Блогы
  • Тіркелу

Сіздермен Қазығұрт ауданы әкімдігінің веб-сайтында қауышқаныма қуаныштымын! Қадым заманалар қойнауынан қазына болып, тарих тереңінен жеткен, Ұлы Жібек жолы мен киелі Қазығұрт тауы  Қазақстан бөлігіндегі жәдігерлері,   бүгінгі жай-күйі көпшілікке белгілі! Осы бір тарихтың көзіндей, бабалардың сөзіндей сақталып келген көнеде өмір сүрген ғұлама бабамыз  Смайыл ата, Ақбура деген құнды еңбегінің жарық көруі де бұл өңірдің қаншалықты киелі жер екенін айшықтай түседі. Қазақстанның бүгінгі әлеуметтік-қоғамдық өсу көшіне ілесіп отырған өзіндік орны бар мекен. Бүгінде облыс аумағында тарихи мазмұны терең сырлы Қазығұрт ауданы демографиялық өсімі үлкен, көпұлтты, аграрлы өңір ретінде көпшілікке мәлім. Ауданымызда ішкі мүмкіндіктерді барынша іске қосып, ауданның өзін-өзі қамтамасыз ету мәселесі төңірегінде бірқатар оңтайлы істер қолға алынуда.  Қазығұрт ауданында жыл сайын инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы бюджеті толығып, ауыл шаруашылығы саласы, қарқынды құрылыс жұмыстары, шағын және орта кәсіпкерлік, сондай-ақ көріктендіру және әлеуметтік салаларда көптеген ілгерушіліктер жетерлік.  Қазығұрттың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен сан-саладағы тындырымды тірліктерін, тарихи-мәдени саласындағы соңғы жаңалықтарымен, сәулетті әрі көрікті орындар жайында веб-сайтымыздан толыққанды таныса аласыздар.  Сонымен қатар, ақпараттық заманда көкейіңізде толғандыратын кейбір мәселелер немесе жеке талап-өтініштеріңіз бен тілек-пікірлеріңізді жеткізуге, өз тарапыңыздан білдірген сауалдарыңыз бойынша тиянақты жауаптарды алуға мүмкіндіктеріңіз бар.

Басты бет

Аудан

Билік

Мемлекеттік қызмет көрсету

Экономика

Сатып алулар

Қоғам

Жаңалықтар