтан серіктестік ет өндіріп қана қоймай, оны шет елдерге экспорттау жұмысын да қолға алған.

Page 1 of 34

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 113 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Төлеген Тұртайұлы Телғараев 1973 жылы туылған, ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/